Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
«Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 386 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 қазандағы № 739 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 386 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларында:
«7) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша заң жобасын әзірлеуші орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары әрбір парағын дәйектеген және қол қойған қабылданатын заң жобасы қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспортты (қазақ және орыс тілдерінде) (бұдан әрі – паспорт).
Парламент депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларын ғылыми экономикалық сараптамаға жіберген кезде паспорттың әрбір парағын заң жобасын әзірлеуге бастама жасаған Парламент депутаты/депутаттары дәйектейді және қол қояды;»;
ғылыми экономикалық сараптамаға ұсыну үшін Қазақстан Республикасының қабылданатын заң жобалары қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспортта:
мына:
«
Әзірлеуші - орындаушының байланыс ақпараты |
Т.А.Ә.: Лауазымы: Тел.: Электрондық пошта мекенжайы: |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Әзірлеуші - орындаушының байланыс ақпараты |
Т.А.Ә. (бар болса): Лауазымы: Тел.: Электрондық пошта мекенжайы: |
»;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Т.А.Ә._____________________________________________________________
(заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасарының/заң жобасын әзірлеуге бастама жасаған Парламент депутатының/депутаттарының қолы)».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |