• Мое избранное
«Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 157 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 наурызда № 22279 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 10 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы қағидаларында:
3-тармақтың бірінші бөлігінің тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«элиминирлеу – бюджеттік бағдарламалар әкімшісі және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері арасындағы немесе бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер арасындағы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен бюджет кірістерінің есебін жүргізетін уәкілетті орган арасында, өзара операциялар бойынша тең соманы, сондай-ақ жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттердi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар арасындағы операцияларды алып тастау.»;
6-тармақ алып тасталсын;
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жартыжылдық және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi бюджеттi атқару жөніндегі тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органға және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ішкі мемлекеттiк аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынады.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жартыжылдық және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ведомствоға ұсынады.
Бюджет Кодексінің 83-бабына сәйкес қаржыландырудың ерекше тәртібі айқындалған республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік құпиялар мәселелерін реттейтін актілерінде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган келіскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ұсынады.
Есептiлiктi ұсыну үшiн белгiленген мерзiм демалыс (жұмыс iстемейтiн) күнмен сәйкес келген жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептiлiк одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi ұсынылады.
Ұсынылған шоғырландырылған қаржылық есептiлiк белгіленген нысандарға сәйкес келмеген кезде ведомство пысықтауға қайтарады.
Ведомство республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің шоғырландырылған қаржылық есептiлiгі негізінде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдарының шоғырландырылған қаржылық есептiлiгi негізінде – жергілікті бюджеттер бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.
Жергілікті бюджеттер бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік талдамалық мақсаттарда және мемлекеттік бюджет бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру мақсатында қалыптастырылады.
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 83-бабына сәйкес қаржыландырудың ерекше тәртібі айқындалған мемлекеттік органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілігінің активтері мен міндеттемелері бойынша деректер ескерілмей жасалады.
Ведомство және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган талдамалық мақсаттарда осы Қағидалардың 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ағымдағы қаржы жылының 30 маусымдағы жағдай бойынша жартыжылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.
13. Бюджеттiк бағдарламалар әкімшісінің және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкiлеттi органның шоғырландырылған қаржылық есептілігіне бірінші қол қою құқығына осы органның басшысы немесе оның орнындағы тұлға, екінші қол қою құқығына – бас бухгалтер немесе қаржылық есептілікті шоғырландыруды қамтамасыз ететін бөлімшені басқаратын тұлға ие.
Ақпараттық жүйе арқылы есептілікті ұсынатын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қоспағанда, есептілікте бірінші және екінші қол қою құқығы туралы бұйрықтың көшірмесі бюджеттік есептілікке қоса беріледі.
Ұсынылатын шоғырландырылған қаржылық есептіліктің барлық нысандарында басшы мен бас бухгалтердің немесе құрылымдық бөлімшені басқаратын адамның қолының қасында міндетті түрде қол (тегі және аты-жөні) таратылып жазылады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) активтердің, міндеттемелердің, таза активтердің/капиталдың, кірістер мен шығыстардың, ақшаның түсімі мен шығып қалуының, таза активтердегі/капиталдағы өзгерістердің ұқсас баптарын жолма-жол қосу;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер арасындағы, сондай-ақ бір жүйе ішіндегі мемлекеттік мекемелер арасындағы операциялар бойынша кірістер мен шығыстардың элиминирленуі;
3) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган (ведомство)арасындағы операциялар бойынша кірістер мен шығыстардың элиминирленуі;
4) жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттердi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар арасындағы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасындағы операциялар бойынша кірістер мен шығыстардың элиминирленуі;
5) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер арасындағы, сондай-ақ бір жүйе ішіндегі мемлекеттік мекемелер арасындағы өзара есеп айырысулар мен операциялар бойынша сальдо толықтай алып тасталады;
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган (ведомство) арасындағы өзара есеп айырысулар мен операциялар бойынша сальдо толығымен алып тасталады;
6) қаржылық есептілікті шоғырландыру кезінде жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттердi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар арасындағы өзара есеп айырысулар бойынша сальдо толықтай алып тасталады;
7) осының алдындағы есепті кезеңнің шоғырландырылған деректерін көшіру.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жартыжылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті ағымдағы қаржы жылының 30 маусымдағы жағдай бойынша, жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жасайды. Жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік кезең үшін жасалады.
Шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде мынадай талаптар сақталады:
барлық операциялардың есепті кезеңде толық мен дұрыс көрсетілуі;
кірістер мен шығыстарды есепті кезеңдерге жатқызудың дұрыстығы;
есепті кезеңнен кейінгі айдың бірінші күніндегі синтетикалық есепке алу шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарға талдамалық есепке алу деректерінің ұқсастығы;
көрсеткіштерді толтырудың дәлдігі және тазартулар мен түзетулерге жол бермеу. Қателер түзетілген жағдайда қаржылық есептілікке қол қойған тұлғалар растаған, түзету күні көрсетіле отырып, тиісті жазбалар жасалады.»;
бірінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде «Ағымдағы қызметті қаржыландыру» баптары (жол коды 011) ағымдағы қызметті қаржыландыруға бюджеттік бағдарламалар әкімшісінен алынған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер түсімдерінің сомасы алып тастауға жатады;»;
бірінші бөліктің төртінші абзацы манадай редакцияда жазылсын:
«бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде «Күрделі салымдарды қаржыландыру» баптары (жол коды 012) күрделі салымдарды қаржыландыруға бюджеттік бағдарламалар әкімшісінен алынған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер түсімдерінің сомасын алып тастауға жатады;»;
бірінші бөліктің он төртінші абзацы манадай редакцияда жазылсын:
«бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде «Өзге түсімдер» баптары (жол коды 060) бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер арасындағы ақша қаражаты түсімдерінің сомасы алып тастауға жатады;»;
бірінші бөліктің жиырма сегізінші абзацы манадай редакцияда жазылсын:
«бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде «Өзге төлемдер» баптары (жол коды 190) бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер арасындағы ақша қаражатының шығып қалу сомасы алып тастауға жатады;»;
31 және 32 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ашылымдарда мынадай ақпарат ұсынылады.
«Ақшалай қаражат және олардың баламалары» деген бап бойынша (ШҚЕ-1 «Шоғырландырылған бухгалтерлiк баланс» нысанының 010-жолы):