Toggle Dropdown
2
Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 мамырда № 22682 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 05.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Мыналардың:
Toggle Dropdown
1) «Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1271 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12803 болып тіркелген);
Toggle Dropdown
2) «Ашық бюджет интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1271 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 328 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17290 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
1
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитеті
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 149 Бұйрықпен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) ақпаратты пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
2) ашық бюджеттердің интернет-порталы – бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі (бұдан әрі – Портал);
Toggle Dropdown
3) ашық бюджеттер интернет-порталының автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторы ұсынатын, ашық бюджеттер интернет-порталында орналастырылатын баптаулар мен контентті басқаруға арналған қосымша;
Toggle Dropdown
4) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
Toggle Dropdown
5) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
6) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, өзіне бекітіп берілген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген заңды тұлға;
Toggle Dropdown
7) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін ақпараттық жүйе.
Toggle Dropdown
2-тарау. Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібі
Toggle Dropdown
3. Порталда қол жеткізу шектелген ақпаратты қамтымайтын бюджеттік есептілік, шоғырландырылған қаржылық есептілік, қаржылық есептілік, азаматтық бюджет, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері орналастырылады.
Toggle Dropdown
Ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.
Toggle Dropdown
4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 124-бабының 1-тармағы 3) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген бюджеттік есептілікті оны қалыптастыру мерзімдері өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде, Кодекстің 124-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацында (есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бөлігінде) көрсетілген бюджеттік есептілікті бекітілгеннен кейін бір ай өткен соң, азаматтық бюджетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 15 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16261 болып тіркелген) Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларына сәйкес айқындалған тәртіппен ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінші күні Порталда орналастырады.
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Кодекстің 124-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген бюджеттік есептілікті оны қалыптастыру мерзімдері өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде Порталда орналастырады.
Toggle Dropdown
5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Кодекстің 118-бабында көрсетілген шоғырландырылған қаржылық есептілікті есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Порталда орналастырады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Порталға сыртқы аудит растаған нысан бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің жылдық есебін бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орналастырады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі порталға қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жылдық есебін бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орналастырады.
Toggle Dropdown
6. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері азаматтық бюджетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы №15 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16261 болып тіркелген) Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларына сәйкес айқындалған тәртіппен Порталда орналастырады.
Toggle Dropdown
7. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарынан оларды алғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде Порталда орналастырады.
Toggle Dropdown
8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік есептілікті Оператор ұсынған АЖО арқылы орналастырады немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелері арқылы Порталға береді.
Toggle Dropdown
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Порталда ақпаратты орналастыруды (ақпаратты ақпараттық жүйелер арқылы Порталға беруді) және АЖО-мен жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлерді өздері дербес айқындайды.
Toggle Dropdown
3-тарау. Ашық бюджеттердің интернет-порталында бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау тәртібі
Toggle Dropdown
9. Бюджеттік бағдарламалардың жобалары бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жанындағы қоғамдық кеңестердің отырыстарына (олар болған кезде) ұсынылғанға дейін, бірақ ағымдағы қаржы жылының 15 мамырынан кешіктірілмей бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жария талқылауы үшін Порталда орналастырылады.
Toggle Dropdown
Жария талқылау үшін бюджеттік бағдарламалар жобаларының Порталда болу мерзімі оларды Порталда орналастырған күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды.
Toggle Dropdown
10. Өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жанындағы қоғамдық кеңестердің отырыстарына ұсынылғанға дейін, бірақ есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жария талқылауы үшін Порталда орналастырылады.
Toggle Dropdown
Өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерге қосымша бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу фактілерін растайтын фотоматериалдар орналастырылады.
Toggle Dropdown
Жария талқылау үшін өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептердің Порталда болу мерзімі оларды порталда орналастырған күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды.
Toggle Dropdown
11. Порталда бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді орналастыру кезінде ақпаратты пайдаланушыларға бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді «жақтап» және «қарсы» дауыс беру мүмкіндігі беріледі.
Toggle Dropdown
12. Порталда бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді орналастырған күні бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ресми және (немесе) жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жария талқылауларды өткізу мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған баспасөз релизін орналастырады.
Toggle Dropdown
13. Жария талқылау үшін орналастырылған бюджеттік бағдарламалардың жобаларына және өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерге «электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген ақпаратты пайдаланушылардан ұсыныстар қабылданады.
Toggle Dropdown
Ақпаратты пайдаланушылардың бюджеттік бағдарламалардың жобаларына және өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерге ұсыныстары ақпаратты пайдаланушыларда «электрондық үкімет» веб-порталында есепке алу жазбасы болған жағдайда электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыруды талап етпейді.
Toggle Dropdown
1
14. Ақпаратты пайдаланушының ұсынысында мыңнан аспайтын таңба көрсетіледі. Бюджеттік бағдарламалар жобаларының және өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептердің таңдалған құрылымдық бөлігіне ұсыныстар жіберілген кезде бейәдеп лексика, тіл тигізетін сөздер пайдаланылмайды және таңдап алынған бюджеттік бағдарлама жобасына немесе өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепке жатпайтын жарнама, спам және ақпарат орналастырылмайды.
Toggle Dropdown
15. Оператор екі жұмыс күні ішінде ақпаратты пайдаланушылардың ұсыныстарының осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және қабылданған шешімді негіздей отырып, оларды Порталда жариялау не жариялаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
16. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ақпаратты пайдаланушылардың Оператор мақұлдаған ұсыныстарын орналастырылған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жария талқылау мерзімі ішінде қарайды және негіздемелерін көрсете отырып, оларды қабылдау не қабылдамау туралы шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
17. Бюджеттік бағдарламалар жобаларын және өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жария талқылау мерзімі өткеннен кейін Порталда орналастырылған құжаттарды жария талқылау нәтижелері бойынша есеп автоматты түрде қалыптастырылады, ол одан әрі жұмыста пайдалану үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жіберіледі.
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламаның жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есепті және өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Toggle Dropdown
1
Ашық бюджеттердің интернет-порталында
ақпаратты орналастыру және бюджеттік
бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік
бағдарламаларды іске асыру туралы
есептерді) жария талқылау қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламаның жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп
«_______________________________________________» (құжаттың атауы)
Toggle Dropdown
Бірегей нөмір:
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламаның жобасын орналастыру күні:
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламаның жобасын талқылауды аяқтау күні:
Toggle Dropdown
Есепті қалыптастыру күні:
Toggle Dropdown
Жобаны «жақтады» деген дауыстың барлығы:
Toggle Dropdown
Жобаға «қарсы» деген дауыстың барлығы:
Toggle Dropdown
Барлық ұсыныстар:
Toggle Dropdown
«Жақтады» деген дауыстың барлығы (ұсыныстар):
Toggle Dropdown
«Қарсы» деген дауыстың барлығы (ұсыныстар):
Toggle Dropdown
Бюджет түрі:
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды және атауы:
Toggle Dropdown
Қамтылатын кезең:
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламаның басшы:
Toggle Dropdown
|
Р/с №
|
Орналастыру күні
|
Құжаттың құрылым-дық бөлігі
|
Порталды пайдаланушының ұсынысының мәтіні
|
Мемлекеттік орган жауабының мәтіні
|
Ұсынысты «жақтады» деген дауыс саны
|
Ұсынысқа «қарсы» деген дауыс саны
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Toggle Dropdown
1
Ашық бюджеттердің интернет-порталында
ақпаратты орналастыру және бюджеттік
бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік
бағдарламаларды іске асыру туралы
есептерді) жария талқылау қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп
«_______________________________________________» (құжаттың атауы)
Toggle Dropdown
Бірегей нөмір:
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті орналастыру күні:
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті талқылаудың аяқталу күні:
Toggle Dropdown
Есепті қалыптастыру күні:
Toggle Dropdown
Жобаны «жақтады» деген дауыстың барлығы:
Toggle Dropdown
Жобаға «қарсы» деген дауыстың барлығы:
Toggle Dropdown
Барлық ұсыныстар:
Toggle Dropdown
«Жақтады» деген дауыстың барлығы (ұсыныстар):
Toggle Dropdown
«Қарсы» деген дауыстың барлығы (ұсыныстар):
Toggle Dropdown
Бюджет түрі:
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды және атауы:
Toggle Dropdown
Қамтылатын кезең:
Toggle Dropdown
Бюджеттік бағдарламаның басшы:
Toggle Dropdown
|
Р/с
№
|
Орналастыру күні
|
Құжаттың құрылымдық бөлігі
|
Порталды пайдаланушының ұсынысының мәтіні
|
Мемлекеттік орган жауабының мәтіні
|
Ұсынысты «жақтады» деген дауыс саны
|
Ұсынысқа «қарсы» деген дауыс саны
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|