Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 670 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 тамыздағы № 540 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 8 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.08.2023 жылғы № 716 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 670 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы « » № қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 670 қаулысымен бекітілген
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормалары
1. Базалық қаржыландыру ғылыми инфрақұрылым мен мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналына еңбекақы төлеуге, сондай-ақ ғылыми-техникалық қызметін ақпараттық сүйемелдеуге арналған базалық қаржыландыру нормалары бойынша шығыстарды қамтиды.
2. Ғылыми инфрақұрылым мен мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге арналған шығыстар мыналарды қамтиды:
1) коммуналдық қызметтерге (су, газ, электр энергиясы, жылу, кәріз, желдету) ақы төлеу;
2) байланыс қызметтеріне және әмбебап байланыс қызметтеріне ақы төлеу;
3) көлікті жалға алу;
4) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;
5) негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алу, өзге тауарларды сатып алу шығындары, өзге де ағымдағы шығындар, күзет (жеке және заңды тұлғалардың объектісін және (немесе) мүлкiн, оның iшiнде оны тасымалдау кезiнде күзету) шығындары, күзет сигнализациясына арналған шығындар;
6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметте пайдаланылатын негізгі құралдардың тозуы (амортизация), ғимаратты, жабдықты ағымдағы жөндеу.
Бұл шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің:
1) басқару органдарының ғимараттары үшін бекітілген үлестік нормалар бойынша «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118;
2) «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулыларында белгіленген нормативтерге ұқсас нормативтерге сәйкес айқындалады.
3. Әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналының еңбегіне ақы төлеуді, оның ішінде өтемақы төлемдерін (сауықтыру үшін жәрдемақы төлеуді) қамтиды.
Әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеуді қамтиды.
Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар үшін осы шығыстар «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес айқындалады.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін еңбекке ақы төлеу шығыстары «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес ең төменгі төлем мөлшерінде, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңдарына сәйкес меншікті кірістер есебінен ең төменгі төлемнен жоғары мөлшерде айқындалады.
4. Ғылыми-техникалық қызметті ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі шығыстар нақты шығындар бойынша қалыптастырылады және бұқаралық ақпарат құралдарында материалдарды орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қамтиды.
5. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептеледі.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |