Toggle Dropdown
1
Аккредиттеу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 71 бұйрығы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидаларының 5-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның 2021 жылғы 25 ақпандағы № 3 хаттамасының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуге:
Toggle Dropdown
1) «Еуразиялық Іс-шаралар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлер және қызмет берушілер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі аккредиттелсін.
Toggle Dropdown
2. 3 жыл мерзіміне Аккредиттеу туралы куәлік:
Toggle Dropdown
1) «Еуразиялық Іс-шаралар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне;
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлер және қызмет берушілер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне берілсін.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.