Toggle Dropdown
«Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 тамызда № 23852 болып тіркелді
Редакция 15.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар бекітілсін.
1) «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 174 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10939 болып тіркелген);
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20935 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72
бұйрығымен бекітілген
«Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Осы «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға және кеңейтуге, жөндеуге және пайдалануға беруге, күтіп-ұстау мен пайдалануға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, өндірістік бақылауды жүргізуге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, сумен жабдықтауға, суды бұруға, жылумен жабдықтауға, желдетуге, ауаны ауабаптауға және өндірістік мақсаттағы ғимараттардағы және құрылыстардағы өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратуға, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Санитариялық қағидалар жерасты құрылыстарын және кен қазбаларын, сондай-ақ жұмыс мерзімі бес жылға дейін құрылыс кезеңінде тұрғызылатын уақытша өндірістік ғимараттарға және құрылыстарға қолданылмайды.
3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) аэрация – құрамындағы органикалық заттарды жылдам тотықтыру үшін әртүрлі орталардың ауамен жасанды қанығуы;
2) ауамен себезгілеу – үй-жайға салқын ауаның, газдың, будың, шаңның түсуінің алдын алуға арналған жергілікті желдеткіш;
3) зиянды заттар – ауадағы рұқсат етілген шекті шоғырланудан (бұдан әрі - РЕШШ) асатын, адамның организміне теріс әсер ететін заттар;
4) зиянды өндірістік фактор – қызметкерге әсері ауруға немесе еңбек қабілетін төмендетуге және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсер етуге алып келуі мүмкін өндірістік фактор;
5) объектінің қауіптілік сыныбы – адамның өмір сүру ортасына бөлінетін ластаушы заттардың, адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына қолайсыз әсер ететін, пайда болатын шудың, дірілдің, электрмагниттік өрістердің (бұдан әрі – ЭМӨ) және басқа да факторлар, пайдалану жағдайларына, сипатына және мөлшеріне байланысты, объектіге белгіленетін қауіптілік сыныбы;
6) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар – технологиялық жабдықты пайдаланатын және адамдардың еңбегі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістері орналастырылған өндірістік объектілер;
7) өндірістік объекті (бұдан әрі – объект) – адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын процестерді, жабдықтарды және технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын өнім шығарумен, жұмысты орындаумен және қызметтер көрсетумен байланысты шаруашылық қызметінің объектісі;
8) өндірістік бақылау – өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам мен мекендеу ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені;
9) рециркуляция – температураны және қоспалардағы компоненттердің шоғырлануын реттеу мақсатында технологиялық процеске газдар, сұйық және қатты заттар ағымының көп рет, толық немесе ішінара қайтуы;
10) шлам – сарқынды суларды тазарту процесінде алынған, құрамында 60-70 пайызға (бұдан әрі – %) дейін минералды бөлшектер мен органикалық материал бар лайлы шөгінді;
11) шлам үйіндісі – шламды жинау және сақтау орны;
12) экрандалған үй-жайлар – қызмет көрсетуші персоналды ЭМӨ әсерінен қорғау, әртүрлі жоғары вольтты қондырғылар мен генераторлар тудыратын ЭМӨ оқшаулау, қабылдау құрылғылары мен арнайы өлшеу, есептеу және басқа аппаратураны сыртқы ЭМӨ әсерінен қорғау мақсатында радиоаппаратураны пайдалану, монтаждау, баптау және сынау кезінде жабдықталған үй-жайлар.
2-тарау. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға және кеңейтуге, жөндеуге және пайдалануға беруге, күтіп-ұстау мен пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1-параграф. Өндірістік мақсаттағы ғимараттарды және құрылыстардың жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға және кеңейтуге қойылатын анитариялық-эпидемиологиялық талаптар
4. Объектілер Қазақстан Республикасының сәулет-құрылыс саласындағы заңнамасы мен осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жобаланады.
Объектілерді салу, реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және кеңейтудің жобалау құжаттамасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-334/2020 бұйрығына сәйкес бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 22007 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-334/2020 бұйрығы) сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өтеді.
5. Жаңа объектілерді тұрғызуды және (немесе) қолданыстағы объектілерді Өзгертуді (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, реконструкциялауды, реставрациялауды, күрделі жөндеуді) қоса алғанда, құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттаманың құрамы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес айқындалады.
6. Жаңа объектілерді салуға және қолданыстағы объектілерді кеңейтуге арналған алаңдар климаттық жағдайларды, жер бедерінің сипаттамаларын, ауа ортасының қазіргі жағдайын және қазіргі бар фондық ластануды, қалдығы аз және қалдықсыз технологияларды енгізуді, сондай-ақ тұрғын, рекреациялық, курорттық аймақ, халықтың демалыс аймағының атмосфералық ауасындағы шығарындыларды болдырмау (азайту) бойынша арнайы іс-шараларды ескере отырып таңдалады.
7. Өндірістік объектілерді орналастыру елді мекеннің кәсіпорынға және СҚА-ға бөлінген жерлер көрсетілген бас жоспарын есепке ала отырып жүргізіледі.
8. Жаңа объектілерді рекреациялық аумақтарда, сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғау аймақтарында, суды қорғау және су қоймасы маңындағы аймақтарда, курорттардың қорғау аймақтарында орналастыру Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына (бұдан әрі – «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.
9. Жекелеген ғимараттар мен құрылыстар объектінің алаңында желдету және кондиционерлеу жүйелерімен ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған ауа алу орындарында сыртқы ауадағы зиянды заттардың құрамы «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекттік тіркеу тізілімінде № 29011 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-70 бұйрығы) сәйкес өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағы үшін РЕШШ-нің 30%-нан аспайтындай етіп орналастырылады.
10. Объектінің аумағында мынадай функционалдық аймақтар:
4) қосалқы объектілер бөлінеді.
11. Зиянды заттарды пайдаланатын объектілер, әкімшілік-шаруашылық және қосалқы аймақтар өндірістік және көлік-қоймалық аймақтардан ені шекаралас өндірістік ғимараттардан туындайтын циркуляциялық аймақтың енінен кем емес ажыраулармен бөлінеді.
12. Зиянды заттарды пайдаланғанда технологиялық жабдықтарға арналған ғимараттар мен ашық алаңдардың ұзын біліктері желдің басым бағытына параллель болуы тиіс.
13. Құрылыс салудан және жолдан бос объектілердің аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-2 бұйрығы) талаптарына сәйкес жүргізіледі.