• Мое избранное
Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 25

Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысы

Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Үкіметінің 06.04.2026 жылғы № 225 Қаулысына сәйкес (өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 06.04.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 40-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулық;
  • 2
2) Мемлекеттік орган туралы үлгілік ереже;
3) Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
  • 1
Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 40-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту кезінде мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін жүзеге асыру саласындағы заңнаманың қолданылуын нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулық барлық мемлекеттік органдарға қолданылады.
3. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) мемлекеттік орган туралы ереже (бұдан әрі – ереже) – қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;
2) мемлекеттік органның өкілеттіктері – мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері.
2-тарау. Ережені әзірлеу және бекіту
4. Ережені әзірлеу, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін:
1) мемлекеттік органның құрылуы;
2) мемлекеттік органның қайта ұйымдастырылуы, атауының өзгеруі;
3) мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктер мен құзыреттердің қайта бөлінуі;
4) мемлекеттік органға жаңа өкілеттіктердің берілуі, мемлекеттік орган өкілеттіктерінің кеңеюі (азаюы) және (немесе) алып тасталуы;
5) мемлекеттік органның және (немесе) оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдар тізбесінің өзгеруі және (немесе) толықтырылуы негіз болып табылады.
5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көзделген негіздер болған кезде, егер нормативтік құқықтық актілер мен тапсырмаларда өзге мерзімдер белгіленбесе, мемлекеттік орган бір ай ішінде тиісті ереже не ережеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобасын әзірлейді.
  • 1
6. Ереже Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес әзірленеді.
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 06.04.2026 жылғы № 225 Қаулысына сәйкес (01.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
8. Ережені әзірлеу немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көзделген негіздер болған кезде ереженің жобасы мемлекеттік органның регламентінде немесе нормативтік құқықтық актілерде белгіленген оның ішкі әкімшілік рәсімдеріне сәйкес әзірленеді және мемлекеттік органның бірінші басшысына немесе оның алқалы органына (бар болса) келісуге немесе қабылдауға енгізіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.04.2026 жылғы № 225 Қаулысына сәйкес (01.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
8-тармақтың екінші абзацы 2026 жылдың 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі ҚР Үкіметінің 06.04.2026 жылғы № 225 Қаулысының 2-тармағына сәйкес
Ереженің немесе ережеге енгізілетін өзгерістердің (немесе) толықтырулардың жобасы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Кодекстің 45-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік құпиялар туралы ақпаратты қамтитын және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызылған ережелерді қоспағанда, «Мемлекеттік жоспарлау (бюджеттік жоспарлау)» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік органдар функцияларының тізілімін қолдана отырып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 111 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес талдау жүргізілгеннен кейін әзірленеді.
Мемлекеттік орган туралы ережеде мемлекеттік органның құзыреттері, өкілеттіктері, функциялары мен міндеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, өзіне қатысты жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік органның басқа да құзыреттері, өкілеттіктері, функциялары мен міндеттері қамтылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
  • 1
Мемлекеттік орган туралы үлгілік ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
 1. _________________________________________________________ (мемлекеттік органның толық атауы (бұдан әрі – мемлекеттік органның қысқаша атауы)
 ___________________________________________________________________ саласындағы (салаларындағы) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
 2. _________________________________________________________ (мемлекеттік органның қысқаша атауы)
мынадай ведомстволары бар (бар болса):
  1) ______________________________;
  2) ______________________________;
  3) ______________________________.
 3.__________________________________________________________ (мемлекеттік органның қысқаша атауы)
өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
 4. ________________________________________________________ (мемлекеттік органның қысқаша атауы)
мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
 5.______________________________ азаматтық-құқықтық қатынастарды (мемлекеттік органның қысқаша атауы) өз атынан жасайды.
 6. ______________________________ Қазақстан Республикасының (мемлекеттік органның қысқаша атауы)
заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
 7. _____________________________________________________________ (мемлекеттік органның қысқаша атауы) өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен