Bestprofi Logo

Бұйрық № 302 от 2021-06-24г./Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 24 маусымдағы № 302 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 шiлдеде № 23242 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

м.а Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ш. Каринова

м.а Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы № 302 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу

Мемлекеттік орган

Стипендия

студенттерге

магистранттарға

1.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

919

7

2.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

18

-

3.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

96

-

4.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

47

1

Барлығы

1080

8

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание