Toggle Dropdown
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 тамызда № 24082 болып тіркелді
Редакция 09.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7 бабының 31 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бактериологиялық тесттерді іріктеу актісінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес био тестілерді іріктеу актісінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес шайындыларды іріктеу актісінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес су үлгілерін іріктеу актісінің нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес сынамаларды (ауаны (ауа ортасын бактериологиялық зерттеу), дәрілік нысандарды, зарарсыздыққа, полимер және басқа да материалдар үлгілерін, олардан жасалған бұйымдарды, химиялық заттар мен композицияларды, балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерді) іріктеу актісінің нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес топырақ үлгілерін іріктеу актісінің нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес зерттеу жүргізуге тамақ өнімдерін іріктеу актісінің нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес радиобелсендiлiкті зерттеуге үлгілер алу актісінің нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес дезинфекциялайтын заттардың сынамаларын алуактісінің нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес зоонозды және аса қауіпті инфекцияларға микробиологиялық зерттеуге үлгі алу нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес кенелерді (буынаяқтыларды) жинау актісінің нысаны;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес иммундаудан кейінгі қолайсыз көрініс жағдайын тергеп-тексеру нәтижелері туралы актісінің нысаны;
12-1) осы бұйрыққа 12-1-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеру тағайындау туралы актісінің нысаны;
12-2) осы бұйрыққа 12-2-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеру мерзімін ұзарту туралы актісінің нысаны;
12-3) осы бұйрыққа 12-3-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актісінің нысаны;
12-4) осы бұйрыққа 12-4-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алуды тағайындау туралы актісінің нысаны;
12-5) осы бұйрыққа 12-5-қосымшаға сәйкес өнімді (тауарды) сатып алу актісінің нысаны;
12-6) осы бұйрыққа 12-6-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы актісінің нысаны;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес вирусологиялық зерттеуге жіберу жолдамасының нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес дезинфекциялау камерасына жолдамасының нысаны;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес қанды вирусты гепатиттердің маркерлеріне зерттеуге жолдамасының нысаны;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес сынама үлгілерін вирусологиялық зерттеулерге жолдамасының нысаны;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес Қызылша мен қызамыққа материалды (зерттелушіден, ауру адамнан) зерттеуге жолдамасының нысаны;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес санитариялық-паразитологиялық зерттеуге жолдамасының нысаны;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес адамдардан алынған сынамалардың микробиологиялық тексеруге жолдамасының нысаны;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес адамдардан алынған сынамалардың тексеруге жолдамасының нысаны;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес сынаманы тырысқақ қоздырғышына тексерудің жолдамасы және зерттеу нәтижесінің нысаны;
22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес материалдарды тырысқақ қоздырғышына зерттеу хаттамасының нысаны;
23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес тамақ өнімдерінің үлгілерін зерттеу хаттамасының нысаны;
24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес суды микробиологиялық зерттеу хаттамасының нысаны;
25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес шайындыларды микробиологиялық зерттеу хаттамасының нысаны;
26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес тамақ өнімдерін микробиологиялық зерттеу хаттамасының нысаны;
27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес микробиологиялық зерттеу хаттамасының нысаны (ауа, топырақ, дәрілік нысандар және басқалар);
28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес тасымалдаушылыққа микробиологиялық зерттеу хаттамасының нысаны;
29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес нәжісті бактериологиялық зерттеу хаттамасының нысаны;
30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерін және арнайы сұйықтықтарды қайта өңдеу үлгісін зерттеу хаттамасының нысаны;
31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес молекулярлық-генетикалық сынақтарға арналған шикізат пен тамақ өнімдерін зерттеу хаттамасының нысаны;
32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес тағам өнімдердің молекулярлы-генетикалық сынақтарға полимеразды тізбектеу реакциясы әдісімен зерттеу (ПТР) және иммуно-ферментті талдау (бұдан әрі – ИФТ) хаттамасының нысаны;
33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес зоонозды және аса қауіпті инфекцияларға микробиологиялық зерттеу хаттамасының нысаны;
34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес полимерлік және басқа да материалдардың, олардан жасалған бұйымдардың, химиялық заттар мен композициялардың үлгісін зерттеу хаттамасының нысаны;
35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес аэроиондар концентрациясын өлшеу хаттамасының нысаны;
36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес діріл деңгейлерін өлшеу хаттамасының нысаны;
37) осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес шу, дыбыс деңгейлерінің оқшаулануын өлшеу хаттамасының нысаны;
38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес электромагниттік өрісті өлшеу хаттамасының нысаны;
39) осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес өсімдік шаруашылығы өнімін нитраттардың болуына зерттеу хаттамасының нысаны;
40) осы бұйрыққа 40-қосымшаға ауылшаруашылық өнімдерін, тамақ өнімдерін, суды, топырақты, ауа ортасын пестицидтердің қалдық көлемін анықтауға зерттеу (жоғары технологиялық зерттеу зертханасы, (бұдан әрі –ЖТЗ)) хаттамасының нысаны;