Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 106-бабының 7-тармағына, 112-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 тамызда № 23928 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 106-бабының 7-тармағына, 112-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. А. Примкулов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 бұйрыққа 1-қосымша
Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны, сондай-ақ әсер етуге арналған экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандарын және оларды толтыру тәртібін ұсыну қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 14.09.2023 жылғы № 256 Бұйрығына сәйкес (09.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны, сондай-ақ әсер етуге арналған экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандарын және оларды толтыру тәртібін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 106-бабының 7-тармағына, 112-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Кодекс), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны беру тәртібін айқындайды, сондай-ақ әсер етуге арналған экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанына және оларды толтыру тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар:
1) әсер етуге арналған экологиялық рұқсат – II санаттағы объектілер және I санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсат;
2) ең үздік қолжетімді техникалар (ЕҮҚТ) – қызмет түрлері мен оларды жүзеге асыру әдістерінің неғұрлым тиімді және үздік даму сатысы, бұл олардың қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік әсер етуді болғызбауға немесе, егер бұл іс жүзінде жүзеге асырылмаса, барынша азайтуға бағытталған технологиялық нормативтер мен өзге де экологиялық шарттарды белгілеуге негіз болу үшін практикалық жарамдылығын куәландырады;
3) жол берілетін төгінді нормативі – экологиялық рұқсатта белгіленетін және ластағыш заттың мөлшері (массасы) не сарқынды сулардағы ластағыш заттар қоспасы ретінде айқындалатын, уақыт бірлігіне ағызуға жол берілетін (рұқсат етілген) ең жоғары экологиялық норматив;
4) жол берілетін физикалық әсер ету нормативі – жылудың, шудың, дірілдің, иондаушы сәулеленудің, электромагниттік өрістердің кернеулігінің және табиғи ортаның компоненттеріне өзге де физикалық әсер етудің жол берілетін деңгейлері түрінде әрбір көз үшін белгіленетін, мұндай көзден болатын теріс физикалық әсер барлық көздермен жиынтықта табиғи ортаға физикалық әсер етудің белгіленген жол берілетін шекті деңгейлерінен асып кетуге әкеп соқпайтын экологиялық норматив;
5) кешенді экологиялық рұқсат – ең үздік қолжетімді техникаларды қолдана отырып, қоршаған ортаның ластануын кешенді түрде болғызбауды қамтамасыз етуге, қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік әсерді барынша азайтуға және бақылауға бағытталған құжат;
6) қалдықтардың жинақталу лимиті – I және II санаттағы объектілердің құрамына кіретін әрбір нақты орын үшін тиісті жинақтау орнында жинауға рұқсат етілген қалдықтардың түрлері бойынша шекті саны (массасы);
7) қалдықтарды көму лимиті – қалдықтардың І және ІІ санаттағы объектілердің құрамына кіретін полигонда көмуге рұқсат етілген түрлері бойынша олардың шекті мөлшері (массасы);
8) қозғалатын аумақ – өзінің шегінде қоршаған орта мен халық белгіленіп отырған қызметтің елеулі әсер етуіне ұшырайтын аумақ;
9) қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы «Хабарлама нысандары және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау, сондай-ақ хабарламаларды қабылдайтын мемлекеттік органдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы» № 4 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша қызмет алушымен ресімделген қызметтің басталғаны туралы хабардар ететін құжат;
10) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары – эмиссиялардың белгіленген нормативтерінің, қалдықтардың жинақталуы мен оларды көму лимиттерінің, күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттерінің (көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде) сақталуын қамтамасыз етуге қажетті, қоршаған ортаға теріс әсер етуді төмендетуге бағытталған іс-шаралар тізбесін қамтитын әсер етуге арналған экологиялық рұқсатқа қосымша;
11) қоршаған ортаның ластануы – атмосфералық ауада, жер үсті және жер асты суларында, топырақта немесе жер бетінде ластағыш заттардың, жылудың, шудың, дірілдің, электромагнит өрістерінің, радиацияның мемлекет белгілеген қоршаған орта сапасының экологиялық нормативтерінен асатын мөлшерде (концентрацияларда, деңгейлерде) болуы;ластаушы заттардың шығарындылары-шығарындылар көздерінен атмосфералық ауаға ластаушы заттардың түсуі;
12) ластағыш заттар – қоршаған ортаға түскен кезде өздерінің сапалық немесе сандық сипаттамаларына орай табиғи ортаның табиғи тепе-теңдігін бұзатын, табиғи орта құрамдастарының сапасын нашарлататын, экологиялық залал не адамның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтіруге қабілетті қатты, сұйық, газ тәрізді немесе бу тәрізді күйдегі кез келген заттар;
13) ластаушы заттардың ағызылуы – сарқынды сулардағы ластаушы заттардың жер үсті және жер асты су объектілеріне, жер қойнауына немесе жер бетіне түсуі;
14) ластаушы заттардың шығарындылары-шығарындылар көздерінен атмосфералық ауаға ластаушы заттардың түсуі;
15) маркерлік ластағыш заттар – өндірістің немесе технологиялық процестің нақты түрінің эмиссиялары үшін неғұрлым маңызды ластағыш заттар, олар осындай өндіріске немесе технологиялық процеске тән ластағыш заттар тобынан таңдап алынады және олардың көмегімен топқа кіретін барлық ластағыш зат эмиссиясының мәнін бағалауға болады;
16) мүдделі мемлекеттік органдар – объектіні іске асыру кезінде өздерінің функциялары қозғалған мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар;
17) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы – қоршаған ортаға эмиссиялар деңгейінің, зиянды өндірістік факторлардың өлшемдері және (немесе) есеп-қисаптары, сондай-ақ табиғи, энергетикалық және өзге де ресурстарды тұтынудың іс жүзіндегі көлемі негізінде өндірістік процестің тиімділігін экологиялық бағалауды қамтамасыз ету бойынша I немесе II санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсатқа қосымша;
18) рұқсат етілетін шығарындылар нормативі – экологиялық рұқсатта белгіленетін және ластағыш заттың не ластағыш заттар қоспасының атмосфералық ауаға шығару үшін рұқсат етілетін (рұқсат етілген) ең жоғары массасы ретінде айқындалатын экологиялық норматив;
19) сарқынды суларды шығару – сарқынды суларды жер үсті және жер асты су объектілеріне, жер қойнауына немесе жер бетіне ағызу құрылғысы мен орны;
20) технологиялық нормативтер – кешенді экологиялық рұқсатта:
уақыт бірлігіне немесе өндірілетін өнімнің (тауардың), орындалатын жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігіне есептелетін электр және (немесе) жылу энергиясының, өзге ресурстардың тұтынылу мөлшері түрінде белгіленетін экологиялық нормативтер;
эмиссиялар көлемінің бірлігіндегі маркерлік ластағыш заттардың шекті саны (массасы);
21) экологиялық рұқсат – жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қоршаған ортаға теріс әсерді жүзеге асыру құқығын куәландыратын және қызметті жүзеге асырудың экологиялық шарттарын айқындайтын құжат;
22) экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы – технологиялық нормативтерге, эмиссиялар нормативтеріне қол жеткізуге бағытталған I санаттағы объектіні реконструкциялау, қайта жарақтандыру, жаңғырту жөніндегі жоспарланатын іс-шаралар кестесін көздейтін кешенді экологиялық рұқсатқа қосымша;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |