• Мое избранное
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған санақ парақтарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған санақ парақтарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 28 шілдедегі № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 тамызда № 23813 болып тіркелді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидалары мен мерзімдерінің 7-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 48) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған «Тұрғынжайлар, тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) және тұрғын емес үй-жайлар тізімі» (индексі 1-СЖ, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған «Тұратындар және (немесе) келушілер тізімі» (индексі 1-ПП, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған «Тұрғын үй жағдайлары» (индексі 2-Ж, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған «Жеке» (индексі 3-И, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған «Қазақстан Республикасының аумағында уақытша, 12 айдан кем жүргендер» (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, тұрақты негізде шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары) (индексі 4-В, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағы осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлттық санақтар департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлттық санақтар департаменті осы бұйрықты мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық мен аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына (Н.Ж. Көшкімбаев) жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының Басшы Н. Айдапкелов
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы Басшысының
2021 жылғы 28 шілдедегі № 11
бұйрығына 1-қосымша

Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді

2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған санақ парағының нысаны


 

Аумақтық статистика бөлімшесіне ұсынылады


 

Санақ парағын толтыруға жұмсалған уақыт, сағатпен

1 сағатқа дейін

1-2

2-4

4-8

8-40

40 сағаттан артық


 

Санақ парағы www.sanaq.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылған
«Тұрғынжайлар, тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) және тұрғын емес үй-жайлар тізімі»
Индексі 1-СЖ Кезеңділігі: біржолғы
Санақ парақтары үй шаруашылығының құрамына кіретін респонденттерге толтырады*
* «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 23) тармақшасына сәйкес үй шаруашылығы – бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын бір немесе одан да көп жеке тұлғалардан құралған экономикалық субъект.

ӘАОЖ бойынша елді мекеннің коды 1

Нұсқаушылық учаскенің нөмірі 2

Тіркеу учаскесінің нөмірі 3


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Тұрғынжайлар, тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) және тұрғын емес үй-жайлар тізімі (тіркеу учаскесіне жасалады)
1-бөлім. Тұрғынжайлар, тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) және тұрғын емес үй-жайлар туралы мәліметтер

Жол коды

Объекттің белгілері

Объект бойынша мәліметтер

А

Б

1

1.1

Әкімшілік-аумақтық бірліктің коды және атауы


 

1.2

Көшенің типі


 

1.3

Мекенжай


 

1.4

Объектінің типі


 

1.5

Объектінің мәртебесі


 

1.6

Ғимараттың немесе үйдің (корпустың, блоктың) нөмірі


 

1.7

Құқық иеленушінің деректері


 

1.8

Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, балалар үйінде, демалыс үйлерінде, жетім балаларға арналған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттарда, пансионаттарда, санаторийлерде, сәбилер үйінде және басқа да мекемелерде, ұйымдарда тұрақты тұратындардың саны


 

1.9

Ауруханаларда, санаторийлерде, қонақүйлерде, демалыс үйлерінде және басқа да мекемелерде, ұйымдарда уақытша тұратындардың және (немесе) келушілердің төсек орын саны;


 

1.10

Ескертпе 4


 

2-бөлім. Халық тұрып жатқан тұрғынжайлар мен тұрғын емес үй-жайлар туралы мәліметтер

Жол коды

(Пәтердің, бөлменің, жеке тұрғын үйдің) нөмірі

(Пәтердің, бөлменің, жеке тұрғын үйдің)

типі

Тұратын халықтың саны


 


 

Құқық иеленушінің деректері

Ескертпе

А

1

2

3

4

5

2.1


 


 


 


 


 

2.2


 


 


 


 


 

2.3


 


 


 


 


 

2.4 5


 


 


 


 


 

Ескертпе: 1   ҚР ҰЖ 11-2009 Әкімшілік-аумақтық обьектілер жіктеуіші; 2,3   Нұсқаушылық, тіркеу учаскелерінің нөмірлерін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері береді және планшеттегі мобильдік қосымшаға мекенжай тізілімін жүктегеннен кейін автоматты түрде көрсетіледі; 4   ескертпеде әрбір объекті бойынша кез келген өзгерістер мен ескертулер көрсетіледі; 5   жолдарды қажеттілігіне қарай қосу. 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған «Тұрғынжайлар, тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) және тұрғын емес үй-жайлар тізімі» (индексі 1-СЖ, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағын толтыру жөніндегі түсіндірме 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған «Тұрғынжайлар, тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) және тұрғын емес үй-жайлар тізімі» (индексі 1-СЖ, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағына қосымшада келтірілген
2021 жылы
Қазақстан Республикасы халқының
ұлттық санағын өткізуге арналған
«Тұрғынжайлар, тұрғын үйлер
 (тұрғын ғимараттар) және тұрғын емес
үй-жайлар тізімі» (индексі 1-СЖ,
кезеңділігі: біржолғы) санақ парағына
қосымша
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған «Тұрғынжайлар, тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) және тұрғын емес үй-жайлар тізімі» (индексі 1-СЖ, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағын толтыру жөніндегі түсіндірме
1. 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған «Тұрғынжайлар, тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) және тұрғын емес үй-жайлар тізімі» (индексі 1-СЖ, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағына (бұдан әрі – санақ парағы) халық тұрып жатқан немесе тұруы мүмкін барлық тұрғынжайлар, тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) және тұрғын емес үй-жайлар жазылады;
2. Әрбір тұрғынжай, тұрғын үй (тұрғын ғимарат) және тұрғын емес үй-жай санақ парағына жеке және олардың орналасу тәртібімен рет-ретімен жазылады.
3. Санақ парағының 1-бөлімнің 1-бағанында:
1.1-жолда әкімшілік-аумақтық бірліктің коды мен атауы;
1.2-жолда «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – «е-Статистика» ИАЖ) анықтамалығына сәйкес көшенің типі;
1.3-жолда осы даңғыл, көше, алаң, тұйық көше, өтпе жол бойынша бірінші болып жазылған тұрғынжайдың, тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) және тұрғын емес үй-жайдың мекенжайы, басқа тұрғынжайға, тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) және тұрғын емес үй-жайға қарама-қарсы жолда «-u-» белгісі;
1.4-жолда «е-Статистика» ИАЖ анықтамалығына сәйкес тұрғынжайдың, тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) және тұрғын емес үй-жайдың типі;
1.5-жолда «е-Статистика» ИАЖ объектілер мәртебесінің анықтамалығына сәйкес тұрғынжайдың, тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) және тұрғын емес үй-жайдың мәртебесі;
1.6-жолда тұрғынжайдың, тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) және тұрғын емес үй-жайдың нөмірі көрсетіледі. Нөмірлері қосымша санмен немесе әріптік нөмірлеумен белгіленетін тұрғынжай, тұрғын үй (тұрғын ғимараттың) және тұрғын емес үй-жай үшін негізгі, сонымен қатар қосымша белгілері де жазылады (мысалы, 8а, 5/1).
Егер тұрғынжай, тұрғын үй (тұрғын ғимараттың) және тұрғын емес үй-жай қосымша нөмірлеумен (мысалы, А корпусы (блогы), Б корпусы (блогы) немесе 1-корпус (блогы), 2-корпус және т.с.с.) белгіленетін бірнеше ірі көппәтерлі корпустардан тұрса, онда осындай әрбір корпус (блогы) жалпы нөмірі және корпустың нөмірі (мысалы, 5 корпус (блогы) А, Б корпусы (блогы), 1/18 корпус (блогы) 2 және тағы сол сияқты) көрсетіле отырып, санақ парағында жеке жолда жазылады.
Тұрғынжайдың, тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) және тұрғын емес үй-жайдың қатарында олардың конструктивтік ерекшеліктерінің (мысалы, гараждар) себебінен халық тұрмайтын шаруашылық құрылыстары ескерілмейді, тұрған жағдайда оларды санақ парағына енгізеді.
Тұратын тұрғындардың санын көрсете отырып, картада барлық бар жаңа тұрғынжайлар, тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) және тұрғын емес үй-жайлар белгіленеді.
1.7-жолда егер құқық иеленуші заңды тұлға болып табылса, онда оның атауы, егер заңды тұлға (соның ішінде дара кәсіпкер) болса, оның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса). Бірнеше құқық иеленуші болса, олардың әрқайсысы көрсетіледі;
Тұрғынжайлардың, тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) және тұрғын емес үй-жайлардың құрылысы жүргізіліп жатқан учаскелер бойынша (егер оларда ешкім тұрмаса) санақ парағының 1-бөлімінің 1.7-жолында салынып жатқан тұрғынжай, тұрғын үй (тұрғын ғимарат) және тұрғын емес үй-жай тиесілі құқық иеленушінің деректері көрсетіледі және 1.10-жолда «тұрғынжай, тұрғын үй (тұрғын ғимарат) және тұрғын емес үй-жай салынып жатыр» белгісі қойылады.
1.8-жолда әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, балалар үйінде, демалыс үйлерінде, жетім балаларға арналған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттарда, пансионаттарда, санаторийлерде, сәбилер үйінде және басқа да мекемелерде, ұйымдарда халық тұрақты тұратын жерлердегі тұрақты тұратындардың саны;
1.9-жолда ауруханаларда, санаторийлерде, қонақүйлерде, демалыс үйлерінде және басқа да жерлерде уақытша тұратындардың және (немесе) келушілердің төсек орын саны;
1.10-жолда осы тұрғынжай, тұрғын үй (тұрғын ғимарат) және тұрғын емес үй-жай бойынша кез келген өзгерістер мен ескертулер көрсетіледі.