Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 143 бұйрығы
Редакция 15.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-бабының 2-2-тармағына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 195 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2021 жылғы 14 мамырдағы № 143
бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану және кинематография салаларында ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Комитет егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық құқықтық қатынастардың тарапы ретінде қатынасуына құқығы бар.
6. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Төрағаның немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс.
9. Комитеттің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтайшы құжаты болып табылады.
11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда одан алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) Комитетке жүктелген өзге де міндеттер.
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларында нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларындағы нормативтік құқықтық актілерге заңнамада белгіленген тәртіппен құқықтық мониторинг жүргізу;
3) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
4) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
5) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттық іс-шараларын жүзеге асыру;
6) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды әзірлеу, сондай ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;
7) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
8) Қазақстан Республикасының мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
9) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
10) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізу;
11) шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларындағы ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдерді, сыйлықтар мен жүлделерді тағайындау;
12) республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидаларын әзірлеу;
13) талантты жастар мен перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздеуге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
14) көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларын әзірлеу;
15) Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
16) мемлекеттік музейлерде қор сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын әзірлеу;
17) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогін жүргізу қағидаларын және музей дерекқорын жүргізу қағидаларын әзірлеу;