• Мое избранное
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 5

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 тамызда № 24069 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
Редакция 30.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 49) және 92) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице–министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 20 тамыздағы
№ ҚР ДСМ-89
Бұйрыққа 1-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидалары
Қағидалар тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидалары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 49) тармақшасына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тәртібін (бұдан әрі – Қағидалар) айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – ӘлМСҚ) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптарда сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
2) белгілі бір аурулары (жай–күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі – белгілі бір аурулары (жай–күйлері) бар Қазақстан Республикасының азаматтарының жекелеген санаттары бөлінісінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар мен арнайы емдік өнімдердің атаулары мен сипаттамаларын қамтитын амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бюджет қаражаты және (немесе) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар мен арнайы емдік өнімдердің тізбесі, (бұдан әрі – Тізбе);
3) бірлесіп төлеу – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) амбулаториялық деңгейде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құны мен оларды өтеудің белгіленген шекті бағасындағы ерікті тәртіппен жүзеге асырылатын айырманы төлеу;
4) бірыңғай дистрибьютор – Кодекстің 247-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) дәрілік зат – затты не заттар комбинациясын білдіретін немесе қамтитын, адам организмімен байланысқа түсетін, адам ауруларын емдеуге, олардың профилактикасына немесе фармакологиялық, иммунологиялық не метаболизмдік әсер ету арқылы оның физиологиялық функцияларын қалпына келтіруге, түзетуге немесе өзгертуге немесе адам аурулары мен жай-күйінің диагностикасына арналған құрал;
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілер – дәріхана, оның ішінде Интернет арқылы өткізуді жүзеге асыратын дәріхана, денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған, дәріханадан ұйымдастырылған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана (дистрибьюторлық) қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық бұйымдар дүкені, медициналық бұйымдар қоймасы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі ұйымдар;
7) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер – фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
9) денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формуляры – Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр негізінде қалыптастырылған және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізбесі;
10) клиникалық хаттама – белгілі бір ауру немесе пациенттің жай–күйі кезінде профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек жөніндегі ғылыми дәлелденген ұсынымдар;
11) Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымдардың дәрілік формулярларын әзірлеу және дәрілік заттарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру үшін міндетті негіз болып табылатын, клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген дәрілік заттардың, сондай-ақ орфандық (сирек кездесетін) дәрілік препараттардың тізбесі;
12) медициналық бұйымдар – медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника;
13) медициналық мақсаттағы бұйымдар – функционалдық мақсатына және өндірушінің нұсқаулығына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылатын материалдар, бұйымдар, ерітінділер, реагенттер, жиынтықтар, жинақтар;
14) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
15) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
16) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын медициналық көмектің көлемі;
17) фармацевтикалық көрсетілетін қызмет – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, есепке алуды және өткізуді қоса алғанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы субъектілердің халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етумен байланысты қызметі. 
2-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
3. Дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тәртібі:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
1) Кодекстің 7-бабының 92) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесіне сәйкес қажеттілікті айқындауды;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 қаулысымен бекітілген Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен арнайы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 47 қаулысымен бекітілген Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес Бірыңғай дистрибьютордың ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттарды мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді;
4) ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді;
5) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының медициналық көмек көрсетудің барлық жағдайларында дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен, оның ішінде ауыл халқына қолжетімділікті қамтамасыз етуді;
6) «Формулярлық жүйе қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22513 болып тіркелген) Формулярлық жүйе қызметін жүзеге асыру қағидаларына және «Дәрілік заттардың ұтымды пайдалануына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ-179/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21586 болып тіркелген) Дәрілік заттарды тиімді пайдалануға бағалау жүргізу қағидаларына сәйкес дәрілік заттарды тиімді пайдалануды;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22230 болып тіркелген) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауды, есепке алуды;
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ–210/2020 бұйрығымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21715 болып тіркелген) бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу қағидаларына сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуді;
9)   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ–294/2020 бұйрығымен  бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21870 болып тіркелген) Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ілгерілету этикасының қағидаларына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ілгерілету этикасы шарттарын сақтауды қамтиды.
4. ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қоры: АИТВ инфекциясы кезінде медициналық көмек көрсетуді қоспағанда кемінде бір айға құрылады, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қоры кемінде үш айға құрылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
5. Сырқаттанушылық серпіні өзгерген, пациент ауысқан немесе көшкен, дәріге көнбеуіне, дәріні жеке көтере алмауына байланысты емдеу схемасы өзгерген, қайтыс болған, медициналық ұйым таратылған, медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде медициналық қызметтер көрсету бейіні өзгерген жағдайларда медициналық ұйымдар арасында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды материалдық құндылықтарды есепке алу саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен қайта бөлу өз бетінше жүзеге асырылады.
1-параграф. Амбулаториялық жағдайларда дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тәртібі
6. Амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде белгілі бір аурулары (жай–күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ – 75 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Белгілі бір аурулары (жай–күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық жағдайларда ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тегін және (немесе) жеңілдікті берілетін дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 02 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21493 болып тіркелген) Тегін рецептілерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларына сәйкес жазып берілген дәрігердің рецептісі бойынша тегін жүзеге асырылады.
8. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде амбулаториялық дәрі–дәрмекпен қамтамасыз етуді көрсетуге арналған дәрілік заттарды босату кезінде медициналық ұйымның атауы, оның мекенжайы көрсетіле отырып, медициналық ұйымның мөртабанымен және «тегін» белгісімен белгіленеді.
9. Дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету кезінде «Бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № ҚР ДСМ-61 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23589 болып тіркелген) Қағидаларға сәйкес бірлесіп төлеуге болады.
10. Аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде дәріханалар, дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері болмаған кезде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар арқылы жүргізіледі.
11. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құрамында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттармен қамтамасыз етуді есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
12. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12-тармақ алынып тасталды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.07.2023 жылғы № 129 Бұйрығымен (05.08.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Туберкулезбен ауыратын пациенттер амбулаториялық жағдайларда емдеу кезінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдардың химизаторлар кабинеттері арқылы дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.
14. АИТВ инфекциясын емдеу және оның профилактикасы үшін антиретровирустық препараттармен қамтамасыз ету мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Облыс орталығынан шалғайдағы елді мекендерде мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар болмаған кезде АИТВ инфекциясын емдеу және оның профилактикасы үшін антиретровирустық препараттармен қамтамасыз ету медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
14-1. Қолдаушы терапиядағы апиын агонистеріндегі (бұдан әрі – ҚТАА) пациенттер психикалық денсаулықты сақтау саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар арқылы ҚТАА үшін дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.
2-тарау 14-1-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
15. Онкологиялық аурулары бар пациенттерді таргеттік препараттармен қамтамасыз етуді онкологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар жүзеге асырады.
16. Инъекциялық (инфузиялық) дәрілік нысандағы иммунологиялық (иммундық–биологиялық) дәрілік заттармен қамтамасыз ету медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе медицина қызметкерінің бақылауымен амбулаториялық немесе стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың емшара кабинеттері немесе амбулаториялық химиотерапия кабинеттері арқылы жүзеге асырылады. Препаратты ашу пациенттің көзінше жүзеге асырылады, уәкілетті органның тиісті ақпараттық жүйесінде ол туралы, оның ішінде препараттың сериясы мен жарамдылық мерзімі туралы жазба жүргізіледі және пациентке дәрілік препаратты алғаны туралы растау үшін СМС-хабарлама жіберіледі.
17. Буллезді эпидермолизді емдеу үшін көрсетілімі бар антисептикалық және дезинфекциялық препараттармен қамтамасыз ету медициналық–санитариялық алғашқы көмек қызметтерінің кешенін және амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету шеңберінде жүзеге асырылады.
18. Мамандандырылған емдік өнімдермен, оның ішінде бейімделген емшек сүтін алмастырғыштармен қамтамасыз ету медициналық–санитариялық алғашқы көмек қызметтерінің кешенін және амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету шеңберінде жүзеге асырылады.
19. Жаңадан анықталған пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз ету тіркелген, қайта өндірілген дәрілік препараттар (генерик) немесе биоаналогтық дәрілік препараттан (биоаналог, биотектес дәрілік препарат, биосимиляр) болмауы немесе препаратты жеке көтере алмау жағдайларын қоспағанда, қайта өндірілген дәрілік препараттан (генерик) немесе биоаналогтық дәрілік препараттан (биоаналог, биотектес дәрілік препарат, биосимиляр) басталады. Пациенттерді бірегей препараттан қайта өндірілген дәрілік препаратқа (генерик) немесе биоаналогтық дәрілік препаратқа (биоаналог, биотектес дәрілік препарат, биосимиляр) немесе бір қайта өндірілген дәрілік препараттан (генерик) басқаға ауыстыру клиникалық хаттамаларға және формулярлық анықтамаға сәйкес дәрігердің тағайындауы бойынша жүзеге асырылады.
19-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
20. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде амбулаториялық жағдайларда дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтарды, қандастарды, босқындарды, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды бекітілген медициналық ұйымдар арқылы және сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, ұсталғандар, күзетпен ұсталғандар және диспансерлік есепте тұрған арнайы мекемелерге орналастырылғандарды жазасын өтеу орны бойынша жүзеге асырылады.
21. Амбулаториялық жағдайларда медициналық–санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар пациенттер үшін көрнекі ақпарат орындарында және медициналық ұйымның интернет-ресурсында белгілі бір аурулары (жай–күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін, сондай-ақ амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын медициналық ұйымдардың мекенжайларын және дәрілік заттарды қолдану жөнінде ақпарат алу үшін 8-800-080-88-87 тегін телефон желісінің нөмірін орналастырылады.
22. Құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар дәрілік заттарға қажеттілікті есептеу «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10404 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Қағидалар 22-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.07.2023 жылғы № 129 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 30.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
22. Клиникалық хаттамаларға сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің болуына және дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына бекітілген шекті бағасына қарамастан, белгілі бір аурулары (жай–күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының ұсынуы бойынша жергілікті өкілді органдары дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне енгізілмеген дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдайды.
23. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мониторингін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, оның ішінде уәкілетті органның ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, жүзеге асырады.
2-параграф. Жедел медициналық жәрдем, сондай-ақ мамандандырылған көмек, оның ішінде стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда, жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету кезінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тәртібі
24. Жедел медициналық жәрдем, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету кезінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету Қазақстан ұлттық дәрілік формулярының негізінде әзірленген Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес, «Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қалыптастыру қағидаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-326/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21913 болып тіркелген) Қазақстан ұлттық дәрілік формулярын қалыптастыру қағидаларына, сондай-ақ Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
24-1. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету осы Қағидаларға сәйкес қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.
2-тарау 24-1-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
25. Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып, көрсету кезінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып, көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
26. Стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) – (бұдан әрі – № ҚР ДСМ–175/2020 бұйрығы) Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес нысан бойынша дәрігерлік тағайындаулар парағына енгізген дәрігердің тағайындауларына сәйкес жүзеге асырылады. Дәрігерлік тағайындау парағы медициналық ақпараттық жүйеде, стационарлық пациенттің (сауықтырылушының санаторийлік-курорттық картасына), медициналық картасына қоса тіркеледі.
27. Жедел медициналық көмек, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар келіп түскен кезде, медициналық ұйымның атауы, оның мекенжайы көрсетіле отырып, медициналық ұйымның мөртабанымен және «тегін» белгімен белгіленеді.
27-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
28. Жедел медициналық көмек, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар медициналық құжаттамада және (немесе) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды пайдалануды есепке алудың автоматтандырылған бағдарламаларында (медициналық ақпараттық жүйелерде) жиынтық және сандық түрде есепке алынуға жатады.
28-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұтымды пайдалану (тағайындау), азаматтарды қамтамасыз ету деректерін талдау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары медициналық ақпараттық жүйелердің, оның ішінде дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың мониторингін және деректердің уақтылы енгізілуін және оның дәйектілігін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
29. ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде және ақылы қызметтер көрсету үшін сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бөлек сақталуға және есепке алынуға жатады.
29-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
30. Жаңа туған нәрестелерге ана мен баланың дәрі қобдишасын беру босандыру ұйымдарынан шығару кезінде жүзеге асырылады. Ана мен баланың дәрі қобдишаларын беру туралы белгі № ҚР ДСМ–175/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес нысан бойынша жаңа туған нәрестенің даму тарихына енгізіледі.
31. Медициналық ұйымдарда сақталатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды түгендеу жылына кемінде бір рет жүргізіледі.
  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы 20 тамыздағы
№ ҚР ДСМ-89 бұйрығына
2-қосымша
Оң жақ жоғары бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесі
Қағидалар мен әдістеме жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесі (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 92) тармақшасына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру тәртібі мен әдістемесін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – аударымдар мен жарналарды жинақтауды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
2) бірыңғай дистрибьютор – қызметін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде осы Кодекстің 247-бабына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) – белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттары бөлінісінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар мен арнайы емдік өнімдердің атаулары мен сипаттамаларын қамтитын, амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бюджет қаражаты және (немесе) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар мен арнайы емдік өнімдердің тізбесі;
4) белгіленген тәуліктік доза – бұл негізгі көрсетілімдер бойынша қолданған кезде дәрілік заттың орташа тәуліктік дозасына сәйкес келетін, әрбір белсенді ингредиент пен дәрілік нысан үшін белгіленетін шама;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
5) денсаулық сақтау ұйымының дәрiлiк формуляры – Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр негізінде қалыптастырылған және денсаулық сақтау ұйымының басшысы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізбесі;
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр – клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген дәрілік заттардың, сондай-ақ орфандық (сирек) дәрілік препараттардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымдардың дәрілік формулярларын әзірлеу және дәрілік заттарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру үшін міндетті негіз болып табылатын тізбесі;
8) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
9) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған шекті баға - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды одан жоғары бағамен жүргізуге болмайтын, дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған баға.
2-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК), қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті медициналық ұйымдар қалыптастырады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
1) жедел медициналық көмек, сондай-ақ дәрілік формулярларға сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету кезінде;
2) тізбеге сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде.
4. ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілік үш жылдық кезеңге қалыптастырылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
5. ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру есебі осы Қағидалардың 3-тарауында көрсетілген ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру әдістемесіне сәйкес мынадай мәліметтер ескеріле отырып, жүргізіледі:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
1) өңірдегі сырқаттанушылық және (немесе) эпидемиологиялық ахуал серпінінің деректері;
2) пациенттердің болжамды санын және (немесе) төсек – күнді айқындау үшін «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» (бұдан әрі – ДНЭТ АЖ), «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі» (бұдан әрі – СНЭТ АЖ), «Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» (бұдан әрі-ОНЭТ АЖ) ақпараттық жүйелерінің статистикалық деректері;
3) Дәрілік статистика әдіснамасы жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ынтымақтастық орталығының (www.whocc.no) (бұдан әрі – ДДҰ) деректеріне сәйкес дәрілік заттар үшін белгіленген тәуліктік дозаның мәні (бұдан әрі – БТД) және қабылдау ұзақтығы (күндер саны).
ДДҰ есептеген БТД мәндері болмаған кезде БТД есебі Қазақстан Республикасының клиникалық хаттамаларында және (немесе) дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұсынылған емдеу және дозалау схемалары ескеріле отырып жүргізіледі;
4) Қазақстан Республикасының клиникалық хаттамаларында және (немесе) дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұсынылған емдеу схемалары мен дозалары ескеріле отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолданудың орташа курстық ұзақтығы (дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тұрақты қолдануды қажет ететін созылмалы аурулармен ауыратын науқастар үшін бір жылдағы күндер санына тең);
5) уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына және (немесе) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған шекті баға. 
1-параграф. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету кезінде ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру тәртібі
1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
6. Медициналық ұйым ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
1) үш жылдық кезеңге Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізіміне (бұдан әрі – Бірыңғай дистрибьютордың тізімі) кіретін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың;
2) үш жылдық кезеңге Бірыңғай дистрибьютордың тізіміне кірмейтін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың;
3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражатының есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарда қажеттілікті қалыптастырады.
6-1. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражатының есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілік облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына келісу үшін жіберіледі.
2-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары сырқаттанушылық және (немесе) эпидемиологиялық жағдай серпінінің деректері, алдыңғы жылға нақты тұтыну, статистикалық деректердің және науқастардың болжамды санының дәйектілігі негізінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар көлемінің негізділігі тұрғысынан қажеттілікті қарайды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жалпы қажеттілікті қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 15 наурызына дейінгі мерзімде тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына жібереді. 
7. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қалыптасқан қажеттілігі медициналық ұйымның формулярлық комиссиясымен келісіледі.
2-параграф. Амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсету кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру тәртібі
2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
8. Медициналық ұйым ағымдағы қаржы жылының 15 наурызына дейінгі мерзімде үш жылдық кезеңге:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
1) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қажеттілікті қалыптастырады сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізіміне кіретін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға;
2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын ТМККК қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастырады. 
9. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қалыптасқан қажеттілігі медициналық ұйымның формулярлық комиссиясымен келісіледі.
10. Медициналық ұйым осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті медициналық ұйымның уәкілетті лауазымды тұлғасы не оны алмастыратын тұлға қол қойған өтінім нысанында қалыптастырады және ТМККК қосымша көлемінің шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органына жібереді.
11. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілік Бірыңғай дистрибьютордың «Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесіндегі өтінім нысанында қағаз жеткізгіште және (немесе) медициналық ұйымның уәкілетті лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат түрінде ресімделеді.
12. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қалыптастырылған өтінім ағымдағы қаржы жылының 20 наурызына дейінгі мерзімде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органына келісу үшін жіберіледі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы өтінімді өңірдегі сырқаттанушылық және (немесе) эпидемиологиялық жағдай серпінінің деректері және статистикалық деректердің және науқастардың болжамды санының дұрыстығының негізінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар көлемінің негізділігінің мәніне қарайды.
13. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған өтінімді қарау мерзімі келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайды.
14. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы келіскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде медициналық ұйым Қордың тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы филиалына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған өтінімді жібереді.
15. Қордың филиалы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға өтінім келіп түскен күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның әрбір атауы бойынша осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген белгіленген формулалар бойынша Тізбеге сәйкестігі мәніне және есептердің дұрыстығына өтінімді қарайды.
16. Медициналық ұйымның дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған өтінімі келісілгеннен кейін Қордың филиалы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша үш жылдық кезеңге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бірыңғай өтінімге енгізеді және Қорға жібереді.
17. Қор ТМККК және Қор қаражаты бөлінісінде қолжетімділік (немесе жеткілікті болу) және қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мәніне облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша үш жылдық кезеңге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бірыңғай өтінімді қарайды.
18. Қор өңірлердің бірыңғай өтінімдері негізінде республика бойынша үш жылдық кезеңге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған жиынтық өтінімді өңірлер бөлінісінде дәрілік заттардың әрбір дәрілік нысаны және медициналық бұйымдардың сипаттамасы бойынша нозологияларын, атауларын, дозасын және көлемін, пациенттер санын көрсете отырып қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 15 сәуірінен кешіктірмей уәкілетті органға жібереді.
3-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру әдістемесі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
19. ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті есептеу:
19-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
1) дәрілік заттар үшін белгіленген тәуліктік доза ескеріле отырып;
2) өткен қаржы жылындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нақты тұтыну туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.
20. Амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін дәрілік заттарға болжамды қажеттілікті есептеу үшін мынадай формулалар қолданылады:
20-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
АДЗБҚ = БТД х ҚОҰ х БКС х БПС/ ӨБД (1), мұндағы
АДЗСҚ – амбулаториялық жағдайда жылына дәрілік заттың болжамды қажеттілігі (сатып алу бірлігінде);
БТД – белгіленген тәуліктік доза;
ҚОҰ – қолданудың орташа курстық ұзақтығы (күндер);
БКС – жылына болжамды курстардың саны;
БПС – жылына болжамды пациенттердің саны.
Амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсету үшін медициналық бұйымдарға болжамды қажеттілікті есептеу үшін мынадай формула қолданылады:
АМББҚ = МБІЖТ х ҚОҰ х БКС х БПС (3), мұндағы
АМББҚ – амбулаториялық жағдайда жылына медициналық бұйымдарға (сатып алу бірлігі) болжамды қажеттілік;
МБІЖТ – алдыңғы қаржы жылында бір пациентке медициналық бұйымдарды орташа іс жүзінде тұтынылуы;
ҚОҰ – қолданудың орташа курстық ұзақтығы (күндер);
БКС – жылына болжамды курстардың саны;
БПС – жылына болжамды пациенттердің саны;
ШБ – неғұрлым шығыны аз дәрілік нысан және дозасы бойынша бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес БТД қайта есептеуде шекті баға.
Амбулаториялық жағдайда қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға арналған қажеттілікті есептеу үшін мынадай формула қолданылады:
АДЗСҚ = АДЗБҚ (МБ) – БҚ (3), мұндағы
АДЗСҚ – амбулаториялық жағдайда жылына дәрілік затты сатып алу қажеттілігі (сатып алу бірлігінде);
АДЗБҚ – амбулаториялық жағдайда жылына дәрілік затқа болжамды қажеттілік;
БҚ – келесі жылдың 1 қаңтарына (келесі жылдың 1 сәуіріне антиретровирустық препараттар үшін) дәрілік заттардың болжамды қалдығы.
Осы Қағидалардың (1-3) формулаларына сәйкес айқындалған қажеттілікті жабуға қажетті қаржылық қамтамасыз етуді есептеу үшін бекітілген нормативтік құқықтық актіге сәйкес сатып алу бірліктеріндегі қажеттіліктің мәнін шекті бағаға көбейту арқылы жүзеге асырылады.
21. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін дәрілік заттарға болжамды қажеттілікті есептеу үшін мынадай формулалар қолданылады:
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-75 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда)
СДЗБҚ = БТД х ҚОҰ х БКС х БКС / ӨБД (4), мұндағы
СДЗБҚ – стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда жылына дәрілік затқа (сатып алу бірлігінде) болжамды қажеттілік;
БТД– белгіленген тәуліктік доза;
ҚОҰ – стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда қолданудың (күндердің) орташа курстық ұзақтығы;
БКС – жылына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда болжамды пациенттердің саны;
ӨБД – өлшем бірлігінің дозасы.
Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсетуге медициналық бұйымдарға болжамды қажеттілікті есептеу үшін мынадай формула қолданылады:
СМББҚ = МБІЖТ х ҚОҰ х БКС х БКС (5), мұндағы
СМББҚ – стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда жылына медициналық бұйымдарға (сатып алу бірлігінде) болжамды қажеттілік;
МБІЖТ – алдыңғы қаржы жылында бір пациентке медициналық бұйымдарды орташа іс жүзінде тұтынылуы;
ҚОҰ – стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда қолданудың (күндердің) орташа курстық ұзақтығы;
БКС – жылына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда болжанатын пациенттердің саны.
Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға арналған қажеттілікті есептеу үшін мынадай формула қолданылады:
СДЗСҚ = ДЗБҚ – БҚ (6), мұндағы
СДЗСҚ – стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда дәрілік затты жылына сатып алу қажеттілігі;
ДЗБҚ – стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда жылына дәрілік затқа болжамды қажеттілік;
БҚ – келесі жылдың 1 қаңтарына дәрілік заттардың болжамды қалдығы.
Осы Қағидалардың (4-6) формулаларына сәйкес айқындалған қажеттілікті жабу үшін қажетті қаржылық қамтамасыз етуді есептеу үшін бекітілген нормативтік құқықтық актіге сәйкес сатып алу бірліктеріндегі қажеттіліктің мәнін шекті бағаға көбейту арқылы жүзеге асырылады. 
  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 20 тамыздағы
№ ҚР ДСМ-89
Бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 766 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12199 болып тіркелген).
2. «Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 766 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18677 болып тіркелген).
3. «Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 766 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 ылғы 19 мамырдағы № ҚР ДСМ-51/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20672 болып тіркелген).