БҰЙЫРАМЫН:
-
Өнімдер:
Бесплатные документы -
Айдарлар:
Обзоры изменений законодательства
Аннотации
Аннотации










Бесплатные документы
Обзоры изменений законодательства
Аннотации
Аннотации
Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 506 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 мамырда № 22882 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармағының төртінші-жетінші абзацтары осы Бұйрығының 4-тармағына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1 «Салықтық түсімдер» санатында:
05 «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар» сыныбында:
1 «Қосылған құн салығы» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 16 ерекшелікпен толықтырылсын:
«16 Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, жеке тұлғаларға электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде шетелдік компаниялардан түсетін қосылған құн салығы»;
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар», сыныбының 1 «Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» және 2 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің мұнай секторы ұйымдарына салатын айыппұлдары, өсімпұлдары, санкциялары, өндіріп алулары» кіші сыныбылардың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«04 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
1 Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
2 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің мұнай секторы ұйымдарына салатын айыппұлдары, өсімпұлдары, санкциялары, өндіріп алулары»;
66 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» ерекшелік алып тасталсын;
3 «Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер» санатында:
02 «Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату» сыныбында:
1 «Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 06 ерекшелікпен толықтырылсын:
«06 Мемлекеттік резервінің кәдеге жаратылған сатудан түсетін түсімдер»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
120 «Облыс әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
009 «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз ету және өткізу» бюджеттік бағдарлама бойынша:
мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен»;
122 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 011, 015, 028 және 032 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 010 бюджеттік бағдарламаласымен толықтырылсын:
«010 Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз ету және өткізу
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
028 Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен»;
608 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 017 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
«017 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ақпараттық жүйелерін құру және дамыту»;
690 «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 033 бюджеттік бағдарламаласымен толықтырылсын:
«033 Облыстық бюджеттерге аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз етуге және өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен»;
694 «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 055 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«055 Мемлекеттік органдар үшін автомашиналар паркін жаңарту»;
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
106 «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
008 «Азаптаулардың алдын алу жөніндегі Ұлттық алдын алу тетігін нығайту» бюджеттік бағдарламаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«008 Азаптаулардың алдын алу жөніндегі ұлттық алдын алу тетігін нығайту»;

Бұл мүмкіндік тек қана тіркелген пайдаланушыларға беріледі. Өтініш, кіріңіз немесе тіркеліңіз. |
|
| Тіркелу | |