Бұйрық № 127 от 2021-02-19г./Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025 г.
Документ на казахском языке
«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 ақпанда № 22245 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 15594 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 8 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«8. Жартыжылдық қаржылық есептілік ағымдағы қаржы жылының 30 маусымындағы жағдай бойынша 1 қаңтардан бастап 30 маусымға дейінгі күнтiзбелiк кезеңге жасалады.
Жылдық қаржылық есептілік есепті қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтiзбелiк кезеңге жасалады.»;
«11. Жартыжылдық және жылдық қаржылық есептіліктерге мемлекеттік мекеменің басшысы немесе оның уәкілетті адамы, бас бухгалтері немесе мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті жүргізілуді қамтамасыз ететін бөлімшені басқаратын тұлға қол қояды.
Басшы немесе оның уәкілетті адамы мен бас бухгалтердiң немесе бухгалтерлік есепті жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшені басқаратын тұлға қолдарымен бір қатарда мiндеттi түрде қойылған қол таратып жазылған болуы тиіс (тегі, аты- жөні).»;
«7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар», 7020 «Стипендиялар төлеу бойынша шығыстар», 7030 «Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар», 7040 «Әлеуметтік салыққа арналған шығыстар», 7050 «Міндетті сақтандыруға арналған шығыстар», 7060 «Қорлар бойынша шығыстар», 7070 «Іссапарларға арналған шығыстар», 7080 «Коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша шығыстар», 7090 «Ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар», 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар», 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар», 7130 «Жал бойынша шығыстар», 7140 «Өзге операциялық шығыстар», 7150 «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған шығыстар», 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар», 7220 «Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша шығыстар», 7230 «Субсидиялар бойынша шығыстар», 7240 «Жалпы сипаттағы трансферттер бойынша шығыстар», 7250 «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттері бойынша шығыстар», 7260 «Бюджетке түсетін түсімдерді азайту жөніндегі шығыстар», 7270 «Басқа да трансферттер бойынша шығыстар», 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар», 7320 «Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар», 7330 «Мемлекеттік-женкешелік әріптестік бойынша шығыстар», 7410 «Әділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар», 7420 «Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар», 7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар», 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар», 7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар», 7460 «Өзге шығыстар», 7470 «Республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ-лары бойынша шығыстар», 7480 «Бағалы қағаздарды орналастырудан шығыстар», 7490 «Қорлардың шығыстары» шоттарының кредитінен есептен шығарылады;»;
«221 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» (3270 шоты) жолы бойынша уақытша орналастыратын ақшалар бойынша қызметкер жұмыстан босаған, степиндианттың оқу мерзімі аяқталған, атқару құжаттың пайдалану мерзімі аяқталған немесе мерзімі бір жылға дейінгі басқа да құжаттарға байланысты, қолма–қол тиындарды ақша айналымынан алу себептері бойынша жағдайларда төленбеген немесе артығымен төленген тиындар сомасы, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан өтемақы төлемдері бойынша берешек және өзге де кредиторлық берешек көрсетіледі.»;
«031 «Сыйақылар» (6210 шоты) жолы бойынша берілген қарыздар, қаржылық жалдау және қысқа мерзімді қаржылық салымдар бойынша сыйақылардан түскен кірістер сомасы көрсетіледі.»;
«040 «Өзге кірістер» (6330, 6350, 6360 және 6370 шоттары) жолы бойынша активтерді, үшінші тараптардан өтемақыларды (бұрын танылған активтердің құнсыздануынан түскен залалдар) түскен кірістер, Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерден алынатын кірістер және өзге операциялардан алынған кірістер көрсетіледі.»;
«141 «Сыйақылар» (7310 шоты) жолы бойынша алынған қарыздар (веклельдер, облигациялар), мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары мен қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар бойынша шығыстар көрсетіледі.»;
«150 «Өзге шығыстар» (7450, 7460 және 7490 шоттары) жолы бойынша күмәнді борыштар бойынша резерв құру бойынша, Жәбірленушілерге өтемақы қоры бойынша шығыстарды есептеу бойынша шығыстар, қорлардың шығыстары және өзге де шығыстар көрсетіледі.
151 «Республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ бойынша шығыстары» (7470 шоты) жолы бойынша бюджеттік кредит беру мен қарыздарды өтеуге аударылғанды шегерумен, тиісті бюджеттің ҚБШ-сынан жүргізілген шығыстардың сомасы көрсетіледі.»;
«160 «Трансферттер, субсидиялар» жолы бойынша трансферттер (мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне ақшалай төлемдер түрінде төленген жеке тұлғаларға трансфертерден басқа), оның ішінде республикалық бюджеттен Ұлттық қорға берілетін трансферттер мен субсидиялар түріндегі ақшалай төлемдер көрсетіледі.»;
«190 «Өзге төлемдер» жолы бойынша мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне ақшалай төлем түріндегі жеке тұлғаларға трансферттер, шетелге трансферттер, стипендиялар, іссапар шығыстары, сақтандыру және жалдау төлемдері, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар, табыс салығын қоспағанда, жалақыдан ұсталған барлық төлемдер, жоғары тұрған бюджетке берілген трансферттерді қайтару бойынша ақшалай төлемдер, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкелу кеден баждары мен төлемдерді аударумен байланысты ақша қаражатының шығуы және алдыңғы баптарда көрсетілмеген ақшалай шоттар бойынша басқа да төлемдер көрсетіледі.»;
«79. Қаржылық есептiлiкке ашылымдарда мынадай ақпарат ұсынылады.
«Ақшалай қаражат және олардың баламалары» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлiк баланс» нысанының 010-жолы):
ҚЕ-5 «Қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазба» нысанының 1-кестесiне сәйкес есептi кезеңнiң басындағы және аяғындағы ақша қаражаты қалдығы туралы деректер.
«Қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi қаржылық инвестициялар» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлiк баланс» нысанының 011 және 110-жолдары):
ҚЕ-5 «Қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазба» нысанының 2 және 5-кестелерiне сәйкес есептi кезеңнiң басындағы және аяғындағы қаржылық инвестициялар (квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржылық инвестициялардан басқа) және өзгерістері бойынша деректер;
квазимемлекеттiк сектордың субъектiлерiне салынған ұзақ мерзiмдi инвестициялар (квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң атаулары мен тұрғылықты жерлерi, жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысу үлесi) бақыланатын және басқа субъектілер бойынша ақпарат;
кейiннен қаржы инвестицияларының жекелеген сыныптары бойынша (әдiл, амортизацияланған немесе қандай да бiр өзге құны бойынша) бағалау;
берілген қарыздар бойынша ақпарат;
қаржы инвестициялары мен берiлген қарыздардың құнсыздануының объективтi белгiлерiнiң болуы;
есептi күнге қаржы инвестицияларына байланысты тәуекелдердiң сипаты мен мөлшерлерi;
ҚЕ-5 «Қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазба» нысанының 21-кестесiне сәйкес кірістердің тиісті бюджет сыныптамасы кодына бюджетке аударылуға жататын және аударылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің дивидендтері мен таза табысының бөлігі бойынша ақпарат.
«Қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi дебиторлық берешек» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлiк баланс» нысанының 012, 013, 014, 015, 016, 017, 018, 019, 021, 022, 023, 111, 112 және 113-жолдары):
есептi кезеңнiң басындағы және аяғындағы дебиторлық берешектi салыстырып тексеруді, есепті кезең үшін дебиторлық берешек сомасындағы өзгерістер талдауын ұсынады;
байланысты тараптармен (өз жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен бақыланатын субъектілер) операциялар бойынша ақпарат;
күмәндi дебиторлық берешектер бойынша құрылған резерв жөнiнде есеп айырысулар;
есептен шығарылу себептерiн көрсете отырып, күмәндi дебиторлық берешектер бойынша есептен шығарылған үмiтсiз борыштардың сомалары;
Комментарий успешно добавлен