«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесін бекіту және «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту және «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1147 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шiлдедегi № 457 қаулысы
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесі бекітілсін.
2. «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту және «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1147 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шiлдедегi № 457 қаулысымен бекітілген
Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесі
Р/с № |
Қызмет түрі |
1 |
Автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету |
2 |
Көтерме және бөлшек сауда |
3 |
Қонақүйлердің қызмет көрсетуі |
4 |
Мейрамхана қызметтерін көрсету, тамақтануды ұйымдастырудың өзге де түрлері мен сусындар беру |
5 |
Әуе және теміржол көлігіне жол жүру құжаттарын (билеттерді), багаж және жүк-багаж түбіртектерін сату |
6 |
Жүктерді көліктік өңдеу, қоймаға жинау мен сақтау жөнінде қызмет көрсету, жүктерді тасымалдау жөніндегі қосымша көрсетілетін қызметтер мен тасымалдау жөніндегі қызметтер |
7 |
Туроператорлардың және туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдардың қызметі (турагенттерден басқа) |
8 |
Сақтандыру саласындағы қызмет |
9 |
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет |
10 |
Білім беру саласындағы қызмет |
11 |
Кинофильмдерді, бейне және телевизиялық бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет, кинофильмдерді көрсету |
12 |
Фитнес-клубтар, спорттық клубтар, дискотекалар қызметі |
13 |
Құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет |
14 |
Боулинг (кегельбан) және бильярд бойынша қызмет көрсету |
Ескертпе:
көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) орнату мен қолдануды қамтамасыз ету өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің, өзі өндірген акваөсіру (балық аулау) өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы саласында кызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және (немесе) заңды тұлғаларға; ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде стационарлық емес сауда объектілері арқылы жүзеге асырылатын қызметке қолданылмайды.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |