Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 және «Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 247 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысында:
«1. Осы Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 100-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жекешелендіру объектілерін аукцион мен тендер, жабық тендер, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықтарда, сондай-ақ тікелей атаулы сату арқылы сату, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату тәртібін реттейді.»;
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:»;
«1) ағымдағы баға – жекешелендіру объектісінің бағаны көтеру аукционы нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын бағасы немесе бағаны төмендету аукционы нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын жарияланған баға;
2) алғашқы баға – тәуелсіз консультанттар немесе бағалаушы ұсынған жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің негізінде айқындалатын және мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия белгілейтін жекешелендіру объектісінің бағасы;»;
«20) сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен арттырылатын аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс;
21) сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі – бастапқы бағасы жарияланған қадаммен төмендетiлетiн аукцион нысандағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс;»;
«2-тарау. Комиссия»;
«14. Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу үшін сатушы міндетті түрде комиссия құрады, оның құрамына сатушының, басқа да мемлекеттік атқарушы органдардың (аумақтық бөлімшелердің) және (немесе) өкілді органдардың, Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен өңірлік кәсіпкерлер палаталарының (жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияларға) өкілдері енгізіледі. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды. Сатушының өкілі комиссия төрағасы болып табылады. Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.»;
«3-тарау. Сауда-саттықты өткізуге дайындық»;
«3) әрбiр жекешелендiру объектiсiнiң сауда-саттық нысаны айқындалады;»;
«24. Сауда-саттық өткiзiлетiндiгi туралы хабарламаны сатушы олар өткiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он бес күн қалғанда жариялайды.
Хабарлама қазақ және орыс тiлдерiнде тізілімнің веб-порталында жарияланады.
Монополияға қарсы заңнаманың талаптары қолданылатын акцияларды, ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы үлестерді, мүліктік кешендер ретінде мемлекеттік кәсіпорындарды сату туралы хабарламаны объект (сату кестесі) бойынша ақпарат тізілімге енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін жариялауға жол беріледі.»;
26-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
«Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталындағы деректерге тиісті өзгерістер енгізеді.»;
«32. Аукционға, тендерге және жабық тендерге қатысушылардың өтінімдері және оларға қоса берілетін электрондық (сканерленген) құжаттардың көшірмелері тізілімнің дерекқорында сақталады және сауда-саттықтың өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеу және қарау үшін қолжетімсіз болады.»;
«Егер сауда-саттыққа шығарылған акционерлік қоғамдар акцияларының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің мемлекетке тиесілі жүз пайызы өткізілген үш сауда-саттық нәтижесі бойынша сатылмаған болса, аталған заңды тұлғалар қосылу не бірігу арқылы қайта ұйымдастырылуға немесе таратылуға жатады.»;
«4-тарау. Аукцион өткiзу»;
«40. Аукцион екі әдіспен:
1) бағаны көтеру;
2) бағаны төмендету арқылы өткізіледі.
Аукционды бағаны көтеру әдісін қолдана отырып өткiзген кезде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.
Аукционды бағаны төмендету әдісін қолдана отырып өткізген кезде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы алғашқы бағаны 3-ке тең арттыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
41. Жекешелендiру объектiсi бірінші сауда-саттыққа аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып шығарылады.
Жекешелендiру объектiсi екінші сауда-саттыққа аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, алғашқы бағаның елу пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады.
Жекешелендiру объектiсi үшінші сауда-саттыққа аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, ең төмен баға белгіленбей шығарылады.
Аукцион нысанындағы әрбір кейінгі сауда-саттық алдыңғы аукцион күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі.»;
«44. Жекешелендіру объектісі бойынша аукцион басталған сәтте тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда, осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады және сатушы тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қояды.
45. Егер аукцион залында бағаны көтеру аукционы басталғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін бастапқы баға бойынша сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілмеді деп танылады.
Егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және тіркелген қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда бағаны төмендету аукционы өткізілмеді деп танылады.
Егер бағаны төмендету аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады.
Осы Қағиданың осы тармағында көзделген жағдайларда сатушы тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі өткізілмеген сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.»;
«47. Бағаны көтеру аукционы:
1) егер аукцион залында бастапқы баға расталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға ұлғайту арқылы жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растаса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;
1-1) егер аукцион залында бастапқы баға расталғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын ұлғайту жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда бастапқы бағаны растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы сату объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;
2) егер ағымдағы баға ұлғайғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын ұлғайту жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;
3) егер бағаны көтеру аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.
Бір ғана қатысушы қатысқан бағаны көтеру аукционы, егер қатысушы бастапқы бағаны растаса, өтті деп танылады.
48. Бағаны төмендету аукционы:
1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;
2) егер баға азайтылғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы ағымдағы бағасы белгіленген қадамға азаяды.
Жекешелендіру объектісін ағымдағы баға бойынша сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету аукционының жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
Бір ғана қатысушы қатысқан бағаны төмендету аукционы, егер қатысушы бастапқы және жарияланған бағаны растаса, өтті деп танылады.»;
«5-тарау. Тендердi және жабық тендерді өткiзу»;
«57. Тендер ашық болуға тиіс. Ұлт қауiпсiздiгiн, қоршаған табиғи ортаны қорғауды, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Yкiметiнің шешімі бойынша тендер жабық өткiзiлуi мүмкiн.»;
«60. Жекешелендіру объектісін екінші және үшінші тендерге немесе жабық тендерге шығару кезінде бастапқы баға алдыңғы тендердің немесе жабық тендердің бастапқы бағасының елу пайызына төмендетіледі.
Әрбір келесі тендер немесе жабық тендер алдыңғы тендер немесе жабық тендер өткізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі.»;
«62. Жекешелендіру объектісі бойынша тендер немесе жабық тендер басталған сәтте тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда тендер немесе жабық тендер өтпеді деп танылады. Егер қатысушы бастапқы бағадан кем болмайтын құн ұсынса, бір ғана қатысушы қатысқан тендер немесе жабық тендер өтті деп танылады.»;
«69. Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына осы Қағиданың 67 және 68-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі күші жойылған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.»;
«6-тарау. Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату»;
«7-тарау. Екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс»;
«75. Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс жекешелендіру бағасының басымдығын және (немесе) өзге де шарттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тәуелсіз консультанттардың қатысуымен өткізіледі.»;
«2) сатушының жекешелендiру объектiсiн сату туралы хабарламаны тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялауы, сондай-ақ тәуелсіз консультанттың әлеуетті сатып алушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсынысты жіберуі;»;
«8-тарау. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату»;
«9-тарау. Тiкелей атаулы сату»;
«Тікелей атаулы сату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінде объектінің және стратегиялық инвестордың атауы, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген міндеттемелер тізбесінен міндеттемелерді қабылдау туралы стратегиялық инвесторға қойылатын талаптар және міндеттемелерді орындау мерзімдері қамтылады.»;
«Мүлiктiк жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару мерзімі ішінде нарықтық құн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне сәйкес индекстеуге жатады және сатып алу-сату шарты жасалған күннен кейін үш жылдан аспайтын мерзімге бөлу арқылы төленуі мүмкін. Жекешелендіру объектісін бөліп-бөліп төлей отырып, нарықтық құны бойынша сатып алу мүмкіндігі сатып алу құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендердің шарттарына енгізіледі. Нарықтық бағаны бөліп-бөліп төлеудің мерзімі мен тәртібі сатып алу-сату шартында ескеріледі.»;
«10-тарау. Есеп айырысу тәртiбi»;
«94. Бастапқы жарнаны сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде енгізеді. Кейіннен енгізілетін сомаларға пайыздар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне сүйене отырып есептеледі. Келесі сомаларды енгізу кемінде тоқсанына бір рет жүзеге асырылуда тиіс.»;
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2023 жылғы № 550 Қаулысымен (16.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |