• Мое избранное
Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 21.08.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2023 жылғы 21 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 17.08.2023 жылғы № 691 Қаулысына сәйкес 
  • 1
Редакция 04.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 43-1-бабының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Преамбула 01.07.2021 жылға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезінде осы преамбула осы қаулының 3-тармағында жаңа редакцияда қолданылды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.10.2022 жылғы № 794 Қаулысына сәйкес (31.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
1. Қоса беріліп отырған Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
3. Осы қаулының кіріспесі мен Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 1-тармағының қолданысы 2021 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының кіріспесі және Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
«1. Осы Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.».
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 31 мамырдағы № 358
қаулысымен
бекітілген
  • 4
Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 43-1-бабының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетін қоспағанда, мемлекеттік органдардың қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ 01.07.2021 жылға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезінде осы преамбула осы қаулының 3-тармағында жаңа редакцияда қолданылды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.10.2022 жылғы № 794 Қаулысына сәйкес (31.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) акселерация тобы – жеделдетіп іске асыруды және ресурстарды жедел шоғырландыруды талап ететін жобалық персонал мен жобалардың мүдделі қатысушыларын үйлестіруді, консультациялық-әдіснамалық, ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қолдауды, оның ішінде мемлекеттік органның жобалық офисінің жалпыұлттық басымдықтарды іске асыру топтарымен, базалық бағыттарды іске асыру топтарымен, жобалар топтарының жетекшілерімен, жобалардың жетекшілерімен және қатысушыларымен аджайл әдіснамасы бойынша күнделікті скрам-кесте бойынша бірлескен жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның жобалық офисі қызметкерлерінің тобы;
2) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган – ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) ақпараттық табло – жалпыұлттық басымдықтар кураторларының, бағдарламалар жетекшілерінің, базалық бағыттар жетекшілерінің, жобалар топтары жетекшілерінің тиісті жобалау рөлдерін орындайтын басшыларға жедел ұсыну үшін жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде орналастырылатын электрондық құжат;
4) ахуалдық-талдамалық орталық – жалпыұлттық басымдықтардың жобаларын/бағдарламаларын/портфельдерін іске асыру мәртебесін айқындау, нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді мониторингтеу және жалпыұлттық басымдықтардың жобаларын/бағдарламаларын/портфельдерін одан әрі іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында мемлекеттік органның жобалық офисі жанынан қалыптастырылатын ұйымдық құрылым;
5) бағдарлама – жобаларды және іс-шараларды (іс-қимылдарды) жеке-жеке басқару кезінде қол жетпейтін артықшылықтарды алу үшін басқарылуы үйлестірілетін, базалық бағыттарға топтастырылған, дәйекті түрде декомпозицияланатын жобалар топтарының, жобалардың және іс-шаралардың (іс-қимылдардың) жиынтығын білдіретін жалпыұлттық басымдық портфелінің құрамдауышы;
6) бағдарламаның базалық бағыты – салааралық, аяаралық, ведомствоаралық сипаттағы белгілер бойынша топтастырылған жобалар топтарының, жобалардың және іс-шаралардың (іс-қимылдардың) дәйекті декомпозицияланатын жиынтығын қамтитын бағдарлама құрамдауышы;
7) бағдарламаны басқару жоспары – бұл бағдарламаны басқару және оның іске асырылуын бақылау үшін пайдаланылатын және жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылатын дәйекті, байланысты құжаттар жиынтығын құруға арналған бағдарлама құрамдауыштарын жоспарлаудың барлық процестерінің нәтижелер жиынтығы;
8) бағдарламаның басқарушы комитеті – мемлекеттік орган іске асыратын бағдарлама шеңберінде шешімдер қабылдау орталығының функцияларын жүзеге асыратын, мемлекеттік органның жобалық офисі және бағдарламаның базалық бағыттары жетекшілері деңгейінде шешілмеген проблемалық мәселелер мен міндеттерді іс жүзінде шешуді қамтамасыз ететін алқалы орган;
9) басқару құжаттары – жобаларды/бағдарламаларды іске асырудың негізгі мәселелерін регламенттейтін құжаттар;
10) бағдарламаның сараптамалық кеңесі – бағдарламаны іске асыруды сараптамалық-талдамалық қолдауды қамтамасыз ету үшін қалыптастырылатын алқалы орган;
11) бағдарлама жетекшісі – мемлекеттік органның қарауындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аяларындағы) істердің жайы, оның ішінде бағдарламаның мақсаттары мен нәтижелеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік органның бірінші басшысы;
12) базалық бағыттың жетекшісі – базалық бағыт шеңберінде мемлекеттік органның қарауындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аяларындағы) істердің жай-күйіне жауапты және бағдарламаның тиісті базалық бағытының мақсаттары мен нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасары;
13) бастама (шара) – саланы/аяны/өңірді дамытуға бағытталған, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан әрі – Жүйе) құжаттарына және/немесе басқа бағдарламалық құжаттарға бұдан бұрын енгізілмеген жаңа мақсаттар мен міндеттер жиынтығы;
14) бастаманың паспорты – бастама туралы негізгі ақпаратты қамтитын басқару құжаты;
15) дашборд – жобаларды/бағдарламаларды/жалпыұлттық басымдықтарды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер көрсетілетін жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіндегі ақпараттық панель;
16) жалпыұлттық басымдықтар – Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарының іске асырылу кезеңінің соңына дейін іске асырылуы қажет белгілі бір саладағы және (немесе) аядағы жүйелік өзгерістер жиынтығы;
17) жалпыұлттық басымдықтың басқарушы кеңесі – жалпыұлттық басымдықтың портфелін іске асыруды қамтамасыз ететін консультативтік-кеңесші орган;
18) жалпыұлттық басымдықтың кураторы – Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары басымдығының іске асырылуына жетекшілік ететін лауазымды тұлға;
19) жалпыұлттық басымдық портфелі – Жүйенің құжаттарында, Мемлекет басшысының жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларында көзделген тиісті салалардағы/ аялардағы/өңірлердегі мақсаттар мен бірінші және екінші деңгейдегі жалпыұлттық басымдықтар мақсаттары картасының индикаторларына қол жеткізу үшін жалпыұлттық басымдықты іс жүзінде іске асыруға бағытталған бағдарламалардың, жобалардың, іс-шаралардың (іс-қимылдардың), бастамалардың (шаралардың), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары кеңес реформалар бойынша мақұлдаған портфельдік деңгейдегі өзге де бастамалардың жиынтығы;
20) жоба – уақыт пен ресурстық шектеулер жағдайында алға қойылған мақсатқа, нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені;
21) жобадан алынған сабақтар журналы – жобаны басқаруға шолуды, сондай-ақ болашақ жобаларда есепке алу және қолдану үшін кез келген пайдалы ақпаратты қамтитын басқару құжаты;
22) жобалық архитектура – жобалық басқару жолымен іске асырылатын, бағдарламаның базалық бағыттарынан, сондай-ақ бағдарламаның тиісті базалық бағыттарына шоғырландырылатын топтарға топтастырылған жобалардан тұратын бағдарлама элементтерінің жиынтығы;
23) жобалық басқару – мәлімделген нәтижелерге және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін уақыт пен ресурстық шектеулер жағдайында жобаларды/бағдарламаларды/портфельдерді басқару әдісі;
24) жобалық басқарудың ақпараттық жүйесі – жалпыұлттық басымдықтардың бастамалары, жобалары, жобалар топтары, бағдарламалардың базалық бағыттары, бағдарламалары, портфельдері туралы өзекті және анық ақпаратты жасау, сақтау, беру үшін пайдаланылатын, барлық қатысушылардың жобалық қызметті жүзеге асыруын қамтамасыз ететін, сондай-ақ мүдделі тараптарға басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ақпаратқа қолжетімділік беретін бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған платформа;
25) жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган – жобалық басқару саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
26) жобаның бастамашысы – жоба идеясының, оның алдын ала негізделуінің және жобаны жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстардың авторы болып табылатын, оның ішінде осы тұлға заңды тұлғаның басшысы болып табылатын жеке тұлға, Қазақстан Республикасының азаматы;
27) жоба жетекшісі – жобалар тобының жетекшісі тиісті салада құзыреттердің қажетті деңгейі бар адамға бекітетін жобалау рөлі;
28) жоба бюджеті – жобаның жоспарланған нәтижелерді алу үшін қажетті ақшалай мәндегі ресурстарға қажеттілік жоспары;
29) жоба демеушісі – жобаның ұйымдастырушылық жағын және қарамағына жобаның бюджеті мен ресурстары кіретін жоба мақсаттарының дұрыстығын растауды қамтамасыз ететін жобалау рөлі;
30) жоба жарғысы – жобаны сипаттайтын ақпаратты қамтитын басқару құжаты: жобаның мазмұны, бюджеті, жобаны іске асыру мерзімдері, жобаның кестесі және жобаны іске асыру үшін қажетті басқа да ақпарат;
31) жобалық команда – жоба жетекшісін, менеджерді және жобалау рөлдеріне жоба шеңберіндегі міндеттерді тікелей орындау кіретін басқа мүшелерді қамтитын жобаға қатысушылар;
32) жобалық қызмет – білімді, дағдыларды, жобалық басқару әдістері мен құралдарын қолдана отырып жүзеге асырылатын қызмет;
33) жобаның өмірлік циклі – жобаға бастама жасалған сәттен бастап жобаның аяқталуына дейінгі уақыт аралығы;
34) жобалық персонал – офистің жобалық персоналын, мемлекеттік органдардың жобалық офистерінің жобалық персоналын, жобалық командаларға қатысушыларды, жобалық тапсырмаларды орындаушылар мен жобалау рөлдері бекітілген жобалық қызметке басқа да қатысушыларды қамтитын жобалық қызметке қатысушылардың жиынтығы;
35) жоба ресурстары – жобаның мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдаланылатын ресурстар, оның ішінде: адами, қаржылық, материалдық-техникалық, ақпараттық және уақыт ресурстары;
36) жобалау рөлі – басқару құжаттарында жобалық қызмет қатысушыларына бекітілетін белгілі бір өкілеттіктер, функционалдық міндеттер және дербес жауаптылық жиынтығы;