Toggle Dropdown
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте

Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 352 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 шiлдеде № 23626 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2023 жылғы 18 тамыздан бастап ҚР Оқуағарту министрінің 28.07.2023 жылғы № 230 Бұйрығына сәйкес
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі бекітілсін.
2. осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын
3. Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
м.а Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі К. Ергалиев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «___»___________ 2021 жылы
м.а Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына 1-қосымша
Білім туралы құжаттарды тану қағидалары.
1 тарау. Жалпы ережелер.
1. Осы Білім туралы құжаттарды тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 21) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және шетелдік білім беру ұйымдарында, оның ішінде олардың филиалдарында, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханаларда білім алған жеке тұлғалардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім туралы құжаттарын тану тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) білім туралы құжаттарды тану – бұл шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды ресми растау;
2) сараптамалық бағалау – бұл білім туралы шетелдік құжаттың ұлттық заңнаманы ескере отырып, оның иегерінің оқуын жалғастыруға және/немесе жұмысқа орналасуына қол жеткізу мақсатында академиялық және (немесе) кәсіби құқықтарын бере отырып, оның тең маңыздылығын ресми түрде белгілеу;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі.
4) аттестациялық іс – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шетелде алған ғылыми дәрежелердің, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, хабилитацияланған доктор дәрежелерінің дипломдарын тану үшін жіберілетін құжаттар пакеті;
5) диссертация – философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты, ғылым докторы, хабилитацияланған доктор даярлау бойынша нақты мамандық/білім беру бағдарламасы бойынша шетелде қорғалған біліктілік ғылыми жұмысы
6) философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор – ғылыми-педагогикалық бағыт немесе кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
7) интернатура – клиникалық практикаға рұқсат алу үшін білім алушыларды базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны;
8) цифрлық құжаттар сервисі - операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын көрсетілген мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда қызметтер алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.
3. Білім туралы құжаттарды тану жеке адамдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қатысты жүзеге асырылады.
4. «Білім туралы құжаттарды тану» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Білім туралы құжаттарды тану туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші қабылдайды.
5. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 2-тармағының 11)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
2 тарау. Білім туралы құжаттарды тану тәртібі.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы не «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жібереді.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін көрсету, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Білім туралы құжаттарды тану» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген.
1-параграф. Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану тәртібі.
8. Құжаттарды тануға басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған жеке тұлғалардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттар жатады.
Ғылыми дәрежелердің, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерінің дипломдарын тану осы Қағидалардың 2-параграфына сәйкес жүргізіледі.
Білім туралы құжаттарды тану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі және білім туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында (ғылыми орталықта, зертханада) оны беру кезінде тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болуын анықтау, қажет болған жағдайда сараптамалық бағалау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
9. Заңдастырылған немесе апостильденген білім туралы құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі портал арқылы жүгінген кезде 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен күні өтінішті тіркейді және оны басшының жетекшілік ететін орынбасарына жолдайды, ол бір жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
3) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері сегіз жұмыс күні ішінде тануды/сараптамалық бағалауды жүргізеді, қажет болған кезде тиісті салалардың мамандарын тартады;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерін тану/ сараптамалық бағалау негізінде екі жұмыс күні ішінде білім туралы құжатты тану туралы бұйрық шығарылады немесе құжаттарды қайтару туралы дәлелді жауап беріледі;
5) білім туралы құжатты тану туралы бұйрықтың негізінде екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжатты тану туралы куәлік ресімделеді;
6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
10. Заңдастырылмаған немесе апостильденбеген білім туралы құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі Мемлекеттік корпорация бөлімшелері арқылы жүгінген кезде 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен күні өтінішті тіркейді және оны басшының жетекшілік ететін орынбасарына жолдайды, ол бір жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
3) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері өтініш түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде берілген білім туралы құжаттар бойынша шетелдік дерекқорлар арқылы білім туралы құжатты беру фактісін анықтайды;
4) шетелдік дерекқорда құжат туралы мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері білім туралы құжатты беру фактісін және білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының бар екенін Растауды алу мақсатында бір жұмыс күні ішінде шетелдік білім беру ұйымына, ғылыми орталыққа немесе зертханаға ресми сұрау салу жібереді;