Toggle Dropdown
Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 наурызда № 22394 болып тіркелді
Редакция 17.10.2025 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
5) «Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар жұмыскерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9) «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 8-1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
10) «Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 8-2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
2-1) Осы бұйрыққа өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. Д. Оспановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Шапкенов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 25 наурыздағы
№ 84 бұйрығына 1-қосымша
«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1. Осы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртiбiн айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариус не нотариаттық іс-әрекеттерді жасайтын лауазымды адам нотариалды түрде куәландырған сенімхат негізінде оның өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға осы Қағидаларға 1 және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішті (өтініштерді) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып ұсыну арқылы жүгінеді.
Өтініш беруші портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және осы Қағидаларға 1 және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес келтірілген.
5. Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынғанда көрсетілетін қызметті берушіге:
көрсетілетін қызметті берушіде – өтініштің тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;
Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Құжаттарды портал арқылы ұсынған кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранысты қабылдау туралы мәртебе көрінеді.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбеге сәйкес беріледі.
7. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынғанда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
8. Азаматтардың қалыптастырылған iс макеттерi Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға куәлік беру үшін республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар аудандар, қалалар әкімдерінің шешімімен құрылған арнайы комиссияларға (бұдан әрі – арнайы комиссиялар) жолданады.
9. Арнайы комиссиялар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу (тіркеуден бас тарту) туралы шешiм (бұдан әрі – шешім) қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде комиссияның төрағасы куәландырған тiзiмдердi жасайды, олар жеке iс макеттерiмен және арнайы комиссиялардың шешiмдерiмен бiрге Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiберiледi.
Арнайы комиссия комиссия төрағасы куәландырған тізімге сәйкес шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде азаматқа «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысымен бекiтiлген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесіне 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматқа куәлік береді.
10. Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi келiп түскен iс макеттерiн тиiстi журналда тiркейдi және Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын дайындайды.
Өтемақы тағайындау үшiн Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын қоса бере отырып, iс макеттерiн олар алынған күннен бастап күнтізбелік бес күннiң iшiнде Мемлекеттік корпорацияның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы филиалдары арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық органдарына (бұдан әрі – өтемақы тағайындау жөніндегі орган) жiбередi.
11. Өтемақы тағайындау жөнiндегi органдар күнтізбелік он күн iшiнде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өтемақы тағайындау туралы шешiм қабылдайды және оларды iстермен қоса өтемақы өтемақыны төлеуге арналған қаражат қажеттілігін жасау үшін Мемлекеттік корпорацияның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы филиалдары арқылы Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiбередi.