Bestprofi Logo

Бұйрық № ҚР ДСМ-81 от 2021-08-19г./Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

«Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

«Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 тамызда № 24066 болып тіркелді

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

1) «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 138 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10646 болып тіркелген);

2) «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20935 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығымен бекітілген

«Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар

1. «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және зираттарды, жерлеу мақсатындағы объектілерді жобалауға, күтіп-ұстау мен пайдалануға, мәйіттерді жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға және діни объектілерде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.

2. Осы санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

1) ғибадат үйі (ғимараты) – құдайға құлшылық етуге, дұға оқылатын және діни жиналыстарға, діни тәу етуге (мінажат етуге) арналған орын;

2) діни объектілер – қызметі діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған объектілер;

3) жабық зират – жерлеу аймағы жаңа жерлеу орындарын құру үшін толығымен пайдаланылған зират;

4) жерлеу бюросы, жерлеу қызметін көрсететін бюро-дүкендер (дүкендер) – қаралы рәсімдер жүргізу үшін тауарлар өткізу және қызмет көрсету бойынша объектілер;

5) жерлеу мақсатындағы объектілер – халыққа салттық қызмет көрсетуге арналған объектілер (зираттар, крематорийлер, колумбариялар, жерлеу бюролары және жерлеу қызметін көрсететін бюро-дүкендер (дүкендер));

6) зират – қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйегін жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;

7) зират әкімшілігі – зират ұстау және пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

8) көму (жерлеу) – санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, қайтыс болған адамның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрыпқа және салт-дәстүрге сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін) жерге (қабірге, табытқа) жерлеу немесе сүйегі (күлі) бар урнаны қабірге, табытқа жерлеу арқылы отқа жағу (кремациялау) бойынша әдет-ғұрып әрекеттері;

9) қабір – қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйегін жерлеу орыны;

10) сүйек – мәйіттің шірімеген қалдықтары.

2-тарау. Зираттарды, жерлеу мақсатындағы объектілерді жобалауға, күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

1) сумен жабдықтау көздері мен минералды көздерді санитариялық қорғау аймақтарының бірінші және екінші белдеулерінің;

2) курортттарды санитариялық қорғанудың бірінші және екінші аймақтарының аумақтарында;

3) су басатын, сырғымаларға және құламаларға бейім, батпақты учаскелерге;

4) шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік, шомылу және басқа да мәдени-сауықтыру іс-шаралары үшін халық пайдаланатын І және ІІ санаттардағы су қоймаларының жағалауларында;

5) күйдіргі бойынша стационарлық қолайсыз пункттерінің аумақтарында;

6) гамма-сәуленің тиімді дозасының қуаты ашық жерлерде доза қуатынан сағатына 0,2 микроЗиверттен асатын аумақтарда орналастыруға жол берілмейді.

4. Зираттар зираттың қоршауынан есептегенде:

1) бірінші тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, спорттық-сауықтыру және санаториялық-курорттық аймақтарға дейін кемінде 300 метрді құрайтын;

2) су көзін санитариялық қорғау аймақтарының белдеулері мен сүзу уақытын есептеулерімен арақашықтықтың жеткіліктілігін растай отырып, халықты ауызсумен жабдықтау көзіне дейін кемінде 1000 метрді құрайтын қашықтықта орналастырылады.

Жабық зираттар үшін бірінші тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, спорттық-сауықтыру және санаториялық-курорттық аймақтарға дейінгі қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

5. Жерлеудің жалпы алаңы зираттың жалпы алаңының 65-70 пайызы есебінен қабылданады.

6. Зиратқа арналған учаскенің тұрған орны және оның көлемі елді мекенді жоспарлау және салу жобасында зират аумағын тікелей ол жабылғаннан кейін саябақ немесе бақ салуға пайдалану мүмкіндігін ескере отырып көзделеді.

7. Жерлеу бюролары, жерлеу қызметін көрсететін бюро-дүкендер (дүкендер) (құрамында қайтыс болғандардың денелерін сақтауға, оларды жерлеуге дайындауға, қоштасу рәсімін өткізуге арналған үй-жайлары бар) тұрғын және қоғамдық ғимараттардан кемінде 50 метр қашықтықта бөлек тұрған ғимараттарға орналастырылады.

8. Зират аумағы және жерлеу қызметін көрсететін ғимараттарға кіреберістер қоқыс жинауға арналған урналармен, контейнерлері бар алаңдармен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығына сәйкес бекітілген «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес қамтамасыз етіледі.

1) қабірлердің учаскелері арасындағы қашықтық ұзын жақтары бойынша кемінде 1 метрді, ал қысқа жақтары бойынша кемінде 0,5 метрді құрайды;

2) қабірдің тереңдігі топырақтың сипатына және топырақ асты суларының деңгейіне байланысты белгіленеді және жер бетінен табыттың қақпағына (бар болған жағдайда) дейін кемінде 1,5 метрді құрайды. Барлық жағдайларда қабірге арналған белгі жер асты суларының деңгейінен 0,5 метрге жоғары болады;

3) аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болғандар үшін қабірдің тереңдігі 2 метр деңгейінде белгіленеді, бұл ретте түбіне кемінде 10 см қабатпен хлорлы әк төгіледі;

4) әрбір қабірдің жер бетінен 0,5 метрге биік үймесі (бұдан әрі – қабір үсті төмпешігі) болады. Қабір үсті төмпешігі қабірді атмосфера суларынан қорғау үшін оның шеттерін жауып тұруы тиіс.

10. Қайтыс болған адамдарда аса қауіпті инфекциялық ауру (күйдіргі, конго-қырым геморрагиялық қызбасы) болмаған жағдайда жерленген сәтінен бастап алғашқы екі апта ішінде кейіннен үш жылдан ерте емес, құмдауыт жерлерде бір жылдан ерте емес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша қайта жерлеуге жол беріледі.

11. Сүйек алынған жағдайда қабір дезинфекцияланады және топырақ себіледі, ал қабірден алынған сүйек қақпақты жәшіктерде тасымалданады, табыт жәшікке салынады және жаңа орынға тасымалданады. Жерлеу жүргізілген табыт зақымданған (сақталмаған) жағдайда, табыттың қалдықтары арнайы бөлінген орындарда өртеледі.

12. Қайта жерлеумен айналысатын адамдар:

1) сіреспеге және күйдіргіге қарсы егіледі;

2) арнайы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғаныш құралдарымен (резеңке етік, резеңке қолғап, респиратор немесе ауыз бен мұрынды жабатын дәке таңғыш, комбинезон) қамтамасыз етіледі.

13. Арнайы киімді үй жағдайларында жууға және залалсыздандыруға жол берілмейді, ал жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын құрал зираттан тыс шығарылмайды.

14. Арнайы киім және арнайы аяқ киім эксгумация бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда тазартылуға және дезинфекциялануға жатады немесе өртеледі. Дәке таңғыштар эксгумация бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін өртеледі.

15. Эксгумацияланған қалдықтарды тасымалдағаннан кейін көлік Ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер талаптарына сәйкес дезинфекциялануға жатады.

16. Этиологиясы белгісіз инфекциялардан және аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болған адамдарды жерлеу мырышталған, тұмшаланып дәнекерленген табыттарда жүргізіледі.

17. Зиратты және қабірлерді көшіру кезінде аумақтарды (учаскелерді) рекультивациялау жүргізіледі. Тұрғын үй аумағын жоспарлау үшін қабірлердің жойылатын орындарының топырақтары пайдаланылмайды.

18. Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде бұрын белгісіз болған қабірлер анықталған жағдайларда мәйіттің сүйегін қайта көму және аумақты рекультивациялау қажет.

19. Зираттардың аумағы оны көшірген сәттен бастап жиырма жыл өткен соң пайдаланылады. Аумақ бұл жағдайларда тек жасыл көшеттер үшін ғана пайдаланылады.

3-тарау. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде діни объектілерге қойылатын талаптар

20. Діни объектілерде (бұдан әрі – объект) діни ғимараттардың (құрылыстардың) персоналына сауалнама жүргізу және термометрияны жүзеге асыру арқылы бақылау жүргізуге жауапты адам объект әкімшілігінің бұйрығына сәйкес тағайындалады.

21. Инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында жіті респираторлық инфекциялар (қызба, жөтел, мұрынның ағуы) және басқа да инфекциялық аурулар белгілері бар персонал тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға тексеру үшін жіберіледі.

22. Объектінің әкімшілігі ғибадат ғимараттарының (құрылыстарының) персоналын бір рет қолданылатын медициналық немесе мата маскалардың (бұдан әрі – маска) жеткілікті қорымен, сондай-ақ қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық сулықтармен, тері антисептиктерімен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Пайдаланылған жеке гигиена заттарын уақтылы кәдеге жарата отырып, әрбір 3 сағат сайын маскаларды ауыстыру есебінен қызметкерлерді маскалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

23. Діни объектілерде персонал мен діни қызметшілердің маска киюі қамтамасыз етіледі.

24. Ғибадат үйлеріне (құрылыстарына) кіруге міндетті түрде маска болған жағдайда рұқсат етіледі.

25. Келушілердің қолдарын өңдеу үшін көрінетін және қолжетімді орындарда (кіреберісте, санитариялық тораптарда, құдайға құлшылық етуге арналған үй-жайларда, дәрет алуға арналған және діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған бөлмелерде) тері антисептиктері, санитайзерлер орнатылады.

26. Ғибадат үйлерінде (құрылыстарында) намаз оқу бір адамға 4 метрден кем емес есеппен қашықтықты сақтау кезінде жүзеге асырылады.

27. Келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгілер, қоршаулар мен тосқауыл ленталар салу, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау қамтамасыз етіледі;

28. Діни салт-жораларды орындау үшін бөлінген бөлмелерде санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуы қамтамасыз етіледі.

29. Ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және баптау жүйелеріне ревизия (тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру) Ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер талаптарына сәйкес жүргізіледі.

30. Тәулік ішінде күніне кемінде 5 рет еселікпен ұзақтығы кемінде 15 минут барлық үй-жайларды тұрақты желдету жүргізіледі.

31. Келушілер көп жиналатын жерлерде ауаны үнемі зарарсыздандыру мақсатында бактерицидті шамдар (келушілер мен персонал болмаған кезде пайдаланылады) және (немесе) ауа рециркуляторлары (адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі) пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес қолданылады.

32. Ғибадат ғимараттарының (құрылыстарының) үй-жайларында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын жинау жүргізіледі. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыстың барлық түрлері ылғал өткізбейтін герметикалық қолғаппен орындалады.

33. Дезинфекциялау жүргізу үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізілген, қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда вирустық инфекциялар кезінде объектілерді зарарсыздандыру режимдері көрсетілген дезинфекциялау құралдары қолданылады, олар мынадай еселікте: санитариялық тораптар (еден, санитариялық-техникалық жабдық, оның ішінде крандардың вентильдері, унитаздың бөшкелерін түсіру) және сүйеніштер күніне 3 рет өңделеді.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание