Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 313 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 313 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің мемлекеттiк тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің мемлекеттiк тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі олар нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілген сәттен бастап бір күн ішінде автоматты түрде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде МОИП арқылы уәкілетті ұйымға жібереді.
МОИП-қа қолжетімділік болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде және (немесе) оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен, мемлекеттік органның мөрімен расталған және Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуші мемлекеттік органдар мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде бір данада қағаз және электрондық түрде уәкілетті ұйымға жібереді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде және (немесе) оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен, «Қызмет бабында пайдалану үшін», «Баспасөзде жарияланбайды», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдар мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылып, электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті ұйымға деректемелер түрінде жібереді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы Қағидалардың 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдар қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде уәкілетті ұйымға жібереді.».
2. «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидалары осы өзгерiстерге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы»;
1-1-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидалары осы өзгерiстерге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
___________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген
Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 35-1-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және мынадай нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу, мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды:
1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
2) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
3) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
4) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары.
Қағидалардың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген орталық және жергілікті органдар әзірлеуші мемлекеттік органдар болып табылады. Бұл ретте орталық органдар деп осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген актілерді қабылдайтын органдар түсініледі, ал жергілікті органдар деп мәслихаттар, әкімдіктер, тексеру комиссиялары және әкімдер түсініледі.
2. «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысымен бекітілген мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2-тарау. Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу тәртібі
1-параграф. Нормативтік құқықтық актінің жобаларын әзірлеу тәртібі
3. Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу жөніндегі орталық және жергілікті органдардың құзыреті Заңның 18-бабының 4-тармағын және 34-бабының 3-тармағын ескере отырып айқындалады.
4. Нормативтік құқықтық актілер қазақ және орыс тілдерінде әзірленеді.
5. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу сапасын, әдеби тiл нормаларының, заң терминологиясы мен заң техникасының сақталуын, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығын әзірлеуші мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
6. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберілгенге дейін орталық және жергілікті органдар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 82 және 83-баптарының талаптарын ескере отырып, реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі.
Реттеушілік әсерді талдау қорытындыларымен келіспеген жағдайда кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді.
Реттеушілік әсерге жүргізілген талдаулардың нәтижелері жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастырылады.
7. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган Заңның 19-бабында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және осы орган жанындағы Сараптама кеңесі мүшелерінің сараптама қорытындыларын алуды қамтамасыз етеді.
Әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысымен келіскен кезде нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы қорытындыны берген сараптама кеңесі мүшесіне және Ұлттық палатаға келіспеу себептерінің негіздемесімен жауап жібереді. Мұндай жауап нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін оның жобасына міндетті қосымша болып табылады.
8. Әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасы осы жоба мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберілгенге дейін жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.