• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 189 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
 2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 189 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 743 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 236-құжат).
2. «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 491 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 35, 285-құжат).
3. «Консервілер, пресервілер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 1201 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 60, 596-құжат).
4. «Биодизель қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 116 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 226-құжат).
5. «Биоэтанол қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 179 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж. № 21, 266-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 451 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 35, 421-құжат).
7. «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 491 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 қыркүйектегі № 987 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 56, 772-құжат).