• Мое избранное
Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы № 327 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 тамызда № 23994 болып тіркелді

Редакция 02.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Экология кодексі 406-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 69) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.06.2024 жылғы № 123 Бұйрығына сәйкес (27.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың:
1) «Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 202 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10928 болып тіркелген).
2) «Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 202 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 437 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16310 болып тіркелген күші жойылды деп танылсын).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. А. Примкулов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
  • 1
Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2021 жылғы 13 тамыздағы
№ 327 бұйрығына
қосымша
Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Экология кодексі 406-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 69) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.06.2024 жылғы № 123 Бұйрығына сәйкес (27.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттары - халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жай-күйінің нашарлауын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы.
3. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттары төтенше экологиялық ахуал немесе экологиялық зілзала аймақтарын анықтау кезінде пайдаланылады.
4. Төтенше экологиялық жағдай аймағын немесе экологиялық зілзала аймағын анықтау қолайсыз экологиялық ахуалдың неғұрлым жоғары дәрежесін көрсететін бір немесе бірнеше негізгі және қосымша көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады.
5. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттары халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жай-күйін анықтаудың өзге де мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
2-тарау. Селитебтік аумақтар ауасының ластануын бағалау өлшемшарттары
6. Ауа бассейні ластануының қолайсыз әсері ықтимал экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарын зерттеу кезінде ластанған ауамен тікелей байланыс нәтижесіндегі және/немесе атмосферадан ластаушы заттардың түсуі және су мен топырақтың қайталама ластануының нәтижесіндегі теріс әсері ескеріледі.
  7. Жеке жергілікті көздерден ластаушы заттардың шоғырлануы қоспалардың бытырау және түсу процестерінің нәтижесінде арақашықтықпен төмендейді. Ең көп шоғырланулар құбырдың көзден шамамен 20 биіктігінің арақашықтығында белгіленеді. Осындай көздерден адам денсаулығы үшін қауіпті шоғырланулар, 10-100 км2   аспайтын ауданда байқалады. Адаммен салыстырғанда атмосфераның ластануына сезімталдығы бірнеше есе жоғары болатын қылқан жапырақты ормандар үшін өсімдіктің зақымдану алаңы 100-1000 км2   дейін жетеді.   
8. Атмосфералық ауа ластануының дәрежесі қауіптілік сыныбын, ауа ластануларының биологиялық іс-әрекетінің сомалануын және жол берілетін шекті шоғырлану (бұдан әрі - ЖШШ) асуларының жиілігін ескере отырып, ЖШШ асуының еселігі бойынша белгіленеді.
9. Ауаның ластану дәрежесін бағалау үшін соңғы бірнеше жылдар бойы, бірақ кемінде 2 жыл іс жүзіндегі ең көп бір жолғы және орташа тәуліктік шоғырланулар пайдаланылады.
10. Өлшеулердің нәтижелері әрбір қадағалау бекеті, заты және жылы бойынша бөлек өңделеді. Әрбір зат бойынша кемінде 200 қадағалау (сынама) жүзеге асырылады:
1) орташа тәуліктік шоғырланулар бойынша атмосфералық ауаның ластану дәрежесін бағалау:
ластану дәрежесін бағалау үшін бірдей уақыт аралығы арқылы 24 сағат ішінде үзіліссіз аспирация немесе ең аз дегенде тәулігіне 4 рет үзілісті аспирация жолымен алынған орташа тәуліктік сынамалар пайдаланылады. Орташа тәуліктік сынамалардан алынған барлық шоғырланулар талданады.
Әрбір орташа тәуліктік шоғырлану үшін асудың еселігі «Е» есептеледі. Сарапталған кезең (жыл) ішінде «Е» көрсеткіші бойынша есептелген қатар осы өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес орташа тәуліктік шоғырланулар бойынша атмосфералық ауаның ластану дәрежесін бағалау өлшемшарттарын сәйкес бағаланады.
Сомалау әсері бар заттар комбинациясы болған кезде келтірілген (бұдан әрі - Отс бол.) орташа тәуліктік шоғырлануы (1.1) формуламен есептеледі. Бағалау Отс бол. бойынша жүргізіледі.
Көрсетілген өлшемшарттарын ескере отырып, атмосфера ластануының барлық түрлері бойынша материалдар қаралады, олардың негізінде аумақты осы немесе өзге аймаққа жатқызудың сараптамалық бағасы жасалады;
2) барынша көп-бір жолғы (бір жолғы) шоғырланулар бойынша атмосфералық ауаның ластануын бағалау.
Өлшеулер нәтижелерін бағалаудың сенімділігін арттыру және кездейсоқ шамаларды алып тастау үшін материалды статистикалық өңдеу пайдаланылады, ол шоғырланулар вариацияларын ескере отырып, оның сондай мәнін алуға мүмкіндік береді, ол 95% жағдайда есепті шоғырланудың деңгейінде немесе төмен болады (О95).
Асудың еселілігі (Е) (1.1) формуласы бойынша есептеледі:
  
мұнда:
Е - асудың еселілігі;
О95-95% жағдайда мән есепті шоғырланудың деңгейінде немесе төмен болады.
ЖШШе.ж.б- ең жоғарғы жол берілетін шекті шоғырлану.
Атмосфералық ауада биологиялық іс-әрекет сомасының әсері бар заттар болған жағдайда (1.2) формуласы бойынша сомаланған заттардың біреуіне келтірілген шоғырлану (О95бол) есептеледі:
O95бол=O1+O2*ЖШШ1/ЖШШ2+О3*ЖШШ1/ЖШШ3+..+Оn*ЖШШ1/ЖШШn (1.2)
мұнда:
O1, O2-сомалау әсері бар ластаушы заттардың шоғырлануы;
ЖШШ-жол берілетін шекті шоғырлану;
О95бол - сомаланған заттардың біреуіне келтірілген шоғырлану.