• Мое избранное
«Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

«Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-98 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 қыркүйекте № 24530 болып тіркелді

Редакция 22.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 жылғы № 60 Бұйрығына сәйкес (23.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикаcының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 23 қыркүйектегі
№ ҚР ДСМ - 98 бұйрығына
1-қосымша
«Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 жылғы № 60 Бұйрығына сәйкес (23.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) объектілерді салу үшін жер учаскесін таңдау, жобалау, жаңасын салу, реконструкциялау, қолданыстағы объектілерді қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және кеңейту, жөндеу, пайдалануға енгізу, күтіп-ұстау мен пайдалану;
2) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу кезінде көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер және анықтамалар пайдаланылды:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.07.2024 жылғы № 50 Бұйрығына сәйкес (05.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) авиациялық техникалық база (бұдан әрі – АТБ) – әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, конструкцияларын, технологиялық жабдығы мен жарағын дайындау, ұшу ақпаратын жинау және оның мағынасын ашу бойынша жұмыстар кешенін орындауға арналған құрылыстар, механикалық және басқа да құралдар кешені;
2) авиациялық-химиялық жұмыстар (бұдан әрі – АХЖ) – ауыл шаруашылығы, орман учаскелерінде және басқа да алқаптарда пестицидтер мен тыңайтқыштарды қолдана отырып азаматтық авиация атқаратын жұмыстар;
3) автокөлік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететін, автомобиль көлігімен жүктерді, жолаушыларды, багажды тасымалдау, автокөлік құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі қызметпен айналысатын заңды тұлға;
4) автомобильге жанармай құю станциясы – мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек саудада өткізуді қамтамасыз ететін жабдықпен жарақталған технологиялық құрылыстар кешені;
5) авто-газ құю станциясы – сұйытылған газды сақтауды және бөлшек саудада өткізуді қамтамасыз ететін жабдықтармен жарақталған технологиялық құрылыстар кешені;
6) автомобиль көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу (шеберханасы) станциясы – автомобиль көлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған құрылыстар кешені;
7) автовокзал – жолаушылар легі тәулігіне бес жүзден астам адамды құрайтын, автобустардың жолаушылары мен жүргізушілеріне қызмет көрсетуге арналған және: сыйымдылығы жетпіс бестен жоғары жолаушыларға арналған күту залы және билет кассалары бар күрделі ғимаратты, жүргізушілерді медициналық тексеруден өткізуге және медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге арналған медициналық пункттерді, сақтау камераларын, жолаушыларды түсіру мен отырғызуға арналған перронды, автобустардың тұрағына арналған алаңдарды, автобустарды тексеріп қарауға арналған бекеттерді, диспетчерлік пункттерді және ана мен балаға арналған бөлмені қамтитын құрылыстар кешені;
8) автостанция – жолаушылар легі тәулігіне кемінде бес жүз адамды құрайтын, автобустардың жолаушылары мен жүргізушілеріне қызмет көрсетуге арналған және кемінде екі жарым мың шаршы метр аумақта орналасқан және құрамында: сыйымдылығы жетпіс бес адамға дейінгі жолаушыларға арналған күту залы және билет кассалары бар күрделі ғимаратты, сақтау камераларын, жолаушыларды түсіру мен отырғызуға арналған перронды, автобустардың тұрағына арналған алаңдарды, диспетчерлік пункттерді қамтитын құрылыстар кешені;
9) ангар – көлік құралдарын сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған құрылыс;
10) әуежай – әуе кемелерін қабылдауға және жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осы мақсаттар үшін әуеайлық, аэровокзал, басқа да құрылыстары, сондай-ақ қажетті жабдықтары бар құрылыстар кешені;
11) ауыл шаруашылығы әуеайлағы – авиациялық-химиялық жұмыстарды орындайтын азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуеайлығы;
12) аэровокзал – әуежайларда әуе көлігі жолаушыларына қызмет көрсетуге арналған құрылыстар мен ғимараттар кешені;
13) бластчиллер – өнімді мұздатуды қамтамасыз ететін қарқынды салқындату аппараты;
14) борттық тамақ – әуе кемелерінің авиажолаушылары мен экипажына арналған, ұшу кезінде әуе кемесінің бортында берілетін тамақ;
15) борттық тамақтану объектісі – борттық тамақты өндіру, қайта өңдеу, өткізу және ұйымдастыру бойынша қоғамдық тамақтану объектісі;
16) борттық тамақ рационы – әуе көлігі бортында бір адамның тамақтануына арналған тамақ өнімдерінің жиынтығы;
17) вагон және локомотив депосы, локомотив жөндеу және вагон жөндеу зауыттары – вагондарды, локомотивтерді жоспарлы және күрделі жөндеуге, вагон, локомотив тораптары мен бөлшектерін жөндеуге және жинақтауға арналған өндірістік құрылыстар, темір жолдар кешені;
18) дастархан әзірлеу бөлімшесі – борттық тамақтану объектісіндегі борттық тамақты жинақтауға және әзірлеуге арналған учаске;
19) дегазациялық алаң – авиациялық химиялық жұмыстар орындалғаннан кейін әуе кемелерін дегезациялау және пестицидтерден тазартуға арналған алаң;
20) дефростер – өнімдерді ерітуге арналған жабдық;
21) диспетчерлік орталық (пункт) – қажетті жабдығы бар диспетчерлердің жұмыс орындарын орналастыруға арналған ғимарат (үй-жай);
22) диспетчерлер – көлік құралдарының қозғалысын жедел бақылау және басқару орталығының (пунктінің) операторлары;
23) жабық вагондарды дайындайтын кешенді пункт – азық-түліктерді, шаруашылық, қатты әсер ететін химиялық заттарды және сусымалы қауіпті жүктерді тасымалдағаннан кейін жабық вагондарды тазалауға, жууға және дезинфекциялық өңдеуге арналған объект;
24) жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету, оларды ағымдық жөндеу және жабдықтау пункті – жолаушылар вагондарының жарамдылығын, ағымдық жөндеуді, жылжымалы құрамды тексеруді, тіркемеден ажыратпай ағымдық жөндеуді және жылжымалы құрамның тасымалдауға және жарақтандыруға дайындауды қамтамасыз ететін темір жол көлігінің бөлімшесі;
25) жол машина станциясы – жолды орташа және күрделі жөндеуді жүзеге асыруға арналған теміржол көлігінің құрылымдық бөлімшесі;
26) жол дистанциясы – темір жолдарда ағымдық күтіп-ұстауды, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыратын темір жол көлігінің құрылымдық бөлімшесі;
27) жолаушылар ғимараты – теміржол көлігімен тасымалдау бойынша тұрғындарға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар, құрылыстар (жолаушылар платформалары және вокзал өтпелерін қоса алғанда) және басқа да мүлік түрлерінің кешені;