Toggle Dropdown
2
Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 386 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 04.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 4-тармағына, 33-бабының 2-тармағына, 33-2-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
1
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 8 маусымдағы № 386
қаулысына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 8 маусымдағы № 386
қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – «Құқықтық актілер туралы» заң) 30-бабының 4-тармағына, 33-бабының 2-тармағына, 33-2-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заң) 4-бабына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобаларына (бұдан әрі – халықаралық шарт немесе халықаралық шарттың жобасы) ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) ғылыми сараптама қорытындысы – жүргізілген ғылыми сараптаманың нәтижелерін көрсететін, заңнаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген құжат;
Toggle Dropdown
2) сараптама комиссиясы – ғылыми сараптама жүргізу мақсатында құрылған құрамында кемінде екі сарапшы бар топ.
Toggle Dropdown
3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама «Құқықтық актілер туралы» Заңның 30-бабы 2-тармағында, 33-бабының 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының ғылыми сараптамасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген мақсаттарда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – Үкімет) заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің (бұдан әрі – Парламент Мәжілісі) қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық, ғылыми экономикалық және басқа да сараптамалар жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Ғылыми сараптама жүргізбеуге болатын Қазақстан Республикасы Президентінің (бұдан әрі – Президент) заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заңнамалық актілердің жобалары енгізілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің (бұдан әрі – Парламент) қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олар реттейтін қоғамдық қатынастарға қарай ғылыми сараптама жүргізу міндетті.
Toggle Dropdown
Халықаралық шарт немесе халықаралық шарттың жобасы бойынша ғылыми сараптама (құқықтық, лингвистикалық және басқа да) құқықтық қатынастарға қарай жүргізіледі.
Toggle Dropdown
5. Ғылыми сараптама жүргізуді ұйымдастыру:
Toggle Dropdown
заң жобаларының, халықаралық шарттардың немесе халықаралық шарттар жобаларының ғылыми құқықтық және ғылыми лингвистикалық сараптамалары бойынша – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне (бұдан әрі – Әділет министрлігі);
Toggle Dropdown
заң жобаларының ғылыми экономикалық сараптамасы бойынша –Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне (бұдан әрі – Ұлттық экономика министрлігі) жүктеледі.
Toggle Dropdown
6. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының ғылыми сараптамасын қаралатын жобаның мазмұнына қарай ғылыми мекемелер, уәкілетті ұйым, ғалымдар мен мамандар қатарынан тартылатын сарапшылар жүргізеді. Сараптама жүргізу бір немесе бірнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсырылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
Ғылыми ұйымдар, сарапшылар ретінде басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкін. Нормативтік құқықтық актінің жобасы ғылыми сараптама үшін шетелдік және халықаралық ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
7. Уәкілетті ұйым ғылыми құқықтық сараптаманы «Құқықтық актілер туралы» Заңның 33-2-бабы, «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңның 4-бабының 2-2-тармағы негізінде ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыруды үйлестіру және сарапшылардың ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасау жөніндегі қызмет арқылы қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
8. Ғылыми құқықтық сараптама жүргізу талаптары қолданыстағы заңнамада, осы Қағидаларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің нормативтік құқықтық бұйрықтарында, сондай-ақ ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге арналған шартта айқындалады.
Toggle Dropdown
9. Ғылыми ұйым, уәкілетті ұйым, сарапшылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес:
Toggle Dropdown
1) ғылыми сараптама жүргізуге, оның ішінде ғылыми сараптама жұмысын жүргізу барысында туындайтын мәселелер бойынша да барлық қажетті ақпаратты, материалдарды алады;
Toggle Dropdown
2) уәкілетті органмен келісу бойынша олардың алдына қойылған мәселелер бойынша ғана емес, сондай-ақ өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларынан туындайтын өзге де мәселелер бойынша қорытындылар береді;
Toggle Dropdown
3) әзірлеушілердің (әзірлеуші органдардың) статистикалық деректерін пайдалана алады (егер статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және әзірлеушінің статистикалық деректері сәйкес келмеген жағдайда, бұл сараптамалық қорытындыда көрсетілуге тиіс);
Toggle Dropdown
4) егер шартта өзгеше көзделмесе, ғылыми сараптаманы жүзеге асыру кезінде оны орындауға үшінші тұлғаларды тартуы мүмкін;
Toggle Dropdown
5) нормативтік құқықтық актілердің жобаларынан туындайтын, сондай-ақ олардың алдына уәкілетті орган қойған мәселелер бойынша дәлелді, ғылыми негізделген, объективті және толық қорытынды береді;
Toggle Dropdown
6) ғылыми сараптама жүргізу барысында өз кінәсінен жіберілген кемшіліктерді өз күшімен, өз есебінен және уәкілетті орган белгілеген мерзімде жояды;
Toggle Dropdown
7) ғылыми сараптама жүргізу нысанасына, оның орындалу барысына және ғылыми нәтижелеріне қатысты мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
8) орындаған жұмысы үшін сыйақы алады;
Toggle Dropdown
9) шартта белгіленген өзге де міндеттерді атқарады.
Toggle Dropdown
10. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары, халықаралық шарттар немесе халықаралық шарттардың жобалары бойынша дербес, комиссиялық, кешенді ғылыми сараптамалар, ал қажет болған кезде қайталама ғылыми сараптамалар жүргізілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
Бұл ретте заң жобалары бойынша қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама осы Қағидалардың 75-тармағында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген заңдардың жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша қайталама ғылыми сараптама жүргізілмейді.
Toggle Dropdown
11. Әрқилы түрдегі дербес ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын, халықаралық шартты немесе халықаралық шарт жобасын бір білім саласы негізінде зерттеу қажет болған жағдайларда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
12. Комиссиялық ғылыми сараптаманы бір мамандықтың сараптамалық тобы жүргізеді.
Toggle Dropdown
13. Кешенді ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын, халықаралық шартты немесе халықаралық шарттың жобасын білімнің әртүрлі салалары негізінде зерттеу қажет болған жағдайларда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
14. Қайталама ғылыми сараптама бастапқы ғылыми сараптама нәтижелері бойынша ғылыми сараптама қорытындысы негізді болмаған жағдайларда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
15. Заң жобасына ғылыми сараптама жүргізу туралы шешімді:
Toggle Dropdown
1) Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі) Басшысы, заң шығару бастамасы тәртібімен жобаны Парламент Мәжілісіне енгізетін Парламент депутаттары және Үкімет;
Toggle Dropdown
2) уәкілетті орган;
Toggle Dropdown
3) егер әзірлеуші органның регламентiнде немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерде осы тұлғаларға және құрылымдық бөлiмшелерге осындай құқық берiлген болса, әзірлеуші орган қабылдай алады.
Toggle Dropdown
Халықаралық шарт бойынша немесе халықаралық шарт жобасы бойынша ғылыми сараптама жүргізу туралы шешім: