Toggle Dropdown
5
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 тамызда № 24045 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 04.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Техникалық реттеу туралы», Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 72) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының және бұйрығының құрылымдық элементтінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильин
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 17 тамыздағы
№ 405 Бұйрыққа
1-қосымша
Toggle Dropdown
1
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті
Toggle Dropdown
1-тарау. Қолданылу саласы
Toggle Dropdown
1. Осы «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі – Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарына сәйкес әзірленген.
Toggle Dropdown
2. Техникалық регламент өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеудің негізгі ережелерін айқындайды және:
Toggle Dropdown
1) осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген өрт және оның қауіпті факторларының, заттар мен материалдардың, сондай-ақ өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша технологиялық орталардың; жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтардың; өрт қауіптілігі бойынша құрылыс материалдарының; құрылыс конструкциялары мен өртке қарсы тосқауылдардың; өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша электр жабдығының, сыртқы қондырғылардың, ғимараттардың, құрылыстар мен үй-жайлардың жіктегішін;
Toggle Dropdown
2) қалалық және ауылдық елді мекендерді жобалау, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу кезінде өмірлік циклінің барлық сатысында әртүрлі мақсаттағы шаруашылық жүргізу объектілеріне қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейді.
Toggle Dropdown
3. Осы Техникалық регламенттің ережелері мақсаты мен меншік нысанына қарамастан жобалау, құрылыс, күрделі жөндеу, күрделі құрылыс объектілерін реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, функционалдық мақсатын өзгерту, техникалық қызмет көрсету, объектілерді пайдалану кезінде орындау үшін міндетті.
Toggle Dropdown
4. Арнайы мақсаттағы, оның ішінде әскери мақсаттағы объектілерге, радиоактивті және жарылыс заттары мен материалдарын қайта өңдеу, сақтау объектілеріне, химиялық қару мен жару құралдарын жою және сақтау объектілеріне, жерүсті ғарыш объектілері мен старттық кешендерге; тау-кен қазбалары объектілеріне қатысты осы Техникалық регламентпен қатар, Қазақстан Республикасының ведомстволық нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптары сақталуы тиіс.
Toggle Dropdown
2-тарау. Терминдер мен анықтамалар
Toggle Dropdown
5. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Toggle Dropdown
1) адамдарды эвакуациялаудың есептік уақыты – эвакуациялау жолының берілген көлемдік-жоспарлау және конструкциялық шешімдері кезінде адамдарды өрт туралы құлақтандырылған сәттен бастап ғимараттан, құрылыстан қауіпсіз аймаққа эвакуациялау аяқталған сәтке дейінгі уақыт аралығы;
Toggle Dropdown
2) авариялық шығу – эвакуация жолына, тікелей сыртқа немесе қауіпсіз аймаққа алып келетін, адамдарды құтқару үшін қосымша шығу ретінде пайдаланылатын, алайда эвакуация жолдары мен шығу есіктерінің қажетті саны мен көлемінің өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау шарттарына сәйкестігін бағалау кезінде ескерілмейтін шығу жолы (есік, люк);
Toggle Dropdown
3) автоматтық автожанармай құю станциясы – технологиялық жүйесі көлік құралдарына сұйық мотор майын құюға арналған және резервуарларының жер астында орналасуымен және мұнай өнімдерін отын тарату колонкалары арқылы автоматтандырылған (оператордың қатысуысыз) түрде жіберумен сипатталатын стационарлық автожанармай құю станциясы;
Toggle Dropdown
4) бықсу – жалынсыз жану;
Toggle Dropdown
5) ғимараттың биіктігі (эвакуациялау және құтқару үшін) – ғимаратқа жақын өту жолының өту бөлігінің қабатынан бастап жердің жоспарлы белгілеу деңгейінің және жоғарғы техникалық қабатты (қабаттарды) санамағандағы жоғарғы қабаттың (мансард қабатын қоса алғанда) еденінің деңгейіне дейінгі белгілеулердің айырымы. Еңісі бар немесе бірнеше өту жолдары бар жер учаскелерінде орналасқан ғимараттың биіктігі жоспарлы белгілеуінің төменгі деңгейінің немесе өту жолының төменгі деңгейінің және жоғары қабаттың едені деңгейінің белгілеулерінің айырымымен анықталады;
Toggle Dropdown
6) жалын таралуының температуралық шегі (жалындау) – қаныққан бу тотықтырғыш ортада жалын таралудың сәйкесінше төменгі (төменгі температуралық шегі) және жоғарғы (жоғарғы температуралық шегі) концентрациялық шегіне тең концентрация жасайтын зат температурасы;
Toggle Dropdown
7) жалын таралудың қалыпты жылдамдығы – жалын фронтының оның бетіне перпендикуляр бағытта жанбаған газға қатынаста орын ауыстыру жылдамдығы;
Toggle Dropdown
8) жалын таралудың төменгі (жоғарғы) шоғырланған шегі – жалынның жану көзінен қоспа бойынша кез келген қашықтыққа таралуы мүмкін болатын қышқыл ортасы бар біртекті қоспада жанғыш заттың ең аз мөлшері;
Toggle Dropdown
9) жалындау – от алу көзінен басталған және оны жойғаннан кейін де жалғасатын заттың жалындап жануы;
Toggle Dropdown
10) жану – от алу көзінің әсерінен өртене бастауы;
Toggle Dropdown
11) жану жылдамдығы – аудан бірлігінен уақыт бірлігіне жанатын сұйықтық мөлшері;
Toggle Dropdown
12) жанғыш орта – тұтану көзі әсері кезінде жалындауға қабілетті орта;
Toggle Dropdown
13) жанғыштық – заттар мен материалдардың жалындауға, өздігінен жану және (немесе) бықсу қабілеттілігі;
Toggle Dropdown
14) жылу өздігінен жанудың шарты – қоршаған орта температурасы, зат (материал) саны және оның өздігінен жану сәтіне дейінгі уақыт арасындағы эксперименттік анықталған тәуелділік;
Toggle Dropdown
15) заттар мен материалдардың өрт-жарылыс қауіптілігі – өрт жағдайында (немесе) физикалық-химиялық қасиеттерімен және қалпымен сипатталатын, заттар мен материалдардың жанғыш (өрт қауіпті немесе жарылыс қауіпті) ортаны жасау қабілеті;
Toggle Dropdown
16) конструкцияның отқа төзімділік шегі (өртке қарсы тосқауылдардың ойықтарын толтыру) – от әсерінің басынан бастап оттөзімділік бойынша осы конструкция үшін нормаланатын шекті күйге дейінгі уақыт;
Toggle Dropdown
17) қажетті эвакуациялау уақыты – өрттің қауіпті факторлары әсерлерінің нәтижесінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірмей өрттің қауіпті факторлары жоқ аймаққа адамдар эвакуациялануы тиіс өрттің туындаған сәтінен бастап уақыт;
Toggle Dropdown
18) құтқару – ададмардың өміріне (денсаулығына) өрттің қауіпті факторларының әсер етуінен қауіп болған кезде өрттің қауіпті факторлары болмайтын аймаққа, оның ішінде тиісті техникалық құтқару және қорғау құралдарын пайдалана отырып, адамдарды жеке немесе ұжымдық ауыстыру процесі;
Toggle Dropdown
19) құтқару құралдары (құрылғылары) – адамдарға өрттің қауіпті факторларының әсер етуі және (немесе) олардың ілеспе көріністерінің болуы мүмкін және эвакуациялау өрттің қауіпті факторларымен немесе басқа да себептермен бұғатталған жерлерден адамдарды дербес немесе мәжбүрлі көшіруді қамтамасыз ететін техникалық құралдар;
Toggle Dropdown
20) объектінің өрт қауіпсіздігі – өрттің пайда болуы және дамуының, сондай-ақ өрттің қауіпті факторларының адам және материалдық құндылықтарға әсерін алдын алу мүмкіндігін сипаттайтын объектінің жай-күйі;
Toggle Dropdown
21) объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі – өрттің алдын алу және объектіге одан келетін шығысты азайтуға бағытталған ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдар кешені;
Toggle Dropdown
22) объектінің өрт қауіптілігі – өрт туындай және дамуы, сондай-ақ өрттің қауіпті факторларының адамдарға және материалдық құндылықтарға әсер ету мүмкіндігін сипаттайтын объекті күйі;
Toggle Dropdown
23) өндірістік объектілер – өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығына арналған, оның ішінде қоймалар, инженерлік және көлік инфрақұрылыс (теміржол, автомобиль, өзен, әуе және құбыржол көлігі), байланыс объектілері;
Toggle Dropdown
24) өрт бөлігі – өрттің таралуын шектеу және оны жоюға арналған жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында өртке қарсы тосқауылдармен (1 типті өртке қарсы қабырғалар және 1 типті өртке қарсы аражабындар) бөлінген ғимараттың бөлігі;