Toggle Dropdown
1
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 4-П бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының м.а. 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 6-Ө бұйрығы
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 955 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 4-ө бұйрығына (2016 жылғы 13 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Жауапты хатшының міндетін атқарушы М. Хайруллин
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігінің
Жауапты хатшысының
міндетін атқарушысының
2021 жылғы 14 қаңтардағы № 6-Ө
бұйрығына қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігінің
Жауапты хатшысының
2019 жылғы 30 шілдедегі
№ 4-Ө бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ереже
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң (бұдан әрі - Министрлік) құзыретi шегінде оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен жүктелген орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында стратегиялық, реттеуші, атқарушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган және ведомство болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Toggle Dropdown
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Toggle Dropdown
5. Комитеттің, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
7. Комитеттің құрылымы, штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Toggle Dropdown
8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
10. Осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен аумақтық бөлімшелері бар.
Toggle Dropdown
11. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
12. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
13. Комитет кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәселесімен шарттық қатынастарға түсе алмайды.
Toggle Dropdown
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Комитеттің негiзгi мақсаттары, функциялары, құқықтары және мiндеттері
Toggle Dropdown
14. Мақсаты:
Toggle Dropdown
Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында стратегиялық, атқарушылық және бақылау функцияларын орындау.
Toggle Dropdown
Функциялары:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және іске асырады;
Toggle Dropdown
3) ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыруды және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;
Toggle Dropdown
4) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге тексерулер арқылы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
5) ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiндегi іс-шаралардың орындалуына, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының, екпелердің табиғи антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден әлсіреуінің және қурап-солып қалуының пайда болуының, таралуының алдын алу, олардың нақты есебін жүргізу мен болжам жасаудың дәлме-дәлдiгi жөнiндегi шаралардың дер кезінде қабылдануына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
6) кеспеағаштардың бөлінуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
7) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату мен ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
8) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман тұқымдарының аудандастырылуы, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану қағидалары сақталуына мемлекеттік бақылауды және олардың сапасына, питомник шаруашылығының жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
9) орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына және осы жерлердің қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
10) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндіру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргізумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезінде мемлекеттік орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
11) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде есептік кеспеағаштарды және ағаштың кесілетін жасын белгілейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
12) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандың мемлекеттік мониторингін жүргізу және орман орналастыру қағидаларын әзірлейді және олардың жүргізілуін қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
13) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар белгілеген қағидаттарға сәйкес ормандарды қорғау, күзету, молықтыру, орман өсіру және орман пайдалану саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша есебін тыңдайды;
Toggle Dropdown
15) мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ өзінің қарауындағы ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
Toggle Dropdown
16) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми зерттеу және жобалау-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
17) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілдік және атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
Toggle Dropdown
18) Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен ерекше күзетілетін табиғи аумақтар саласындағы заңнамасы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
Toggle Dropdown
19) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орман шаруашылығымен айналысатын жергiлiктi атқарушы органдарын, сондай-ақ орман мекемелерi мен табиғат қорғау ұйымдарын орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерi бойынша үйлестiрудi және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
20) орман орналастыру жобаларын бекітеді;
Toggle Dropdown
21) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларына сәйкес мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін қалыптастырады және бекітеді;
Toggle Dropdown
22) орман тұқымдарын аудандастыруды бекітеді;
Toggle Dropdown
23) орман пайдаланушыларға орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген өзінің қарамағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді;
Toggle Dropdown
24) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу келтірген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелер әзірлейді;
Toggle Dropdown
25) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар әзiрлейтiн өртке қарсы iс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындайды;
Toggle Dropdown
26) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен айналысатын жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
27) ағаштардың қурау және құрып кету қатерi төнген кезде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы шешiм қабылдайды;
Toggle Dropdown
28) мемлекеттік органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
29) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттiк саясатты iске асырады;
Toggle Dropdown
30) тексерулер арқылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында күзет режимдерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
31) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту, сондай-ақ «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде өз құзыреті шегінде ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
32) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумағын азайту тәртібін әзірлейді және ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
33) өзінің қарауындағы заңды тұлға мәртебесіндегі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарифтер мөлшерін бекітеді;
Toggle Dropdown
34) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді;
Toggle Dropdown
35) табиғат қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзірлеу және пайдалану тәртібін бекітеді;
Toggle Dropdown
36) өзінің қарамағындағы табиғат қорғау мекемелерінің ережелерін бекітеді;
Toggle Dropdown
37) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемдерін бекітеді;
Toggle Dropdown
38) өздерінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, оларды күзету, қорғау, пайдалану және қаржыландыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін қарайды;
Toggle Dropdown
39) өзінің қарамағындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық дәліздер құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеуді және оларды бекітуді ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
40) өзінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылық жасауды, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
41) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызмет ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
42) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізеді;
Toggle Dropdown
43) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
44) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздер аумағын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамасын келісімдейді;
Toggle Dropdown
45) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізеді;
Toggle Dropdown
46) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар береді;
Toggle Dropdown
47) аңшы куәлігін беру жөніндегі есептіліктің нысанын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
48) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізуге рұқсаттар береді;
Toggle Dropdown
49) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
50) жануарлар дүниесінің мемлекеттік есебін, оның кадастрын және мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
51) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
Toggle Dropdown
52) интернет-ресурста зоологиялық коллекциялар тізілімін жүргізеді, орналастырады және тоқсан сайын жаңартып тұрады;
Toggle Dropdown
53) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
54) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
Toggle Dropdown
55) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
56) Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларының сақталуына бақылау жасайды;
Toggle Dropdown
57) Аң аулау қағидаларының сақталуына бақылау жасайды;
Toggle Dropdown
58) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердің сақталуына бақылау жасайды;
Toggle Dropdown
59) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды және қадағалайды;
Toggle Dropdown
60) жануарлар дүниесін пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
61) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер әзірлейтін техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы келісімдейді;
Toggle Dropdown
62) жабайы тірі жануарларды, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат құжатын) береді;
Toggle Dropdown
63) балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорында және (немесе) учаскелері мен аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесінің өсімін молайтуды және мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
64) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланудың және (немесе) оларды пайдалануға тыйым салудың белгіленген мерзімдерін ауыстыру туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздеменің негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;
Toggle Dropdown
65) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат ұсынады;
Toggle Dropdown
66) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
67) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, Қазақстан Республикасы орман заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда жеке және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрады;
Toggle Dropdown
68) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің актілерінде кезделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
15. Комитеттің құқықтары:
Toggle Dropdown
1) өзінің құзіреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдар сұратады және алады;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
16. Комитеттің міндеттері:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызмет стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызметті алушылардың хабардар болуын қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау үшін тиісті ақпарат беруге қатысу;
Toggle Dropdown
4) заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін коммерциялық емес ұйымдарға тиісті ақпарат беруге қатысу;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік қызметті алушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
Toggle Dropdown
7) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитетке жүктелген функцияларды уақытылы және сапалы орындау.
Toggle Dropdown
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
Toggle Dropdown
17. Комитетке басшылық жасауды төраға жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапкершілікте болады.
Toggle Dropdown
18. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Toggle Dropdown
19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрдің бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады («Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Министрлік аппаратының басшысымен).
Toggle Dropdown
20. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
Toggle Dropdown
1) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
Toggle Dropdown
2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады (еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда);
Toggle Dropdown
3) Министрліктің келісімі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Toggle Dropdown
4) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Toggle Dropdown
5) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының ұсынымы бойынша филиалдардың директорларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Toggle Dropdown
6) аумақтық бөлімшелердің басшы орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Toggle Dropdown
7) Министрге аумақтық органдардың басшылары ынталандыру және тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
8) өзінің орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, аумақтық органдары және ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Toggle Dropdown
9) өзінің құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған шаралар қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданылуы үшін дербес жауаптылықта болады;
Toggle Dropdown
10) Комитет қызметкерлерін (еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда), сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын ынталандырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
Toggle Dropdown
11) аумақтық бөлімшелердің басшыларына іссапарға жіберу (шетелге іссапарға жіберуді қоспағанда), материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешеді;
Toggle Dropdown
12) заңнамада белгіленген тәртіппен аумақтық органдардың басшылардың орынбасарларын, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын, сондай-ақ Комитет қызметкерлерін (еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда) іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, үстемақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;
Toggle Dropdown
13) Комитеттің аумақтық органының басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін Комитеттің аумақтық органы басшының орынбасарына немесе басқа қызметкеріне жүктеу мәселелерін заңнамада белгіленген тәртіппен шешеді;
Toggle Dropdown
14) құрылымдық бөлімшелердің ережелерін және өзінің құзіреті шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылтай құжаттарын, сондай-ақ Комитеттің қарамағындағы аумақтық органдардың ережелерін бекітеді;
Toggle Dropdown
15) Комитет қызметкерлерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларының (еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда) лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Toggle Dropdown
16) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымы мен штат кестелерін келісімдейді;
Toggle Dropdown
17) реттелмелі салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды;
Toggle Dropdown
18) аумақтық органдардың Комитетпен өзара іс-қимыл жасау құзыреті мен тәртібін айқындайды;
Toggle Dropdown
19) аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар актілерінің күшін жояды немесе қолданылуын толық немесе ішінара тоқтатады;
Toggle Dropdown
20) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Комитеттің өкілі болады;
Toggle Dropdown
21) Комитетте қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік сатып алуды өткізуге жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
22) Қазақстан Республикасының заңдары мен Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Төраға болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
21. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Toggle Dropdown
22. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет атынан Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға Комитет басшысы немесе оның орынбасары, ал олар болмаған жағдайда оларды алмастыратын адам қол қояды.
Toggle Dropdown
4-тарау. Комитеттің мүлкi
Toggle Dropdown
23. Комитеттiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Toggle Dropdown
Комитеттiң мүлкi оған меншік иесі берген мүлiктiң, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
24. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Toggle Dropdown
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығара алмайды немесе оған өзгедей тәсілмен билік ете алмайды.
Toggle Dropdown
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Toggle Dropdown
26. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігінің
Орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі комитеті
туралы ережеге 1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Toggle Dropdown
1-тарау. Республикалық мемлекеттік мекемелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
7. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
8. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
9. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
10. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
11. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
12. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
13. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
14. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
15. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
16. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
17. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
18. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
19. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
20. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
21. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
22. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
23. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
24. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
25. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
26. Қазақстан Республикасы Экология,геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
27. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
28. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
29. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Республикалық орман селекциялық-тұқым шаруашылығы орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Есік мемлекеттік дендрологиялық паркі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Toggle Dropdown
7. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жасыл аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігінің Орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі комитеті
туралы ережеге 2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
2. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
3. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
4. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
5. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
6. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
7. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
8. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
9. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
10. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
11. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
12. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
13. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
14. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.