Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің
2021 жылғы « » тамыздағы
№ бұйрығына
___қосымша
Toggle Dropdown
1
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 17 тамыздағы № 864-к бұйрығы
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегінде білім және ғылым саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады, сондай-ақ ведомствоның құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.
Toggle Dropdown
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Toggle Dropdown
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Toggle Dropdown
5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Toggle Dropdown
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Комитеттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Toggle Dropdown
13. Міндеттері:
Toggle Dropdown
1) ведомство өз құзыреті шегінде білім және ғылым саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу;
Toggle Dropdown
2) білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарына сырттай бағалау жүргізу арқылы білім саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру, мемлекеттік бақылауды жүргізу, сондай-ақ ғылыми кадрларды даярлау сапасын бақылау;
Toggle Dropdown
14. Функциялары:
Toggle Dropdown
1) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде:
Toggle Dropdown
кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім;
Toggle Dropdown
кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Toggle Dropdown
діни білім беру үшін бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензиялауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
2) білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультациялық-кеңесші орган құру;
Toggle Dropdown
3) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде:
Toggle Dropdown
бастауыш білім;
Toggle Dropdown
негізгі орта білім;
Toggle Dropdown
жалпы орта білім;
Toggle Dropdown
біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім;
Toggle Dropdown
біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру үшін бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензиялауды жүзеге асыру бойынша жұмысын үйлестіру;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
5) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан:
Toggle Dropdown
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
Toggle Dropdown
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын;
Toggle Dropdown
әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізу;
Toggle Dropdown
6) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
7) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, білім саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кіретін баптар бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану, оларды қозғау және сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;
Toggle Dropdown
8) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын ұйғарымда белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарымдар беру;
Toggle Dropdown
9) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
10) білім беру ұйымдарының бағалау өлшемдерін әзірлеу;
Toggle Dropdown
11) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері негізінде бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізімін әзірлеу;
Toggle Dropdown
12) аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану рәсімін жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
13) танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін қалыптастыру;
Toggle Dropdown
14) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру;
Toggle Dropdown
15) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру;
Toggle Dropdown
16) мемлекеттің атынан белгіленген мемлекеттік үлгідегі ғылым кандидаты және докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарын, доцент, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор аттестаттарын беру;
Toggle Dropdown
17) диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу;
Toggle Dropdown
18) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін және қауымдастырылған профессор, профессор ғылыми атақтарын беру тәртібін әзірлеу;