• Мое избранное
«Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 757 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 қыркүйекте № 24192 болып тіркелді

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 43, 44, 45-тармақтарын қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Бекетаев
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2021 жылғы 31 тамыздағы
 № 757 Бұйрыққа
 қосымша
Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже (бұдан әрі – Ереже) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабына сәйкес әзірленді.
Ереже:
жеке практикамен айналысатын нотариустың (бұдан әрі – жекеше нотариус);
мемлекеттік нотариаттық кеңсенің мемлекеттік нотариустарының (бұдан әрі – мемлекеттік нотариус) нотариаттық іс жүргізуінің бірыңғай тәртібін белгілейді.
2. Нотариаттық іс жүргізу «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Заңның 5-бабына сәйкес жүргізіледі.
3. Ереже:
1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және жіберу;
2) істер номенклатурасын жасау;
3) істерді қалыптастыру;
4) істерді ресімдеу, істер тізімдемесін жасау;
5) құжаттарды сақтау;
6) істерді жекеше нотариаттық немесе мемлекеттік мұрағатқа беру, мұрағаттық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
7) істерді жою;
8) консультация беруді тіркеу;
9) шетелде іс-әрекеттер жасауға арналған құжаттарды ресімдеу;
10) мөрді, мөртабандарды және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану;
11) мұрагерлік істерді қалыптастыру және ресімдеу тәртібін анықтайды.
4. Іс жүргізуді ұйымдастыру және дұрыс жүргізу, мұрағаттық құжаттарды сақтау және есебін жүргізу, пайдалану, сондай-ақ нотариаттық құжаттарды тиісті мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсыруды:
жекеше нотариус;
мемлекеттік нотариус қамтамасыз етеді.
5. Мемлекеттік нотариус жұмыстан босатылған немесе ауысқан кезде іс жүргізуді ұйымдастыру және дұрыс жүргізу, нотариаттық мұрағаттық құжаттарды сақтау, есебін жүргізу және пайдалану аумақтық әділет органының бұйрығымен басқа мемлекеттік нотариусқа жүктеледі.
Жекеше нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда аумақтық әділет органы мен аумақтық нотариаттық палата осы Ережеде көзделген тәртіппен нотариустың іс жүргізуіндегі құжаттарды басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолданады.
Жеке практикамен айналысатын нотариустың лицензиясының күші тоқтатылған кезде нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап отыз күн ішінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата құжаттарды басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беру бойынша шаралар қолданады.
Аумақтық нотариаттық палата мүшелігінен шыққанда нотариустың нотариаттық палата мүшелігінен шығу туралы өтініші келіп түскен күннен бастап отыз күн ішінде аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесе отырып, аяқталған және ресімделген істерді жекеше нотариаттық мұрағатқа қабылдау-тапсыруды жүзеге асырады.
Аумақтық нотариаттық палата мүшелігінен шығарылған кезде аумақтық нотариаттық палата нотариаттық палатадан шығару туралы тәртіптік комиссияның шешімі күшіне енген күннен бастап отыз күн ішінде аяқталған және ресімделген істерді жекеше нотариаттық архивке қабылдау-тапсыруды жүзеге асырады.
Нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған, нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатылған, нотариус нотариаттық палата мүшелігінен шыққан немесе шығарылған жағдайда нотариустың Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйедегі (бұдан әрі – БНАЖ) кабинеті аумақтық нотариаттық палатаның шешімі бойынша басқа жекеше нотариусқа, сондай-ақ жекеше нотариаттық мұрағатқа беріледі.
6. Жекеше және мемлекеттік нотариустар жасайтын және алатын құжаттарды есепке алу, істердегі құжаттарды топтастыру, оларды сақтау мерзімдерін айқындау істер номенклатурасымен реттеледі.
Істер номенклатурасы – оларды сақтау мерзімі көрсетілген істер атауларының (тақырыптарының) жүйеге келтірілген тізбесі.
7. Құжаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес ресімделеді.
2-тарау. Құжаттарды қабылдау, тіркеу және жіберу
8. Келіп түскен барлық құжаттар тіркеуден өтуі тиіс.
9. Құжаттарды есепке алу және олардың орындалуын бақылау үшін:
осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша БНАЖ-да кіріс құжаттарын тіркеу журналы;
осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша БНАЖ-да шығыс құжаттарды тіркеу журналы жүргізіледі.
10. Кіріс құжаттарының бірінші бетінің төмен оң жақ шетінде кіріс құжаттарын тіркеу журналы бойынша тіркеу нөмірі және оларды тіркеген күні қойылады.
11. Шығыс құжаттарында осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша тіркеу мөртабаны қойылады.
12. Құжаттар адресаттарға пошта арқылы (белгілі электрондық адреске көшірмесін жолдай отырып) жіберіледі немесе қолма-қол беріледі.
3-тарау. Істер номенклатурасын жасау