• Менің таңдаулыларым
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 13.05.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 289 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 22453 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
100 «Бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын орындау мен бақылау және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл саласында уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік кіші бағдарламалары бар 001 «Бюджеттік жоспарлауды, орындалуын және мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Бюджеттік жоспарлауды, орындалуын және мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
100 Бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын орындау мен бақылау саласында уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»;
458 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 048 бюджеттік кіші бағдарламаласымен толықтырылсын:
«048 Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа берілетін субвенциялар есебінен»;
113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 053 бюджеттік кіші бағдарламаласымен толықтырылсын:
«053 Республикалық бюджеттен көлік және коммуникацияға берілетін субвенциялар есебінен»;
492 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» және 495 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:
113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 053 бюджеттік кіші бағдарламаласымен толықтырылсын:
«053 Республикалық бюджеттен көлік және коммуникацияға берілетін субвенциялар есебінен»;
мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарламасымен және 100, 104, 105, 111 және 123 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 628 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«628 Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
001 Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
100 Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету
104 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету
105 Кинология орталығының қызметтері
111 Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің күрделі шығыстары
123 Ағымдағы әкімшілік шығыстар»;
мынадай мазмұндағы 100, 101, 102, 105, 109, 114, 116, 133, 139, 165, 166, 167, 168 және 169 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
«100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
101 Өкілдiк шығындарға арналған қаражат есебiнен іс-шаралар өткізу
102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
105 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу
114 Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау
116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
133 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін нысаналы даму трансферттер
139 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу
165 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу
166 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту
167 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру
168 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
169 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін нысаналы даму трансферттері»;
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
1 «Құқық қорғау қызметi» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 002 және 003 бюджеттік бағдарламалары бар 628 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«628 Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
002 Жедел - іздестіру қызметін жүзеге асыру