• Мое избранное
«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 7

«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 13 шiлдеде № 23469 болып тіркелді

Редакция 22.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 жылғы № 60 Бұйрығына сәйкес (09.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі  А. Цой
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ- 59
бұйрығымен бекітілген
  • 1
«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және объектінің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға, пайдалануға, сумен жабдықтауға, суды бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауа баптауға, жөндеуге және күтіп-ұстауға, тәрбиелеу мен оқыту, тұру, тамақтану жағдайларына, өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына, балаларды медициналық қамтамасыз етуге, меншік нысанына қарамастан балалар толық, толық емес, тәулік бойы болатын барлық түрдегі мектепке дейінгі ұйымдардағы (бұдан әрі – МДҰ) және сәбилер үйлеріндегі персоналды медициналық тексеріп-қарауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 жылғы № 60 Бұйрығына сәйкес (09.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Санитариялық қағидалар МДҰ және сәбилер үйлеріне (бұдан әрі – объектілер) қолданылады.
3. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңында көзделген рұқсат беру құжаттары болған кезде объектіні пайдалануға жол беріледі.
4. Объектілерде осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер жүргізіледі.
5. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы санитариялық киім (бұдан әрі – арнайы киім) – шикізатты, қосымша материалдарды және дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен ластанудан және басқа да ластанулардан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы;
2) балалардың ойын алаңы (бұдан әрі – ойын алаңы) – жабдықты және балалардың ойын алаңына арналған жабынды қамтитын балалардың ойынына арналған арнайы жабдықталған аумақ;
3) балалардың ойын алаңдарына арналған жабдық – пайдаланушылар онымен немесе онда жеке немесе топпен өздерінің қалауы және қағидалары бойынша ойнау алатын балалардың ойын алаңында орнатылған жабдық;
4) балалар толық емес уақыт болатын МДҰ – тамақтандыруды және ұйқыны ұйымдастырмай, төрт сағаттан аспайтын уақытқа балалар болатын МДҰ;
5) бракераж – органолептикалық көрсеткiштері бойынша тамақ өнiмдерiнiң және дайын тағамдардың сапасын бағалау;
6) дене тәрбиесі – денi сау, дене бiтiмi және рухани жағынан жетiлген өскелең ұрпақты қалыптастыруға бағытталған педагогикалық процесс;
7) жеке медициналық кітапша – жұмысқа жіберілу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық қарап-тексерудің нәтижелері енгізілетін дербес құжат;
8) изолятор – инфекциялық науқастарды, сондай-ақ айналасындағыларға эпидемиялық қауіп төндіретін инфекциялық ауруға күдікті адамдарды уақытша орналастыруға арналған үй-жай;
9) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту – балалардың дене, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамыту, олардың әлеуметтік жетістігі мен бүкіл өмірінің бойында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті негізгі құзыреттілігін қалыптастыру;
10) мектепке дейінгі ұйымдар – мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ерекше қызмет түрлерін есепке ала отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың міндетті оқу бағдарламаларын іске асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша қызметтерді көрсететін ұйымдар;
11) оңтайлы микроклиматтық жағдайлар – балаларға ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде термореттегіш тетіктерінің көмегінсіз организмнің қалыпты жылу жағдайын сақтауды қамтамасыз ететін микроклиматтың сандық көрсеткіштерінің үйлесімдігі;
12) өндірістік бақылау – өндірілетін өнімнің, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және оның тіршілік ететін ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар;
13) санитариялық-аулалық қондырғылар (бұдан әрі – САҚ) – орталықтандырылған кәрізбен байланысы жоқ, объектінің аумағында орналасқан жер үстіндегі бөлігі мен қазылған шұңқыры бар дәретхана;
14) санитариялық қорғаныш аймағы – елді мекендегі арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін жақын жатқан селитебті аймақтардан, тұрғын-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін әлсірету мақсатында бөлетін аумақ;
15) сәбилер үйі – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға, олардың үш жасты қоса алғанға дейін, туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі психикалық және дене бітімінің дамуында кемістігі бар балаларға арналған мемлекеттік медициналық ұйым;
16) септик – тұрмыстық сарқынды судың аз мөлшерін тазалауға арналған құрылыс;
17) технологиялық жабдық – өндіріс жұмысы үшін қажетті тетіктер, машиналар, құрылғылар, аспаптар жиынтығы;
18) технологиялық карта – тамақ өнімдерінің құрамы, тізбесі мен технологиялық операцияларды қамтитын өндіріс процесін сипаттау көрсетілген тамақ өнімінің атауы бар, тамақ өнімі негізделіп дайындалатын құжат;
19) топтық үй-жайлар (топтық ұяшық) – объектінің бір жас ерекшелік тобындағы балаларына арналған объектінің үй-жайлары;
20) тиімді тамақтандыру – тамақтандырудың физиологиялық және жас ерекшелігі нормаларын ескере отырып, теңестірілген тамақтандыру;
21) топтық оқшаулау – топтарды әкімшілік-шаруашылық, тұрмыстық үй-жайлардан және бір-бірінен оқшаулау;
22) топтардың толықтырылуы – топтағы балалардың нормаланған саны.
2-тарау. Объектілердің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, пайдалануға, реконструкциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
6. Объектілердің құрылысына жер учаскесі «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына сәйкес жерүсті суларын бұруды қамтамасыз ететін еңістері бар көлік магистралдарынан қашықтықта бөлінеді және тұрғын шағын аудандардың аумақтарында, санитариялық-қорғаныш аймақтарынан тыс орналастырылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 жылғы № 60 Бұйрығына сәйкес (09.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Көп пәтерлі тұрғын үйлерде, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын, балалар толық емес уақыт болатын МДҰ үшін жеке жер учаскесі көзделмейді.
8. Объектілердің құрылысына жер учаскесін таңдау кезінде алаң «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 20-бабы 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарымен айқындалады.
9. Жобалау кезінде объектілердің аумағында балалардың әрбір жас топтары үшін жеке ойын алаңдары көзделеді. МДҰ алаңдарының көлемдері балалардың санына қарай бір орынға кемінде 4 шаршы метр (бұдан әрі – м2  ) қабылданады.
10. Әрбір топтық алаңда күн мен жауын-шашыннан қорғау үшін үш жағынан қоршалған кемінде 20 м2   көлеңке қалқа көзделеді. Көлеңке қалқалардың едені ағаштан болуы көзделеді.