• Мое избранное

Отправить по почте

Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 63 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 наурызда № 22317 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.09.2024 жылғы № 199 Бұйрығына сәйкес (28.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 16.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасы 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 39-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.09.2024 жылғы № 199 Бұйрығына сәйкес (28.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Газ-химия кешендерінің алау қондырғыларынан шығатын ластағыш заттар шығарындыларын есептеу әдістемесі осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау, қоршаған орта және су ресурстары және Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде берілген тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мирзагалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2021 жылғы 10 наурыздағы
№ 63 бұйрығына
1-қосымша
Қосымшаның оң жақтағы жоғары бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.09.2024 жылғы № 199 Бұйрығына сәйкес (28.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 39-бабының 6-тармағына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін белгілеу үшін іс-қимылдар алгоритмін айқындайды.
2. Осы Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) авариялық шығарынды-I немесе II санаттағы объектілерде авариядан немесе технологиялық процестің бұзылуынан туындаған, жол берілетін шығарынды нормативтерінен едәуір асатын ластаушы заттардың болжанбаған, болжанбайтын және әдейі жасалмаған түсуі;
2) атмосфералық ауаның базалық антропогендік аясы-I немесе II санаттағы объектіге қатысты жол берілетін шығарындының нормативтерін айқындау кезінде жүзеге асырылатын басқа стационарлық және жылжымалы көздердің шығарындыларымен негізделген атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың жаппай шоғырлануы;
3) атмосфералық ауаның табиғи аясы-табиғи процестер нәтижесінде атмосфералық ауаға босауға немесе онда ластаушы заттардың түзілуіне байланысты атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың жаппай шоғырлануы;
4) бақылау жармасы-су сапасының экологиялық нормативтерінің сақталуын мониторингтеу және бақылау жүзеге асырылатын жер үсті су объектісінің учаскесі;
5) жылдық көрсеткіштер – күнтізбелік бір жыл ішінде атмосфералық ауа көлемінің бірлігінде немесе жер бетінің бірлігінде ластаушы зат шоғырлануының орташаланған көрсеткіштері;
6) ластаушы заттың жаппай ағымының жылдамдығы – уақыт бірлігінде шығарылатын және секундына грамм қатынасы ретінде көрінетін ластаушы заттың массасы;
7) ластаушы заттың массалық шоғырлануы-құрғақ бөлінетін газдар көлемінің бірлігіндегі және текше метрге миллиграмм арақатынасы ретінде көрінетін ластаушы заттың массасы;
8) нормативтік (шартты)-таза сарқынды сулар-технологиялық аппаратура мен күштік агрегаттар салқындағаннан кейін қосалқы операциялар мен процестерден пайда болатын, ластанбаған, бірақ температурасы жоғары сулар;
9) тәуліктік көрсеткіштер – күнтізбелік бір тәулік шегінде жиырма төрт сағат ішінде атмосфералық ауа көлемінің бірлігінде ластаушы зат шоғырлануының орташаланған көрсеткіштері;
10) судағы ластаушы заттардың базалық антропогендік фондық шоғырлануы-жол берілетін төгіндінің нормативтерін айқындау кезінде жүзеге асырылатын басқа көздердің төгінділерімен негізделген қолайсыз жағдайлар кезінде су объектісінің нақты бақылау тұстамасындағы ластаушы зат шоғырлануының мәні;
11) су объектілеріне ағызу нормативтері – бақылау жармасындағы су сапасының нормаларын қамтамасыз ету мақсатында су объектісінің осы пунктінде уақыт бірлігінде белгіленген режиммен бөлуге барынша жол берілетін сарқынды сулардағы заттың массасы.
12) сағаттық көрсеткіштер – бір сағат ішінде атмосфералық ауа көлемінің бірлігінде ластаушы зат шоғырлануының орташаланған көрсеткіштері.
3. Есептеу жолымен әртүрлі орталарға эмиссиялар нормативтері, соның ішінде атмосфераға стационарлық көздерден ластаушы заттардың жол берілген шығарындыларының, жер үсті және жер асты су объектілеріне, жер қойнауына немесе жер бетіне ластаушы заттар төгінділерінің нормативтері айқындалады.
4. Эмиссиялардың әрбір станционарлық көзі үшін және оператор үшін толық алғанда есептемелердің негізінде жол берілген шығарындылары мен төгінділерінің нормативтері, сондай-ақ қоршаған ортаның сапасы нормативтеріне жету мақсатында әсер ету аймағы және жақын орналасқан селитебтік аумақтар шекарасында белгіленеді.
5. Белгіленіп отырған қызмет үшін, оның ішінде қызметке елеулі өзгерістер енгізу кезінде эмиссиялар нормативтері белгіленіп отырған қызметтің тиісті жобалау құжаттамасына байланыстырыла отырып әзірленетін және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға өтінішпен бірге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылатын жеке құжат – эмиссиялар нормативтерінің жобасы (жол берілетін шығарындылар нормативтерінің жобасы, жол берілетін төгінділер нормативтерінің жобасы) түрінде есептеледі және негізделеді.
Эмиссиялар нормативтері I және II санаттағы объектілерге жататын жекелеген стационарлық көздер бойынша, мынадай:
1) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау жүргізілген жағдайда – Кодекстің 76-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда көрсетілген тиісті шекті мәндерден;
2) Кодекске сәйкес белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізген жағдайда, оның нәтижелері бойынша қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау қажет емес екені туралы қорытынды шығарылса, – Кодекстің 68-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес белгіленіп отырған қызмет туралы өтініште көрсетілген тиісті мәндерден аспайтын деңгейлерде белгіленеді.
Өздеріне қатысты кешенді экологиялық рұқсат берілетін объектілер үшін эмиссиялар нормативтері I және II санаттағы объектілерге жататын жекелеген стационарлық көздер бойынша, ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі қорытындыларда келтірілген ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты маркерлік ластағыш заттар эмиссияларының тиісті шекті мәндерінен аспайтын деңгейлерде белгіленеді.
6. ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін, сондай-ақ атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының жылжымалы көздері үшін эмиссиялар нормативтері белгіленбейді.
7. Әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттар құрамында эмиссиялар нормативтері кемінде он жылда бір рет қайта қарастырылады,
Оператордың бастамасы бойынша қолданыс мерзімі біткенге дейін рұқсат етілетін шығарындылардың ерте белгіленген нормативтерін қайта қарастырудың себебі:
1) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 120-бабының 5-тармағына сәйкес атмосфераны ластаудың жаңа көздерін немесе параметрлерінің өзгеруін ескеру қажеттігі, әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттар қолданыстағы экологиялық рұқсатта көрсетілген экологиялық шарттардың өзгертілуін талап ететін қолданылатын технологиялар өзгергенге дейін беріледі.
2)  Кодекстің  118-бабына сәйкес кешенді экологиялық рұқсатты қайта қарау
2-тарау. Стационарлық көздерден атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының нормативтерін есептеу алгоритмі
8. Жол берілетін шығарындылар нормативтері I немесе II санаттағы объектінің құрамына кіретін стационарлық көз және (немесе) стационарлық көздер жиынтығы үшін әсер ету саласы шегіндегі атмосфералық ауаға жалпы жүктеме қоршаған орта сапасының белгіленген экологиялық нормативтерінің немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің бұзылуына әкеп соқтырмайтындай шартпен ластаушы заттардың жерге жақын шоғырлануының шашырауын модельдеу әдісін қолдана отырып, есептеу жолымен белгіленеді.
Антропогендік жүктемеге ұшыраған және ластаушы заттардың жерге жақын шоғырлануының таралуын модельдеу арқылы айқындалған аумақ (акватория) әсер ету саласы болып табылады.
Стационарлық көздердің жиынтығы үшін әсер ету саласы шығарындылардың жекелеген стационарлық көздерінің әсер ету аймақтарының сомасы ретінде есептеледі.
9. Жол берілетін шығарындылар нормативтері ластаушы заттар тізбесіне енгізілген әрбір ластаушы зат үшін мынадай түрде белгіленеді::