Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери мүлкін есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 22471 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысымен бекітілген Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесінің 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери мүлкін есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
1
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамсыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильин
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 1 сәуірдегі
№ 153 бұйрығына қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 1 сәуірдегі
№ 153 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери мүлкін есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери мүлкін есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) әскери мүлкін есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру тәртібін нақтылайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар қолданылады:
Toggle Dropdown
1) әскери мүлік – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығында тұрған қорғаныс объектілері, қару-жарақтың, әскери техниканың барлық түрлері, арнайы құралдар және басқа да мүлік;
Toggle Dropdown
2) негізгі құралдар – тауарларды шығаруда немесе қызметтерді көрсетуде немесе беруде пайдалануға, басқа адамдарға жалға беруге арналған немесе әкімшілік мақсаттарға арналатын, бір жылдан артық пайдаланылатын материалдық объектілер;
Toggle Dropdown
3) материалдық емес актив - табиғи нысаны жоқ сәйкестендірілетін немонетарлық актив;
Toggle Dropdown
4) аяқталмаған құрылыс – аяқталмаған және пайдалануға тапсырылмаған құрылыс объектілері бойынша (ғимараттар мен құрылыстарды салу, жабдықтарды монтаждау бойынша) шығыстар;
Toggle Dropdown
5) мүкәммалдық мүлік – әскери қызметшілерге уақытша жеке немесе топтық пайдалануға берілетін киім-кешек мүлкінің заттары.
Toggle Dropdown
6) пайдаланылмайтын мүлік – қорғаныс объектілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қарулануынан шығарылған, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімдері өткен, қолданылмайтын басы артық әскери мүлкі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қаруланудан шығарылған, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімдері өткен, қолданылмайтын басы артық қаруы, әскери техникасы, арнайы құралдары, жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау мүлкі, арнайы мақсаттағы көлік құралдары, арнайы техникалық құралдары, техникалық құралдары.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті және әскери-тергеу органдарының бөлімшелерінде әскери мүлікті есепке алу «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген), сондай-ақ осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4. Министрліктің бөлімшелерінде жарамсыз (шекті) жағдайға келген негізгі құралдар санатына жататын әскери мүлікті, материалдық емес активтерді немесе жоғалған қаруды, әскери және автомобильдік техниканы және өзге де әскери мүлікті есептен шығару «Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу «Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өндеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жолдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Запастар санатына жататын әскери мүлікті есептен шығару «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығының талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №6443 болып тіркелді) және осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
5. Министрліктің ведомстволық бағынысты және аумақтық мемлекеттік мекемелерінің теңгерімінде есепте тұрған негізгі құралдар санатына жататын әскери мүлікті есептен шығаруды осы мемлекеттік мекемелер Министрлік комиссиясымен келісім бойынша жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Әскери мүлікті есептен шығару тәртібі
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік мекемелердің басшылары әскери мүлікті есепке алуды дұрыс жүргізу үшін жағдай жасайды, есепке алуға қатысты барлық бөлімшелер мен әскери қызметшілердің есепке алуға арналған құжаттар мен мәліметтерді ресімдеу және ұсыну тәртібінің талаптарын мүлтіксіз орындауын қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
7. Есептен шығаруға жататын әскери мүліктің техникалық немесе сапалық жай-күйін айқындауды, техникалық жай-күй актілерін жасауды және сапалық жай-күйін өзгертуді тұрақты жұмыс істейтін комиссия жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Тұрақты жұмыс істейтін комиссия мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен құрылады, оның құрамына есептен шығаруға жататын әскери мүлік бойынша мамандар болып табылатын лауазымды адамдар, қаржы бөлімшесінің бастығы (бас бухгалтер) немесе оның орынбасары кіреді. Қажет болса аға бастықтың бұйрығымен комиссия құрамына басқа әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) мамандары қосылады.
Toggle Dropdown
Техникалық жай-күйі және сапалық жай-күйін өзгерту актілерінің нысандары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысымен бекітілген Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесімен бекітілген.
Toggle Dropdown
Техникалық жай-күйін айқындау және актілерді ресімдеу есептен шығаруға жататын әскери мүліктің жай-күйі мен сақталуына жауапты, комиссия мүшелерімен қатар актіге қол қоятын лауазымды адамдардың қатысуымен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Пайдаланылуы (жұмысы) паспорттарда (формулярларда) ескерілетін әскери мүлікті есептен шығаруға техникалық жай-күйі актісін ұсынған кезде оның барлық бөлімдері техникалық жай-күйі актісіне қол қойылатын күнге толық ресімделген және қол қоюмен әрі әскери бөлімнің елтаңбалық мөрінің бедерлемесімен расталған паспорт (формуляр) міндетті түрде қоса беріледі.
Toggle Dropdown
8. Арнайы жабдықтардың барлық түрлерін (мемлекеттік шифрлау құралдары және онымен бірге жұмыс істейтін жабдықтар), ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мен құралдарын, техникалық барлауға қарсы іс-қимылдың техникалық қорғау құралдарын, радио және радиотехникалық бақылау жабдықтарын (аппаратураларын, құралдарын), өлшеу құралдарын, жұмсалатын пайдалану және жөндеу материалдарын, жөндеу жинақтарын және қосалқы керек-жарақтарды (бұдан әрі – ҚКЖ), мемлекеттік құпияларды қорғауға, ақпараттық қауіпсіздікке, радио және радиотехникалық бақылауға қатысы бар және мүддесінде қолданылатын басқа да арнайы және техникалық мүлік пен материалдарды есептен шығару үшін әскери бөлім (жоғары әскери оқу орны, бөлімше) командирінің (бастығының) бұйрықтарымен комиссия (арнайы жабдықты есептен шығару үшін жеке тиісті нысанды мемлекеттік құпияларға рұқсаты бар) құрылады. Жоғарыда көрсетілген мүлікті есептен шығару Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілген техникалық барлауға қарсы іс-қимыл қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Toggle Dropdown
9. Тері-тон бұйымдарын, пималарды, жылы унтыларды, технологиялық кір жуу жабдықтарын, тыл қызметтерінің далалық техникалық құралдарын (оның ішінде базалық шассиді қоспағанда, май құю, сақтау, сору, сапасын бақылау, механизациялау және қосалқы құралдар), тігін және етікші машиналарының барлық түрлерін, қаптамаларды, етікші нығыздағыштарын, душ және дезинфекция қондырғылары мен камераларын (базалық шассиді қоспағанда), шатырлардың барлық түрлері мен модификацияларын, радиациялық, химиялық және биологиялық барлау, дозиметрлік бақылау аспаптарын, ұжымдық қорғау және арнайы өңдеу жинақтарын, ғимараттар мен құрылыстарды есептен шығару үшін әскери бөлім (жоғары әскери оқу орны, бөлімше) командирінің (бастығының) бұйрықтарымен комиссиялар құрылады. Аталған мүлікті есептен шығару Министрлік комиссиясымен келісім бойынша жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Мүкәммалдық мүлікті, инженерлік қару-жарақ, жеке броньды қорғау, белсенді қорғаныс және арнайы операцияларды қамтамасыз ету құралдарын, күзет және бейнебақылау техникалық құралдары жүйесін, арнайы киімді, арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер мен бөлімшелердің мүлкін, асхана-ас үй ыдысын, пішу және етікші шеберханаларына арналған (тігін машинасын, қаптамаларды, етікші нығыздағыштарын қоспағанда), тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелеріне арналған, асханалар, қоймалар, көкөніс сақтау орындары мүкәммалы мен жабдығын, салмақты өлшеу аспаптарын есептен шығаруды әскери бөлімдердің комиссиялары Министрлік комиссиясымен келісім бойынша жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
10. Регламенттік жұмыстар өткізу, қару-жараққа, техника мен мүлікке техникалық қызет көрсету және жөндеу, өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер кезінде шығындалған шығыс және пайдалану материалдары, зымыран отыны, жанармай, қосалқы бөлшектер мен ҚКЖ бөлімшелерден қолданыстағы нормаларға сәйкес есептен шығару (орнату) актілері бойынша, ал жөндеу бөлімшелерінен (шеберханаларынан) осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысанда орындалған жұмыстардың актілері бойынша есептен шығарылады.
Toggle Dropdown
Кабель мүлкін есептен шығаруға арналған актілерге ерікті нысанда жасалатын кабельді тарту сызбасы қоса беріледі.
Toggle Dropdown
Регламенттік жұмыстар, техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде қару-жарақ пен техникадан ажыратылған жарамсыз агрегаттар, құрал-саймандар мен ҚКЖ, сондай-ақ арналымы бойынша одан әрі пайдалану үшін жарамсыз жеке қорғау құралдары әскери бөлімнің есебінен сапалық жай-күйін өзгерту актісі бойынша есептен шығарылады.
Toggle Dropdown
11. Әскери қызметшілердің күнделікті қажеттілігіне және олардың жеке гигиенаны ұстануына арналған заттай шаруашылық мүлкі, жеке құрамның және қызметтік иттердің қажетіне берілген қағаз орамал, майлықтар, азық-түлік өнімі, жеке тамақтану рациондары, құрғақ азық, бір рет пайдаланылатын ыдыс, фарфордан, жартылай фарфордан және шыныдан жасалған сынған асхана-ас үй ыдысы, жем-шөп, сондай-ақ атыстар (оқу-жаттығулар, сабақтар, ұрыс қимылдары мен арнайы операциялар жүргізу) кезінде шығындалған оқ-дәрілер, РХБ арнайы және шығындау материалдары, жарылғыш заттар мен жару құралдары, елестету және сигналдар беру құралдары, шеберханалар, кір жуу орындары, асханалар, азық-түлік қоймалары мен көкөніс сақтау орындарының жабдықтарын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер мен жөндеу-пайдалану материалдары, есепке алу кітаптары мен журналдарының бланкілері есептен шығару актісі мен ведомостер бойынша есептен шығарылады.
Toggle Dropdown
Есептен шығару актілерінде міндетті түрде: құжаттың толық атауы, жасалған күні, комиссия құрамы, іс-шараны өткізу мақсаты немесе негіз, есептен шығарылатын құралдардың толық (нақты) атауы, өлшем бірлігі, саны, бірлік бағасы және жалпы сомасы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Фарфордан, жартылай форфордан және шыныдан жасалған сынған асхана-ас үй ыдысын есептен шығару үшін «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Жеке құрамның киім-кешегіне және аяқ киіміне орташа жөндеу жүргізуге арналған материалдар, киім-кешек мүлкі заттарын жөндеуге және жасауға арналған шүберек, кір жууға арналған синтетикалық кір жуу құралдары (жөндеу шеберханасының, кір жуу орнының) еркін нысандағы бір айда орындалған жұмыстар мен материалдарды шығындау туралы есептің негізінде есептен шығарылады.
Toggle Dropdown
13. Қабылдау, сақтау, ревизия (түгендеу, тексеру) кезінде анықталған табиғи кему нормасы шегінде жетіспейтін мүлік мемлекеттік мекеменің есебінен есептен шығару актілерінің негізінде есептен шығарылады. Есептен шығару актілеріне табиғи кему есептері қоса беріледі, оларды мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бекітеді.
Toggle Dropdown
Табиғи кемуге материалдық бағалы заттардың мынадай атаулары енгізіледі: қоршаған ортаның табиғи ықпал етуінің нәтижесінде (ауа температурасы, сақтау шарттары, өнім әзірленген материалдың табиғи бұзылуы, материал) пайдалану және сақтау кезінде кепкен, жаншылған және бүлінген азық-түлік өнімдері, жем-шөп, жанар және жағармай материалдары, газсыздандыру, дезинфекциялау және бәсеңдету рецептурасы (ұнтақ), түтіндету қоспасы.
Toggle Dropdown
14. Техникалық жай-күйінің актісін ресімдеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
актінің 1-бөлімінде бірінші жолда қару-жарақтың (техника, жабдық) базалық үлгісі немесе акт ресімделетін мүлік жиынтығының атауы жазылады. Келесі жолдарда нөмірлері бойынша есепке алынатын оның жинақтаушы бұйымдары (қозғалтқыштар, агрегаттар, зеңбіректер, іске қосу қондырғылары, пулеметтер, радиоэлектронды қабылдау-тарату құрылғылары, тораптар) жазылады. Есептік нөмірлері және техникалық құжаттама көрсетіледі;
Toggle Dropdown
актінің 2-бөлімінде есептен шығарылатын мүліктің техникалық-пайдалану көрсеткіштері бейнеленеді;
Toggle Dropdown
актінің 3-бөлімінде есептен шығарылатын әскери мүлікте орнатылған жинақтаушы бөлшектер мен ҚКЖ, қосымша жабдық, сондай-ақ техникалық құжаттама жазылады;
Toggle Dropdown
4-бөлімде мүліктің істен шыққан күні мен орны, қару-жарақ пен техника бойынша - қозғалтқышты іске қосу және жүріспен тексеру (жұмыс режимінде), басқа мүлік бойынша – сыртынан қарау кезіндегі техникалық жай-күйі жазылады;
Toggle Dropdown
5-бөлімде мерзімінен бұрын тозу немесе бүліну себептері және жүргізілген тергеу туралы деректер жазылады. Жүйе орнатылған қару-жарақ пен әскери техниканың базалық үлгісіне оның техникалық жай-күйі туралы жеке қорытынды беріледі, қажетті жөндеудің санаты мен түрі айқындалады. Бұл жағдайда актінің қосымша данасы базалық үлгі есепке алынатын қызметтің бастығына жіберіледі;
Toggle Dropdown
6-бөлімде осы мүлікке қандай өңдеу жұмыстары және бюллетеньдер жүргізілгені, толық жабдықтау және жарақтау немен және қашан жүргізілгені көрсетіледі;
Toggle Dropdown
7-бөлімде комиссия есептен шығарылған мүлікті уәкілетті органға кәдеге жарату үшін беру жағдайын қоспағанда, мүлікті жалпы және әрбір құрылғысы бойынша неғұрлым мақсатты пайдалану туралы ұсыныс енгізеді. Құрамында бағалы (түрлі-түсті) металдар мен бағалы тастар бар мүлік бойынша оларды бөлек алу және мамандандырылған кәсіпорынға тапсыру мақсатқа сай екені туралы қорытынды шығарылады.
Toggle Dropdown
14. Материалдық емес активтің бекітілген техникалық жай-күйінің актісі онда көрсетілген мүлікті әскери бөлімнің есебінен шығаруға негіз болады, қалған мүлік бойынша белгіленген тәртіппен есептен шығарылған мүлікті бөлшектегеннен кейін алынған агрегаттарды, тораптарды, аспаптарды, бөлшектерді, материалдарды, металл сынықтарын және басқа да мүлікті кіріске алғаннан кейін немесе есептен шығарылған мүлікті кәдеге жаратуға (өткізуге) бергеннен кейін бекітілген техникалық жай-күйінің сапалық жай-күйін өзгерту актілері есептен шығару үшін негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
15. Бекітілген техникалық жай-күйі актісінің бірінші данасы пайдаланылмайтын мүлікті қабылдау-тапсыру актісімен бірге мүлікті есептен шығару есебінде көрсету үшін қаржы қызметіне беріледі, екінші данасы тиісті қызметте қалады, үшінші данасы жоғары тұрған мемлекеттік мекемеге жіберіледі.
Toggle Dropdown
16. Сапалық жай-күйін өзгерту актісі:
Toggle Dropdown
1) техникалық жай-күйі актісін ресімдеу қажеттілігі болмаған жағдайларда мүлікті пайдаланудың (сақталу) белгіленген мерзімінің аяқталуы бойынша сапалық (техникалық) жай-күйін өзгертуді және есептен шығаруды өзгертуге;
Toggle Dropdown
2) белгіленген тәртіппен есептен шығарылған қару-жарақты, техника мен басқа да мүлікті бөлшектеуден алынған жекелеген агрегаттарды, тораптарды, аспаптарды, қосалқы бөлшектерді, метал сынықтарын және заттай мүлікті сөгу кезінде алынған шүберекті кіріске алуды ресімдеуге арналған.
Toggle Dropdown
17. Сапалық жай-күйін өзгерту актісі үш данада жасалады: актінің бірінші данасы материалдық жауапты адамда қалады және жойылудан алынған жарамды тораптар мен бөлшектерді, сынықтарды, қалдық заттарды және т.б. қоймаға өткізу үшін негіз болады; екінші данасы қаржы қызметіне беріледі; үшінші данасы жоғары тұрған мемлекеттік мекемеге жолданады.
Toggle Dropdown
Сапалық жай-күйін өзгерту актісін бекіткен адамның қолы мөрмен расталады.
Toggle Dropdown
18. Актінің мазмұнды бөлігінде деректеме-негіздеме болып:3-7-бағандарда – есептен шығарылатын немесе бөлуге (сөгу) жататын мүлік бойынша есептік деректер; 9-14-бағандарда – қару-жарақты, техниканы және басқа да мүлікті бөлшектеу (бөлу, сөгу) кезінде алынған жекелеген агрегаттардың (тораптардың, аспаптардың, қосалқы бөлшектердің), металл сынықтарының, шүберектердің және т.б. сандық және сапалық жай-күйі туралы деректер жазылады.
Toggle Dropdown
19. Бекітілген сапалық жай-күйін өзгерту актісінде жазбаның бухгалтерлік есеп бойынша жүргізілгені туралы белгі қойылады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Инспекторлық куәліктер бойынша әскери мүлікті есептен шығаруды ұйымдастыру
Toggle Dropdown
20. Әскери мүлікті есептен шығаруға арналған инспекторлық куәліктерді беруді Министрліктің келісімі бойынша мемлекеттік мекемелердің басшылары жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
21. Куәліктер:
Toggle Dropdown
1) мүлік дүлей зілзалалар немесе әскери іс-қимылдар салдарынан жоғалған;
Toggle Dropdown
2) мүлік өрт, апат немесе авария салдарынан жоғалған және лауазымды, басқа адамдарды материалдық жауапершілікке тарту үшін негіздер болмаған;
Toggle Dropdown
3) мүлік қарсыластың басып алуын, жеке құрамның денсаулығына қауіп төндіруін болдырмау және жұқпалы аурулардың алдын алу мен жою мақсатында әскери қолбасшылықтың өкімі бойынша жойылған, жарамсыз (шекті) күйге келтірілген немесе жоғалған;
Toggle Dropdown
4) мүлік әскери іс-қимылдар жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары жеке құрамының өміріне қауіп төнген кезде жойылған, жарамсыз күйге келтірілген немесе жоғалған;
Toggle Dropdown
5) егер мүлікті жоғалтумен келтірілген залал кінәліден өндіріп алуға сот органдары айқындаған сомадан асқан немесе кінәліге заң бойынша әкімшілік тәртіппен салуға болатын сомадан асқан;
Toggle Dropdown
6) мүлікті жоғалтумен келтірілген залал сынаулар немесе оқу-жаттығулар барысында, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жол берілген және келтірілген залалдың сомасын кінәлі адамдардың есебіне жатқызу үшін негіз болмаған;
Toggle Dropdown
7) мемлекетке залал келтіруде кімде-кімнің кінәсі мойындалмаған (осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда);
Toggle Dropdown
8) сот дұрыс ресімделген және тиісті талапкерге уақтылы ұсынған актіден бас тартқан, ал оның шағымын жоғары тұрған орган қарағаннан және сот арыздан бас тарту туралы шешім шығарғаннан кейін - талапкер бас тартумен келіспеген;
Toggle Dropdown
9) мүлік ұрлау салдарынан жоғалған немесе жойылған, ал осыған кінәлі, айыпталушылар ретінде тартылуы тиіс адамдар анықталмаған не тергеуден әлде соттан жасырынған, өзге себептермен олардың орналасқан орны белгісіз болған; Бұл жағдайларда куәліктер беру іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешім шығарылғаннан кейін жүргізіледі;
Toggle Dropdown
10) борышкердің қайтыс болуына немесе жойылуына байланысты өндіріп алуды жаңғырту мүмкін болмаған, одан кейін заң бойынша белгіленген тәртіппен өндіріп алу бағытталатын мүлік қалмаған жағдайда беріледі.
Toggle Dropdown
22. Жарамсыз (шекті) күйге келген, олардың өндірістік сапасыздығы немесе конструктивтік кемшіліктеріне байланысты кепілде тұрған мүліктің барлық түрін есептен шығару өнім беруші кәсіпорыннан белгіленген тәртіппен келтірілген нұқсанды өндіріп алғаннан кейін ғана жүргізіледі.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрлігінің әскери мүлкін
есепке алуды және
есептен шығаруды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа қосымша
Toggle Dropdown
БЕКІТЕМІН
Toggle Dropdown
Мемлекеттік мекеменің басшысы
Toggle Dropdown
____________________________
Toggle Dropdown
(әскери (арнайы) атағы, қолы,
Toggle Dropdown
Т.А.Ә. (егер болса)
Toggle Dropdown
20___ ж «____» __________
Toggle Dropdown
Атқарылған жұмыстар актісі
Toggle Dropdown
Мына құрамдағы комиссия _________________________________________________ (комиссия төрағасы мен мүшелерінің әскери атағы, тегі) _________________________________________________________________негізінде (бұйрықтың нөмірі мен шыққан күні) құжаттармен танысу және объектілерді қарау кезінде ________________________________________________________________анықтады. (атқарылған жұмыстардың сипаттамасы) Жұмыс төменде көрсетілген шығыс және жинақтаушы материалдарды пайдалана отырып жүргізілді:
Toggle Dropdown
Р/с №
|
Атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Саны
|
Бір бірліктің бағасы
|
Сомасы (теңге)
|
Ескертпе
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Жұмысты орындады:____________________________________________________ (жұмысты жүргізген адамның әскери (арнайы) атағы, қолы, Т.А.Ә. (егер болса) Жұмысты қабылдады:____________________________________________________ (жұмысты қабылдаған адамның әскери (арнайы) атағы, қолы, Т.А.Ә. (егер болса) Комиссияның қорытындысы: _____________________________________________
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы: _________________________________________________________________ (әскери (арнайы) атағы, қолы, Т.А.Ә.) (егер болса) Комиссия мүшелері: _________________________________________________________________ (әскери (арнайы) атағы, қолы, Т.А.Ә.) (егер болса) 20____жылғы «___»______________ Ескертпе: 2-бағанда жинақтаушы материалдардың маркасы мен моделі, ал 7-бағанда атқарылған жұмыстар туралы қысқаша ақпарат жазылады. Мысалы: FDD дисководы БАЖ бөлімінің №000000 компьютеріне орнатылған және т.б.