«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 421 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 тамызда № 24180 болып тіркелді
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Тылдық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильин
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 421 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 259 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11539 болып тіркелген);
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің әскери қызметшілерін заттай мүлікпен жабдықтаудың бейбіт уақытқа арналған нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 983 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12868 болып тіркелген);
3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің әскери қызметшілерін заттай мүлікпен жабдықтаудың бейбіт уақытқа арналған нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 983 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 476 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17181 болып тіркелген);
4. «Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 259 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 478 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20886 болып тіркелген).
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |