• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қызметкерлеріне және аумақтық бөлімшелерінің басшыларына сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақы белгілеу тәртібін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қызметкерлеріне және аумақтық бөлімшелерінің басшыларына сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақы белгілеу тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 25 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесінің 2-тармағына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қызметкерлеріне және  аумақтық  бөлімшелерінің басшыларына сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақы белгілеу тәртібі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын өз бақылауыма аламын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төрағаның міндетін атқарушы Н. Сәдуақасов
  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитетінің төрағасы
міндетін атқарушысының
2021 жылғы 2 ақпандағы № 25
 бұйрығына қосымша
  • 1
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қызметкерлеріне,  аумақтық  бөлімшелерінің басшыларына сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақы белгілеу тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қызметкерлеріне және  аумақтық  бөлімшелерінің басшыларына сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақы белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңдарына,  «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысына (бұдан әрі – № 1127 қаулы), «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (бұдан әрі – № 1193 қаулы) сәйкес,  Комитеттің қызметкерлеріне және аумақтық  бөлімшелерінің басшыларына лауазымдық (қызметтік) міндеттерді тиісінше орындағаны үшін, сондай-ақ оларды өздерінің функциялары мен міндеттерін уақтылы әрі сапалы орындауына ынталандыру үшін көтермелеу жүйесін реттеу мақсатында әзірленді.
2. Сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу № 1127 және № 1193 қаулыларға сәйкес ақшалай қаражат үнемделген есебінен жүзеге асырылады.
2-тарау. Сыйлық беру шарттары мен тәртібі
3. Сыйлық беруге құқық беретін, қызметкердің қызмет нәтижелерін сипаттайын негізгі көрсеткіштер:
1) мемлекеттік, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау, олардың функциялар мен міндеттерді тиісінше орындауы;
  • 1
2) белгілі бір кезең ішіндегі, оның ішінде қол жеткізілген көрсеткіші үшін жұмыс нәтижелері;
3) лауазымдық міндеттерді үлгілі орындау, мінсіз мемлекеттік қызмет, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;
4) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен Комитет басшылығының бағдарламалық құжаттарын, тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;
  • 1
5) егер осы өкілеттіктер қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне кірмесе, заң жобаларын, конвенцияларды, келісімдерді, шарттарды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
6) Комитеттің, аумақтық бөлімшенің одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмыс істеуі оның шұғыл орындалуына байланысты болатын кезек күттірмейтін және алдын ала күтілмеген жұмыстарды орындау;
7) мерейтой (50, 55, 60 жас) және мереке күндері;
8) Комитеттің оң имиджін нығайту және ілгерілету;
  • 1
9) тәлімгерліктің тиімділік нәтижелері болып табылады.
Қызметкерлерге сыйлық беру 6, 9 айдың қорытындысы және жылдық қорытынды бойынша тоқсан сайын, сондай-ақ бір реттік жүзеге асырылуы мүмкін.
Осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 9) тармақшаларының әрекеті Комитеттің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне қолданылмайды.
4. Тоқсан сайынғы сыйлық беру әрбір қызметкерге жалақысы сақталмайтын демалыста және еңбекке уақытша жарамсыз болған (қызметкердің тікелей өзі) кезеңді қоспағанда қызметкердің лауазымдық жалақысының 50%-ы есебімен жүзеге асырылады.
5. Сыйлық беру Төраға орынбасарларының, аумақтық бөлімшелері басшыларының және Төрағаға тікелей бағынышты құрылымдық бөлімшелер басшыларының ұсыныстары негізінде жүргізіледі. Төраға орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары және Төрағаға тікелей бағынышты құрылымдық бөлімшелердің басшылары белгіленген мерзімге сәйкес атқарған жұмыс нәтижелері бойынша жеке-жеке әрбір қызметкерге сыйлықақы мөлшері орнатылады.
6. Тәлімгерліктің тиімділік нәтижелері бойынша сыйлық беру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 21 бұйрығымен бекітілген  Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шаттарын және тәлімгерлерді бекітудің тәртібіне сәйкес жетекшілік ететін Төраға орынбасарының ұсынысы бойынша жүргізіледі.
7. Комитеттің қызметкерлеріне және  аумақтық  бөлімшелерінің басшыларына мерейтой күндеріне (50, 55, 60 жас) сыйлық беру бір лауазымдық жалақы мөлшерінде жүргізіледі.
8. Мереке күндеріне сыйлық беру Комитетің барлық қызметкерлері үшін бірдей мөлшерде (лауазымдық жалақыға пайыздық қатынаста, не абсолюттік мәнде) белгіленеді.
Аумақтық  бөлімшелердің басшыларына мереке күндерге сыйлық беру лауазымдық жалақыға пайыздық қатынаста, не абсолюттік мәнде белгіленеді.
9. Сыйлық беру:
1) қызметкерде алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде;
2) тиісті органда және ұйымда бір айдан кем жұмыс істеген болса;
3) сынақ мерзімінен өту кезеңінде жүргізілмейді.
10. Комитеттің қызметкерлеріне сыйлық беру мөлшері Комитеттің қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражаттың қалыптасуына қарай Комитет төрағасының шешімімен айқындалады.
Аумақтық  бөлімшелердің басшыларына сыйлық беру мөлшері мен кезеңділігі Комитеттің, аумақтық бөлімшенің қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражаттың қалыптасуына қарай  жүргізіледі.
3-тарау. Лауазымдық жалақыға үстемеақылар белгілеу шарттары мен тәртібі
11. Комитеттің қызметкерлеріне,  аумақтық  бөлімшелердің басшыларына лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу:   
1) өзінің негізгі жұмысынан босамай, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған қызметкерлердің функцияларын орындағаны;
2) оған міндеттердің кеңейтілген аясы жүктелгені, жоғары кәсіптік деңгеймен және құзыреттілікпен, оларды практикада табысты қолданумен ұштасатын жұмыстағы жеткілікті тәжірибесі (өтілі) мен дағдысы, сондай-ақ басқа да көрсеткіштері;
3) мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтерді қамтитын құжаттармен жұмыс, оларды орындалу көлеміне қарай, сондай-ақ негізгі қызметі мемлекеттік құпиялармен байланысты мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, оның  кейбір құқықтарына шек қойылғаны және қосымша жауапкершілік жүктелгені үшін жүзеге асырылады.   
12. Үстемеақылар қызметкерді белгілі жағдайларға байланысты төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде:
1) еңбек ету кезінде мертігу, кәсіби науқас немесе осы органда еңбек міндеттемелерін орындауға байланысты денсаулығының өзге де бұзылуы еңбек қабілеттігін қалпына келтіргенге не мүгедектік белгіленгенге дейін;
2) ауысқан (тағайындалған) күнінен бастап бір жыл ішінде органды басқару құрылымы өзгерген кезде белгіленуі мүмкін.
13. Үстемеақылардың ең жоғары мөлшері қызметкердің лауазымдық жалақысы мөлшерінің елу пайызынан  аспауы тиіс.
14. Қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына үстемеақылар ағымдық қаржы жылына белгіленеді.
15. Комитеттің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне үстемеақылар белгілеу № 1193 қаулыға сәйкес жүзеге асырылады.
16. Қызметкер сынақ мерзімінен өту кезеңінде үстемеақылар төлеу жүргізілмейді.
17. Лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу Комитет Төрағасы орынбасарларының және Комитеттің аумақтық және құрылымдық бөлімшелері  басшыларының ұсыныстары негізінде Комитет Төрағасының бұйрығымен жүргізіледі.
4-тарау. Материалдық көмек көрсету шарттары мен тәртібі
18. Комитеттің қызметкерлеріне және  аумақтық  бөлімшелердің басшыларына материалдық көмек көрсету:
1) оның отбасы мүшелері, жақын туыстарының (ерлі-зайыптылардың, ата-аналарының, балаларының, асыраушыларының, асырап алынғандарының, толық туысты және толық туыс емес ағалары мен әпкелерiнiң, аталарының, әжелерiнiң, немерелерiнiң) немесе құда-жекжаттарының (ерлі-зайыптылардың ата-анасының, аға-інісінің, әпке-сіңлісінің, балаларының) қайтыс болуы – 1 (бір) лауазымдық жалақы мөлшерінде;
2) некеге тұру – 1 (бір) лауазымдық жалақы мөлшерінде;
3) бала туылған, бала асырап алған – әр балаға 1 (бір) лауазымдық жалақы мөлшерінде;
4) қосымша қаржылық шығындарды талап ететін емдеу жүргізілген (санаторийліктен басқа, стационарлық немесе амбулаторлық емдеудің 10 күнтізбелік күнінен астам) растайтын құжаттарды көрсеткен кезде нақты шығыстар бойынша (шот-фактурасы, фискальды түбіртек), бірақ 1 (бір) лауазымдық жалақыдан артық емес;
5) оған қатысты құқыққа қарсы іс-қимылдар жасалуы, (тонау, ұрлық және т.б.), сондай-ақ, растайтын құжаттарды көрсеткен кезде дүлей зілзала апаттары (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) салдарынан қызметкерге мүліктік зиян келтірілген – 1 (бір) лауазымдық жалақыдан артық емес;
6) қызметкер зейнеткерлiкке шығуымен байланысты мемлекеттік қызметті тоқтатқан  жағдайларында – 1 (бір) лауазымдық жалақы мөлшерінде жүзеге асырылады.
19. Материалдық көмек көрсету қызметкердің материалдық көмекті алу құқығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, оның жазбаша өтініші негізінде (оқиға болған сәттен бастап бес айдан кешіктірмей) Комитет төрағасының бұйрығымен жүргізіледі.