|
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
|
|
1
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
|
Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, олардың қолданысын ұзарту
Кіші түрлері:
1) тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау;
2) тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар аттестаттарының қолданысын ұзарту.
|
|
2
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
|
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
|
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал).
|
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Өтініш тіркеген сәттен бастап − 6 (алты) жұмыс күні.
|
|
5
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электрондық (ішінара автоматтандырылған).
|
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестаты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
|
|
7
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
|
|
8
|
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 84-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес электрондық құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Кодекстің 84-бабына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 12:00-дан 13:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08:30-ден 17:30-ға дейін.
|
|
9
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
1) Аттестат алу үшін: осы Бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны; осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Кодекстің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаның тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысуын растайтын Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі номенклатурасының он түрлі тауар позициясы бойынша тауарлардың шығу тегі сараптамасы бойынша тағылымдамадан өткені туралы он есептің электрондық көшірмелері. Тағылымдамадан өту туралы есептерге Сауда қызметін реттеу туралы заңның 7-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сараптама актілерінің көшірмелері қоса беріледі;
2) Аттестаттың қолданылуын ұзарту үшін: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатының қолданысын ұзартуға беретін жеке тұлғаның мәліметтер нысаны; осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Кодекстің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
сараптама актілерінің көшірмелерін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың қызметі туралы есептің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
|
|
10
|
Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Сауда қызметін реттеу туралы Заңның 18-5-бабында, осы Қағидаларда белгіленген талаптарға, сондай-ақ осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген тауарлардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.
5) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.
|
|
11
|
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «Жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 (7172) 70-19-98. арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-25, 75-05-75. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында: www.beta.egov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
|
Комментарий успешно добавлен