БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

«Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 наурызда № 22340 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2026 жылғы 11 қаңтардан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 23.12.2025 жылғы № 133 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалау (экономикалық сараптама жүргізу барысында) – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде не бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінде ұсынылған ақпаратты сипаттайтын тұжырымдар;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бұдан әрі – ББӘ) – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
3) бюджеттік инвестициялар – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауға бағытталған активтерді қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;
4) бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері – республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларды іске асыруға бағытталған қарыз қаражаты;
5) бюджеттік инвестицияларды іске асырудан болатын экономикалық тиімділік – бюджеттік инвестицияларды іске асырудан күтілетін, экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есептемесінде көрсетілген тікелей және жанама экономикалық тиімділік көрсеткіштері;
6) бюджеттік инвестициялардың нәтижелілігі – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялардың экономикалық және қаржылық тиімділігінің, сондай-ақ нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу мүмкіндігінің есептемелерімен расталған дәлелдемелердің, тиімділік пен сапа көрсеткіштерінің болуы.
Қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын және негізгі кіріс көзі республикалық және (немесе) жергілікті бюджет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, мемлекеттік кәсіпорындар нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық және қаржылық тиімділік дәлелдемелерінің болуы талап етілмейді;
7) бюджеттік инвестициялардың орындылығы – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың экономикалық орындылығының, олардың ел экономикасына ықпалының негiздемесі және жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының ережелеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес келуі;
8) бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – БИЖ) – Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді іске асыруға арналған ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы арнаулы мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін қоспағанда, жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
9) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды – бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына ықпалы және стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы қорытындысының негізінде дайындалған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысы;
10) бюджеттік инвестициялық жобаларды мониторингілеу – бюджет қаражаты бөлінген кезден бастап пайдалануға берілген кезге дейін жаңа объектілер құру (салу), бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту барысы туралы тұрақты және жүйелі түрде ақпарат жинау мен талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
11) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау – объектіні пайдалануға берген кезден бастап жобаның мақсаттарына қол жеткізу дәрежесін және нақты алынған нәтижелердің жоспарланған нәтижелерге сәйкестігін айқындау жөніндегі шаралар жиынтығы;
12) бюджеттік инвестициялық жобаны әзірлеуге немесе түзетуге арналған техникалық тапсырма – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды, оның әлеуетті әзірлеушісіне қойылатын біліктілік талаптарын айқындайтын, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету жөніндегі жұмыстардың мерзімдері мен көлемін регламенттейтін құжат;
13) бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырыла алатындығы – жоба нәтижелері көрсеткіштеріне қолжетімділік;
14) бюджеттік инвестициялық жобаның ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі – жобаның ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілу қажеттілігінің жоспарланған және қол жеткізілген деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер;
15) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы – салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін жобаның жүзеге асырыла алатындығы мен тиімділігін айқындау тұрғысынан техникалық-экономикалық негіздемеде берілген ақпаратты кешенді бағалау;
16) бюджеттік инвестициялық жобаның тиімділігі – бюджет қаражатының сұралатын көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының ең аз көлемін пайдалана отырып, жобаның мақсаттарына қол жеткізу немесе жобаны іске асырудан оң экономикалық нәтиже алу;
17) бюджеттік кредиттеу – бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рәсімдерін қамтитын процесс;
18) бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы – бюджеттік кредит қайтарымдылығы мен жобаның қаржылық тиімділігінің есептемелерімен расталған дәлелдемелердің болуы;
19) кешенді ведомстводан тыс сараптама – Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама бойынша «бір терезе» қағидатымен жүргізілетін, объектілер құрылысы жобаларының (салалық және ведомстволық сараптамаларды қамтитын) сараптамасы;
20) іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі – бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға жоспарланатын жобадан әлеуметтік және экономикалық пайдалардың болуының есептемелермен расталған дәлелдемелерінің болуы;
21) Гант диаграммасы – жобаның жоспары мен уақыт бойынша жұмыс графигінің дәйектілігі мен ұзақтығын графикалық көрсетуді бейнелеу үшін бюджеттік инвестициялардың электрондық порталында пайдаланылатын диаграмма;
22) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды мониторингілеу – көрсетілген іс-шаралар түпкілікті іске асырылған кезге дейін заңды тұлғалардың бастапқы жарғылық капиталын қалыптастыру, акциялар пакетін (қатысу үлестерін) сатып алу арқылы республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен тартылған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына тұрақты және жүйелi түрде ақпарат жинау, есепке алу мен талдау бойынша іс-шаралар жиынтығы;
23) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды бағалау – іс-шаралар түпкілікті іске асырылған кезден бастап мақсаттарға қол жеткiзу дәрежесi мен іс жүзінде алынған нәтижелердің жоспарланған нәтижелерге сәйкестігін айқындау жөніндегі шаралар жиынтығы;
24) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы – салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін, іс-шаралардың негізділік пен нәтижелілік өлшемшарттарына сәйкес келуі тұрғысынан қаржылық-экономикалық негіздемеде берілген ақпаратты кешенді бағалау;
25) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды –бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына ықпалы мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы қорытындысының негізінде дайындаған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысы;
26) заңды тұлғалардың қызметін жоспарлау құжаттары – ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарларын әзірлеу және бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарлары, сондай-ақ мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарлары;
27) заңды тұлғаның даму мақсаты – шаруашылық қызметінің ағымдағы шығындарын жабуды және ағымдағы шығыстарды қаржыландыруды көздемейтін, саланы дамытуға, саладағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыру;
28) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялар (бұдан әрі – Инвестициялар) – заңды тұлғаның жарғылық капиталын республикалық немесе жергілікті бюджеттен қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы оны дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру;
29) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды алушы (бұдан әрі – Алушы) – жарғылық капиталды ұлғайту немесе қалыптастыру үшiн қаражаттың түпкiлiктi алушысы болып табылатын, iс-шараларды бюджеттік инвестициялар есебiнен iске асыратын заңды тұлға;
30) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялардың негiздiлiгі – iс-шараларды iске асыруға арналған қаржыландыру көлемiнiң, сондай-ақ iс-шараларды меншікті және қарыз қаражаты есебінен қаржыландырудың мүмкiн болмауының құжаттармен және есептемелермен расталған дәлелдемелерінің болуы;
31) инвестициялық ұсыныс – бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, мақсатқа қол жеткізу жолдары мен ықтимал қаржыландыру тәсілдерін көрсететін тұжырымдамалық ұсыныс;
32) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің институционалдық жобасы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланып отырған жоба;
33) инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы – мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша негізгі ақпаратты қамтитын, оны іске асырудың орындылығын ашып көрсететін құжат;
34) инвестициялық ұсыныстың экономикалық қорытындысы – салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалар қорытындыларының негiзінде жүргiзiлетiн, пайдалар мен шығындардың талдауын пайдалана отырып, инвестициялық ұсыныста берілген ақпаратты кешенді бағалау;
35) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес акционерлік қоғамдармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
36) концессиялық жоба – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
37) кредитор – Қазақстан Республикасының бюджет және азаматтық заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беретін кредит шартының тарапы;
38) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлға – «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысына сәйкес "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен айқындалатын заңды тұлға;
39) Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаның қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына арналған бюджеттік кредиттеудің қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы – іс-шаралардың "іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі" және "бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы" өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан қаржылық-экономикалық негіздемеде ұсынылған ақпаратты кешенді бағалау;
40) қаржылық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ҚЭН) – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың орындылығы, негізділігі жөніндегі мәліметтерді және оның нәтижесін бағалауды қамтитын құжат;
41) қаржы агенттігі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген және осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының қаржы нарығында және (немесе) халықаралық қаржы нарығында қарыз алуды жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ банк немесе мемлекет жүз пайыз қатысатын, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
42) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттік кредиттеудің қаржылық-экономикалық негіздемесі (бұдан әрi – бюджеттік кредиттің ҚЭН) – маркетингтік, әлеуметтік-экономикалық талдаудың, сондай-ақ бюджеттік кредиттеу арқылы іс-шараларды іске асырудың өзін-өзі ақтауы мен экономикалық және әлеуметтік тиімділігін негіздейтін қаржылық есептемелердің нәтижелерін қамтитын құжаттама;
43) қаржылық схемаға қатысушылар – квазимемлекеттік сектордың субъектілері болып табылмайтын түпкілікті қарыз алушыларды қоспағанда, бюджеттік кредитті алуға және бөлуге қатысатын ұйымдар;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |