• Менің таңдаулыларым
«Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 11.08.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 1

«Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 87 қаулысы

Осы Қаулы 2025 жылғы 11 тамыздан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.07.2025 жылғы № 571 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 36-37-38, 251-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларында:
8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджет қаражатының үнемделуін, Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің бөлінбеген қалдығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған нысаналы даму трансферттерінің қайтарылған сомасын қоспағанда, бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелерден түзетілген бюджеттің асып түсу сомасы республикалық бюджет қаражатының игерілмеген сомасы болып табылады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин