• Мое избранное
Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 06.09.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 25 желтоқсан 2020 жылғы № 67 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2021 жылғы 6 қыркүйектен бастап ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 02.09.2021 жылғы № 38 Қаулысына сәйкес 
Редакция 25.08.2021 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
№ 01-1-21/573-вн от 25.12.2020
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабының 1-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:  
1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар:  
1) денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды;
2) қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға тыйым салуды;  
3) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2021 жылғы № 17 Қаулысына сәйкес (25.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі;
4) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, бизнес-орталықтарына және басқа да кеңселерге қойылатын талаптарды сақтауды;
5) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлуді және жұмыс режимін сақтауды;
6) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмін сақтауды;
7) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату алгоритмін сақтауды;
8) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес тамақ өнімдерін көтерме және бөлшектеп сату объектілеріне (сауда базарлары) қойылатын талаптарды сақтауды;
9) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес автосалондардың, автомобильдің қосалқы бөлшектері дүкендерінің және техникалық қызмет көрсету (вулканизация, автожуу) станцияларының қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;
10) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау, кір жуу орындары, ұйымдастыру техникасын жөндеу) қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;
11) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес халық үшін фитнес, спорт кешендері қызметін көрсету бойынша объектілердің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;
12) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес мәдени объектілерге қойылатын талаптарды сақтауды;
13) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету (типографиялық қызмет көрсететін объектілер, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі) бойынша объектілердің және өзге де объектілердің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;
14) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілерге (қонақүйлер, отельдер) қойылатын талаптарды сақтауды;
15) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес әуежайлардың, теміржол және автомобиль вокзалдарының жұмыс алгоритмін сақтауды;
16) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы дала жұмыстарына, табиғат қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларына тартылған ұйымдар мен қызметкерлердің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;
17) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі балалар ұйымдарына қойылатын талаптарды сақтауды;
18) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес жолаушылар тасымалын (жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды) тұрақты жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысына қойылатын талаптарды сақтауды;
19) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес СПА және массаж салондарының, моншалардың, сауналардың, бассейндердің, жағажайлардың қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;
20) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес санаториялық-курорттық мақсаттағы объектілерге, демалыс үйлеріне қойылатын талаптарды сақтауды;
21) осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес балаларды сауықтыру лагерьлерінің (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) қызмет алгоритмін сақтауды;
22) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес білім беру, түзету орталықтарының қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;
23) осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес діни объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды;
24) осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс алгоритмін сақтауды;
25) осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарының қызмет алгоритмін сақтауды;
26) осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес профилактикалық дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу алгоритмін сақтауды;
27) осы қаулыға 24-қосымшаға сәйкес пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйесі мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды;
28) осы қаулыға 25-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік кәсіпорындарда және өндірістік объектілерде, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілерде санитариялық-дезинфекциялық іс-шаралар алгоритмін сақтауды;
29) осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес медициналық-әлеуметтік объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды;
30) осы қаулыға 27-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметі) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы арасында COVID 19-дың таралу тәуекелін азайту жөніндегі алгоритмді сақтауды;
31) осы қаулыға 28-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындардың, құрылыс компанияларының (құрылыс салушылардың) жұмыс алгоритмін сақтауды;
32) осы қаулыға 29-қосымшаға сәйкес стоматологиялық клиникалардың қызметін алгоритмін сақтауды;
33) осы қаулыға 30-қосымшаға сәйкес COVID-19 диагностикасына арналған зертханаларды ашуға арналған уақытша ұсынымдарды сақтауды;
34) осы қаулыға 31-қосымшаға сәйкес экскурсиялық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарды сақтауды;
35) осы қаулыға 32-қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирустық инфекциясынан қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуді қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізуді;
36) осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тексеруге жататын контингентті COVID-19-ға зертханалық тексеруді;
37) осы қаулыға 38-қосымшаға сәйкес мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтардың қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;
38) осы қаулыға 39-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде компьютерлік клубтарға, бильярд залдарына және боулингтерге қойылатын талаптарды сақтауды;
39) осы қаулыға 42-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде мұз қалашықтарының жұмысын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сақтауды;
40) осы қаулыға 44-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде спорттық жарыстарды өткізуге қойылатын талаптарды сақтауды;
41) осы қаулыға 45-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде ойын-сауық саябақтарының, аквапарктердің жұмысына қойылатын талаптарды сақтауды;
42) әкімдіктер жанындағы мобилді топтардың күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режимін, эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтауға мониторинг және объектілерге іріктеп тексеру жүргізуін;
43) халық арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;  
44) COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша халықты үнемі ақпараттандыруды, халық арасында үрейленудің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.