Toggle Dropdown
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте

Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (9-шығарылым) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 мамырда № 22707 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2025 жылғы 6 мамырдан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 18.04.2025 жылғы № 176-НҚ Бұйрығына сәйкес
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (9-шығарылым) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет миинистрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. «Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай-біліктілік анықтамалығы (9–шығарылым)» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 98-ө-м бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7597 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 маусымда № 88 (2096) «Заң газеті» газетте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Шапкенов
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығына қосымша
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (9-шығарылым)
1-тарау. Кіріспе
1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (9-шығарылым) (бұдан әрі – БТБА (9-шығарылым) электр станциялары мен желілерінің жабдықтарын жөндеу, электр станциялары мен желілерінің жабдықтарын пайдалану, энергия тұтынушыларына қызмет көрсету бойынша жүзеге асырылатын жұмыстарын көздейді.
2. БТБА-ны (9-шығарылым) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген.
3. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да (9-шығарылым) көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік мақсатына және ұйымдық-құқықтық мақсатына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
2-тарау. Электр станциялары мен желілерінің жабдықтарын жөндеу жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік - біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Әуедегі электр беру желілерін жөндеу жөніндегі электрмонтер, 2-разряд
4. Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым құрылғылар мен бөлшектерді, кронштейндерді, ілмектерді, қайырмаларды, шплинттерді және өзгелерді дайындау жөніндегі қарапайым слесарь операцияларын орындау;
механизмсіз жер қазу жұмыстары;
біліктілігі анағұрлым жоғары электрмонтердің басшылығымен тіреулерді құрастыру;
тіреулерді жоғарыға шықпай бояу;
ажыратылған электр беру желісіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі төмендегі қолқабыс қарапайым жұмыстар;
ажыратылған электр беру желісінде габариттерді өлшеу, изоляцияны ауыстыру, тіреулердің жай-күйін тексеру жөніндегі төмендегі жұмыстар;
жүктерді бекіту және босату кезіндегі такелаж жұмыстары;
жөндеу, монтаждау және такелаж құрылғылары мен құралдарын орнынан қою.
5. Білуге тиіс:
электр берудің әуе желілерін анықтау және мақсаты;
тіреулердің, сымдардың, изоляторлар мен желілік арматураның құрылымы мен түрлері;
слесарлық және монтердің құрылғылары мен құралдарын пайдалану тәртібі;
қолданылатын қорғаныс құралдарының түрлері;
әуедегі электр беру желілерін қарау және олардың ақауларын анықтау тәртібі;
электр желілерінің күзет аймақтарына қойылатын талаптар;
кернеусіз электр беру желілерін жөндеу және алдын алу кезіндегі жоғарғы жұмыстардың жолдары;
жоғары өрмелеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптар;
желілердің ток өткізгіш және жерге тұйықталған бөліктері арасындағы оқшаулау арақашықтығы;
электротехника негіздері;
ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары;
кернеумен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша талаптар.
6. Жұмыс үлгілері:
1) сымы бар барабандар – жазу құрылғыларына орнату және түсіру;
2) монтаждау болттары – қимасын жетілдіру;
3) жөндеу қысқыштары – дайындау және орнату;
4) изоляторлар – орауын жазу, тазалау және қоймада сүрту;
5) сымдар мен тростар – қолмен жазу;
6) тіреу элементтері – болтты құрастыру.