Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 745 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 11 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.10.2023 жылғы № 950 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы « » № қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғылым туралы» және «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы (бұдан әрі – МҒТС), ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі – ҒҒТҚН) коммерцияландыру жобаларының сараптамасын ұйымдастыруға және жүргізуге байланысты қатынастарды реттейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) баға негізділігін бағалау бойынша сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, сұралып отырған соманың негізділігін бағалау бойынша қорытынды беретін жеке тұлға (ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың сұралып отырған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін тартылатын сарапшының экономика және бизнес мамандықтарының топтары бойынша жоғары білімі, сондай-ақ мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі болуы қажет);
2) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына кешенді сараптама –экономиканың 3 немесе одан да көп салалары бойынша өтінім ұсынылған жағдайда, ұйымдастырушының әртүрлі экономика салаларындағы мамандар болып табылатын сарапшылар тобын тартуы жолымен жүргізетін сараптама;
3) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша өтінім беруші – грант алу үшін қарауға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;
4) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасы – зияткерлік қызмет нәтижелерін қоса алғанда, табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатындағы ҒҒТҚН практикалық қолдану бағытында жоспарланатын жұмыстың мазмұнын қамтитын құжат;
5) ҒҒТҚН коммерцияландыруға арналған грант – экономиканың басым секторлары шеңберінде ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін бюджет қаражаты және (немесе) бюджеттен тыс қаражат;
6) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізу үшін тартылатын шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі, сарапшы ретінде қатысу көзделетін қызмет саласында шетелдік ғылыми ұйымдарда мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар жеке тұлға;
7) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізу үшін тартылатын қазақстандық сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі және сарапшы ретінде қатысуы көзделетін қызмет саласында мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға;
8) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін тартылатын шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар, шетелдік ғылыми ұйымдарда мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі, Web of Science халықаралық деректер базасының алғашқы екі квартиліне кіретін журналдарда соңғы 5 (бес) жылда кемінде төрт ғылыми мақала және (немесе) шолу жариялаған, Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық деректер базаларына сәйкес соңғы 5 (бес) жылда кемінде 5 (бес) Хирш индексі бар жеке тұлға.
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдарда соңғы 5 (бес) жылда Web of Science деректер базасының Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index, Russian Science Citation Index және (немесе) Emerging Sources Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасында СiteScore бойынша тағайындалу сәтінде кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар журналдарда кемінде екі мақаласы және (немесе) шолуы болуға тиіс. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдарда соңғы 5 (бес) жылда кемінде бес Хирш индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды;
9) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін тартылатын қазақстандық сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі және мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар және соңғы 5 (бес) жылда Web of Science халықаралық деректер базасының алғашқы үш квартиліне кіретін журналдарда кемінде 2 (екі) ғылыми мақаласы және (немесе) шолуы және Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық деректер базаларына сәйкес соңғы 5 (бес) жылда кемінде 3 (үш) Хирш индексі бар жеке тұлға.
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдарда соңғы 5 (бес) жылда Web of Science деректер базасының Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index, Russian Science Citation Index және (немесе) Emerging Sources Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus деректер базасында СiteScore бойынша тағайындалу сәтінде кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар журналда кемінде 1 (бір) мақаласы немесе шолуы не білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 10 (он) мақаласы және (немесе) шолуы болуға тиіс. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдарда соңғы 5 (бес) жылда кемінде 3 (үш) Хирш индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласында маманданған, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын жобалармен жұмыс істеу үшін тиісті рұқсаты бар адамдарға жарияланымдардың және Хирш индексінің болуы жөніндегі талаптар қолданылмайды.
Гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептерге МҒТС жүргізуге тартылатын қазақстандық сарапшылар соңғы 5 (бес) жылда Web of Science деректер базасының Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index, Russian Science Citation Index және (немесе) Emerging Sources Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus деректер базасында СiteScore бойынша тағайындалу сәтінде кемінде 25 (жиырма бес) процентилі бар журналда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу жариялауға тиіс. Бұл сарапшыларға Хирш индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды;
10) ғылыми этиканы бұзу фактілері – плагиат, деректерді бұрмалау, ойдан шығару, жалған тең авторлық, өтінімдерде өзгелердің нәтижелерін иемдену, өтінім берушінің ғылыми жобаны және (немесе) бағдарламаны қаржыландырудың бір ғана көзінің шеңберінде түрлі бағыттарға жолдауы, өтінім берушінің МҒТС объектісін немесе ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын қайталауы, сондай-ақ зерттеу объектілері (жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері) мен зерттеушілердің құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғауды қоса алғанда, ғылыми-зерттеу нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесіндегі өзге де бұзушылықтар;
11) ғылым саласындағы уәкілетті орган – ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
12) жеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі – ЖТН) – бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінім берушіге ұйымдастырушы беретін МҒТС объектісінің немесе ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының жеке тіркеу нөмірі;
13) МҒТС объектілеріне кешенді сараптама – білімнің әртүрлі салаларындағы немесе білімнің бір саласының әртүрлі ғылыми бағыттарындағы мамандар болып табылатын қазақстандық сарапшылар тобының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолымен жүргізілетін сараптама, оның нәтижесі бағалау өлшемшарттары бойынша түсініктемелер мен келісілген балдарды қамтитын сарапшылардың қорытындысы болып табылады;
14) МҒТС объектілеріне жүргізілетін комиссиялық сараптама – бір ғылыми бағыт шегіндегі мамандар болып табылатын қазақстандық сарапшылар тобының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолымен жүргізілетін сараптама, оның нәтижесі мен бағалау өлшемшарттары бойынша түсініктемелер мен келісілген балдарды қамтитын сарапшылардың қорытындысы болып табылады;
15) МҒТС қорытындысы – МҒТС объектісі бойынша бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша балдарды жинақтау негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда ұйымдастырушының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған қорытынды;
16) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілері (МҒТС объектілері) бойынша өтінім беруші – уәкілетті органда аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі немесе ғылыми зерттеулерді іске асыратын дербес білім беру ұйымы және оның тең шарттардағы ұйымдары;
17) сарапшының қорытындысы – сарапшы жасайтын және ол МҒТС объектілеріне немесе ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына жүргізген сараптаманың нәтижелері, сондай-ақ оның алдына қойылған мәселелер бойынша объективті және тапсырыс беруші мен ұйымдастырушының мүдделерінен тәуелсіз тұжырымдары туралы мәліметтерді, МҒТС объектісіне немесе ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасын талдамалық бағалауды қамтитын құжат;
18) тапсырыс беруші – Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру туралы гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына берілген МҒТС жүргізуді және ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін ұйымдастырушымен өтеулі шарт жасасқан ғылым саласындағы уәкілетті орган;
19) технологиялық сараптама (бұдан әрі – ТС) – жобаның өзектілігін, ғылыми-техникалық әлеуетін, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін ендіруді (пайдалануды), коммерцияландыруға әзірлігін, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасының техникалық және өндірістік тәуекелдерін бағалаумен байланысты қызмет;
20) ұйымдастырушы – Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы;
21) шекті балл – ғылыми зерттеулерді гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі өтінімдер үшін кемінде 25 балды және ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ғылымның басым бағыты бойынша өтінімдер үшін кемінде 21 балды құрайтын МҒТС балы;
22) экономикалық (маркетингтік) сараптама (бұдан әрі – ЭМС) – жобаның коммерциялық тартымдылығын және ұсынылған қаржы-экономикалық көрсеткіштерінің негізділігін бағалаумен байланысты қызмет.
3. МҒТС ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын талдамалық бағалауды дайындау мақсатында сараптама қорытындыларының тәуелсіздігі, объективтілігі, құзыреттілігі, кешенділігі, дәйектілігі, толықтығы және негізділігі қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.
4. Мыналар:
1) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар;
2) Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстары;
3) гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептер;
4) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары МҒТС объектілері болып табылады.
5. Ұйымдастырушы тапсырыс берушінің өтініші бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, МҒТС-ның өзге де объектілеріне және ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына МҒТС жүргізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға жататын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының МҒТС-ны негізгі міндеттері:
1) ғылыми жаңашылдықты, ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейді, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың өзектілігін, перспективалылығын, әзірлену дәрежесін ескере отырып, объектілерді сараптамалық бағалау;
2) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми, техникалық және технологиялық білімнің әлемдік деңгейіне, ғылыми-техникалық прогрестің үрдістері мен басымдықтарына сәйкестігін бағалау;
3) жоспарланатын операциялар арқылы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндіктерін, еңбек, материалдық ресурстардың болжамды шығындарының қажеттілігі мен жеткіліктілігін бағалау;
4) ғылыми зерттеулерді жүргізуді мазмұндық, ұйымдастырушылық, материалдық, ақпараттық қамтамасыз ету бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды (есептерді) іске асыру нәтижелерін объективті және кешенді қарау, алынған нәтижелерді мәлімделген мақсаттармен салыстыру;
5) МҒТС объектілерінің маңыздылығын бағалау;
6) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін өтінім беруші сұрау салған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау;
7) зияткерлік қызмет нәтижелерін, табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен қызметтерді нарыққа шығару перспективаларын, сұратылатын қаржыландыру көлемінің экономикалық негізділігін қоса алғанда, ҒҒТҚН-ны іс жүзінде қолдануға бағытталған болжамды жұмысты бағалау болып табылатын құзыретті қазақстандық және шетелдік сарапшылар жүргізеді.
7. Ұйымдастырушы МҒТС объектілері мен ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын сараптау нәтижелерін әкімшілендірудің біртұтастығын, олардың тәуелсіздігін, ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
2-тарау. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
8. Тапсырыс беруші ұйымдастырушыға заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілеріне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МҒТС жүргізуге арналған өтінімдерді конкурсқа өтінімдер қабылдау мерзімі өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдайды. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ұсынылған МҒТС объектілері үшін тапсырыс беруші жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін мониторингтеу сұрақтары мен индикаторларын көрсете отырып, қосымша бағалау өлшемшарттарының тізбесін де ұсынады.
9. Ұйымдастырушы тапсырыс берушіден өтінімдер келіп түскен күннен бастап осы Қағидалардың мынадай талаптарының сақталуын тексереді:
1) өтінімді ресімдеудің және талап етілетін құжаттарды ұсынудың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі;
2) плагиат фактілерінің болмауы;
3) МҒТС объектісі тақырыбының немесе мазмұнының МҒТС-ға бұрын берілген, бірақ қаржыландыру мақұлданбаған не бір уақытта ұсынылған МҒТС объектілерімен қайталану фактілерінің болмауы;
4) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысушыда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы куәліктің болуы;
5) ғылыми жетекшінің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі;
6) күтілетін нәтижелердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі.
10. Ұйымдастырушы ақпараттық жүйе арқылы барлық ескертулерді көрсете отырып, осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдерді өтінім берушіге пысықтауға жібереді.
Осы Қағидалардың 9-тармағының 5) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда, өтінім беруші конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес ғылыми жетекшіні ауыстыруға құқылы.
11. Ұйымдастырушы өтінімді пысықтауға жіберген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім беруші пысықталған өтінімді ұйымдастырушының ақпараттық жүйесі арқылы жібереді.
Пысықталған өтінімдерді алған кезде ұйымдастырушы бұрын көрсетілген ескертулердің жойылуына тексеру жүргізеді, ескертулер жойылмаған жағдайда, өтінімді өтінім берушіге пысықталған өтінімдерді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады.
Осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес келмейтін өтінімдерді ұйымдастырушы олар тапсырыс берушіден келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге қайтарады.
Тапсырыс беруші олар ұйымдастырушыдан қайтарылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында ұйымдастырушыдан қайтарылған өтінімдер тізбесін жариялайды.
12. Ұйымдастырушы:
1) МҒТС жүргізу бойынша жұмысты МҒТС-ның әрбір объектісін сарапшыға не сарапшыларға МҒТС жүргізу үшін жолдау арқылы МҒТС объектісіне байланысты комиссиялық (кешенді) сараптама жүргізу арқылы ұйымдастырады;
2) МҒТС жүргізу үшін қазақстандық және (немесе) шетелдік сарапшылардың құрамын олардың мамандануы мен МҒТС объектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес сапалы және объективті іріктеуді қамтамасыз етеді;
3) мыналарды:
конкурс шеңберінде және конкурстық рәсімдерден тыс ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін шетелдік екі сарапшыны және қазақстандық бір сарапшыны (МҒТС объектісін зерттеу саласында осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін қазақстандық сарапшылар дәлелді себеппен болмаған жағдайда, үшінші шетелдік сарапшы тартылады);
ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша жобалардың және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша бағдарламалардың қорытынды (аралық) есептеріне МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны не комиссиялық (кешенді) сараптама арқылы (есептерді зерттеу саласы бойынша осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір, не екі, не үш қазақстандық сарапшы дәлелді себеппен болмаған жағдайда, тиісінше бір, не екі, не үш шетелдік сарапшы тартылады);
Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған жұмыстарға МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны (Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған жұмыстарды зерттеу саласында осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір, не екі не үш қазақстандық сарапшы дәлелді себеппен болмаған жағдайда, тиісінше бір, не екі, не үш шетелдік сарапшы тартылады);
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны не комиссиялық және (немесе) кешенді сараптама арқылы;
ғылымның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы басым бағыты бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны не комиссиялық және (немесе) кешенді сараптама арқылы;
жобалар мен бағдарламаларды қаржыландырудың сұрау салынған көлемінің негізділігін бағалау үшін бір сарапшыны;
іске асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларға МҒТС жүргізу үшін шетелдік бір сарапшыны;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, іске асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын, ғылымның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы басым бағыты бойынша және (немесе) мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларға МҒТС жүргізу үшін қазақстандық бір сарапшыны іріктейді;
4) МҒТС объектілерінің электрондық нұсқаларының деректер банкін және мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыруға ұсынылған, МҒТС жүргізу үшін тапсырыс берушіден келіп түскен МҒТС объектілері бойынша деректер базасын қалыптастырады;
5) МҒТС-ны әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде қазақстандық және шетелдік сарапшылардың автоматтандырылған деректер базаларын қалыптастыру және сарапшылармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
6) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың (есептердің), сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының МҒТС нәтижелерінің қорытындыларын және сараланған тізімін ұлттық ғылыми кеңестерге жібереді;
7) орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың (есептердің), сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының нәтижелерін бағалауды жүргізеді.
13. Сарапшылар ұйымдастырушының қазақстандық және шетелдік сарапшыларының деректер базасына шарт жасалғаннан кейін енгізіледі.
Сарапшылар олардың осы Қағидалардың 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеріледі.
Қазақстандық және шетелдік сарапшылардың деректер базасын қалыптастыру үшін іріктеу Web of Science (Clarivate Analytics) және Scopus (Elsevier) халықаралық деректер базасын, сондай-ақ Incites (Clarivate Analytics), SciVal (Elsevier) және Publons (Clarivate Analytics) талдамалық құралдарын пайдалана отырып, олардың мамандануы мен ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының ерекшеліктеріне сәйкес ғылыми метрикалық көрсеткіштер негізінде жүргізіледі, олардың кандидатураларын шет елдердің жетекші университеттері, ғылыми-зерттеу мекемелері, ұлттық ғылым академиялары мен ғылыми қоғамдастықтар ұсынады.
Сарапшылар МҒТС және ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына сараптаманы МҒТС объектілерін зерттеудің тәуелсіздігі, анонимдігі, құзыреттілігі, ғылыми тәсілі, жан-жақтылығы, объективтілігі және сараптамалық қорытындылардың негізділігі қағидаттарында жүргізеді.
Сарапшымен жасалған шарт сараптаманы жүргізу мерзімі, сараптамаға ұсынылған материалдардың коммерциялық құпиясын сақтауды қамтамасыз ететін МҒТС объектілері туралы мәліметтердің құпиялылығы, сарапшының ғылыми этика қағидаттары мен нормаларын сақтауы жөніндегі шарттарды қамтуға және сарапшы туралы мәліметтердің құпиялылығына кепілдік беруге тиіс.
Шарттардың сарапшының бастамасы бойынша дәлелді себептерсіз бұзылғаны туралы мәліметтер қазақстандық және шетелдік сарапшылардың автоматтандырылған деректер базасына енгізіледі.
Сарапшы шарт талаптарын және (немесе) осы Қағидаларда белгіленген МҒТС жүргізу қағидаттарын бұзған жағдайда ұйымдастырушы оны автоматтандырылған дерекқордан шығарады.
14. Жобалар мен бағдарламалардың МҒТС-ын ұйымдастыру және жүргізу мерзімдері мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу – ұйымдастырушы өтінімдерге осы Қағидалардың 9-тармағы талаптарының сақталуы тұрғысынан тексеру жүргізгеннен кейін жеті жұмыс күнінен аспайды;
2) МҒТС жүргізу – сарапшымен шарт жасасқан күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайды;
3) сұрау салынған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау – МҒТС аяқталғаннан кейін жеті жұмыс күнінен аспайды.
Ұйымдастырушы әрбір кезеңнің аяқталғаны туралы ақпаратты ол аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өз интернет-ресурсында жариялайды.
Мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады. Сарапшылар құрамын іріктеу Хирш индексі ескерілмей, мемлекеттік құпияларды құрайтын жобалармен және бағдарламалармен жұмыс істеуге тиісті рұқсаты бар қазақстандық сарапшылар қатарынан жүзеге асырылады.
15. Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының МҒТС-ын ұйымдастыру және жүргізу мерзімдері мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу – тапсырыс берушіден жұмыстарды алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайды;
2) МҒТС жүргізу – сарапшымен шарт жасасқан күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайды.
Ұйымдастырушы әрбір кезеңнің аяқталғаны туралы ақпаратты ол аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өз интернет-ресурсында жариялайды.
16. Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептер бойынша МҒТС-ын ұйымдастыру және жүргізу мерзімдері мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу – тапсырыс берушіден есеп алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайды;
2) МҒТС жүргізу – сарапшымен шарт жасасқан күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды.
Ұйымдастырушы әрбір кезеңнің аяқталғаны туралы ақпаратты ол аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өз интернет-ресурсында жариялайды.
Мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептерге сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады. Сарапшылар құрамын іріктеу Хирш индексі ескерілмей, мемлекеттік құпияларды құрайтын жобалармен және бағдарламалармен жұмыс істеуге тиісті рұқсаты бар қазақстандық сарапшылар қатарынан жүзеге асырылады.
17. Өтінімдер бойынша сұралып отырған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша балл қойылмай жасалады.
МҒТС объектісі бойынша сарапшының қорытындысы МҒТС объектісіне қарай осы Қағидаларға 3, 4, 5, 6, 7 немесе 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасалады.
Сарапшының қорытындысында сарапшының әрбір бағалау өлшемшарты бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшада көрсетілген МҒТС объектілері үшін сараптамалық бағалау жүйесіне сәйкес балл алынады. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша қосымша бағалау өлшемшарттарын тапсырыс берушінің ұсынысы бойынша ұйымдастырушы белгілейді.
МҒТС объектісіне кешенді (комиссиялық) сараптама жүргізілген кезде сараптамалық топ құрылады. Сараптамалық топ мүшелерінің қатарынан төраға сайланады және сараптамалық топ отырысының хатшысы айқындалады. Сараптамалық топтың отырысы бетпе-бет нысанда және (немесе) онлайн- конференциялар арқылы жүргізіледі. Сараптама үшін ұсынылған материалдардың көлеміне қарай кешенді (комиссиялық) сараптама кемінде үш және он бестен аспайтын сарапшылардың қатысуымен жүргізіледі. МҒТС объектісінің кешенді (комиссиялық) сараптамасының нәтижелері бойынша МҒТС объектісіне байланысты осы Қағидаларға 6 немесе 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша сарапшының қорытындысы жасалады.
18. МҒТС қорытындысы тапсырыс берушінің өтініші бойынша мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілерінің МҒТС нәтижелері болып табылады.
Ұйымдастырушы мәлімделген қаржыландыру сомаларын көрсете отырып, МҒТС нәтижелерінің негізінде гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына ұсынылған ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру туралы өтінімдердің сараланған тізімін ерікті нысанда жасайды.
Ұйымдастырушы МҒТС шекті балынан төмен балл жинаған өтінімдер бойынша өтінім берушілерге (ғылыми жетекшіге) МҒТС аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ұйымдастырушының интернет-ресурсы арқылы МҒТС нәтижелерін (МҒТС балын көрсете отырып) қайтарады.
МҒТС шекті балын және одан жоғары балл алған өтінімдер сұралып отырған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін МҒТС нәтижелерімен (МҒТС балын көрсетпей) бірге сарапшыға МҒТС аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
19. Сұралып отырған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау нәтижелері МҒТС нәтижелерімен бірге (МҒТС балын көрсетпей) тиісті ұлттық ғылыми кеңестерге (бұдан әрі – ҰҒК) екі жұмыс күні ішінде жолданады.
ҰҒК өтінімдерді қарауды аяқтағаннан кейін ұйымдастырушы әрбір өтінім үшін МҒТС қорытындысына сәйкес балл мен ҰҒК айқындаған бағалау парағының балын қосу арқылы жиынтық балды айқындайды.
Ұйымдастырушы әрбір басым бағыт бойынша ең жоғары балдан бастап «жоғарыдан төмен қарай» өтінімдердің сараланған тізімін жасайды және оны екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдау үшін тиісті ҰҒК-ге жолдайды.
20. Ұйымдастырушы Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша МҒТС нәтижелерін тапсырыс берушіге жолдайды.
21. Ұйымдастырушы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептер бойынша МҒТС нәтижелерін тиісті ҰҒК-ге жолдайды.
Ұйымдастырушы гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептер бойынша МҒТС нәтижелерін тиісті ҰҒК-ге жолдайды.
Гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есепті ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың іске асырылуы мен нәтижелілігін мониторингтеу түрінде ұйымдастырушы жүргізеді, оның нәтижелері тиісті ҰҒК жіберіледі.
22. Ұйымдастырушы өзінің интернет-ресурсында:
1) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс шеңберінде МҒТС өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген конкурс шеңберінде МҒТС шекті балынан төмен балл алған МҒТС объектілері бойынша ЖТН, МҒТС қорытындысы негізіндегі қорытынды балдарды;
2) мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын объектілерге МҒТС жүргізу үшін тартылған қазақстандық сарапшыларға қатысты ақпаратты қоспағанда, жыл сайын жылдың соңында ұйымдар мен елдер бойынша Хирш орташа индексін көрсете отырып, қазақстандық және шетелдік сарапшыларды тарту туралы жалпы талдаманы;
3) МҒТС аяқталғаннан кейін ұйымдастырушының интернет-ресурсы арқылы ғылыми жетекшіге және өтінім берушіге жолданатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша МҒТС жүргізуге тартылған сарапшылардың Хирш индекстерін жариялайды.
23. Ұйымдастырушыға және сарапшыға тапсырыс берушінің, өтінім берушінің және өзге де адамдардың қысым көрсетуіне не өзге де ықпал етуіне жол берілмейді.
24. МҒТС объектісі МҒТС-ға ұсынылған кезден бастап ҰҒК қарағанға дейін өтінім берушілер, ғылыми жетекшілер және (немесе) сарапшылар:
1) ғылыми этиканың, биоэтика нормаларының (адамдарды және жануарларды биомедициналық зерттеу үшін) бұзылу фактілеріне ден қояды, мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу шараларын қабылдайды;
2) объективті, толық және дәйекті мәліметтерді ұсынады;
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің процесі мен нәтижелерін бұрмаламайды;
4) басқа тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтарын бұзуға немесе ғылыми-зерттеу қызметіне өзге де зиян келтіруге әкеп соғатын әрекет (әрекетсіздік) жасамайды.
Сарапшы мынадай:
1) өтінімнің мақұлдануы немесе қабылданбауы нәтижесіне өзі жеке немесе қаржылық жағынан мүдделі болған;
2) соңғы бес жылдағы тең авторлықты, өтінімді дайындау кезінде тікелей қатысуды, зерттеу нәтижелері бойынша бірлескен жарияланымдарды жоспарлауды және осы нәтижелерді соңғы 5 (бес) жыл ішінде қолдануды қоса алғанда, ғылыми жобаның және (немесе) бағдарламаның орындаушысымен бірлескен жарияланымдары болған;
3) соңғы 5 (бес) жыл ішінде ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысына тікелей жетекшілік жасаған, оған бағынысты болған немесе консультациялық қызметтер көрсеткен;
4) ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысымен некеде (ерлі-зайыптылықта) немесе жақын туысы болған;
5) ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысының ата-анасының, жұбайының (зайыбының) жақын туысы болған;
6) ҰҒК мүшесі болған;
7) егер сарапшы жобаның немесе бағдарламаның ғылыми жетекшісінің диссертациялық жұмысының ғылыми жетекшісі болған немесе болып табылған;
8) егер жобаның немесе бағдарламаның ғылыми жетекшісі сарапшының диссертациялық жұмысының ғылыми жетекшісі болған немесе болып табылған жағдайларда, нақты ғылыми жобаға және (немесе) бағдарламаға МҒТС жүргізбейді.
Осы Қағидалардың 2-тармағының 10) тармақшасында белгіленген ғылыми этиканы бұзу фактілеріне жол берілмейді. Ғылыми этиканы бұзу фактілері болған жағдайда, дәлелдер, негіздемелер, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана және мамандануы МҒТС объектілеріне сәйкес келетін тәуелсіз мамандарды тарта отырып келтірілуге тиіс.
3-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
25. Конкурсқа қатысатын ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының сараптамасына технологиялық және экономикалық (маркетингтік) сараптама кіреді.
26. Жобалардың сараптамасын осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес ұйымдастырушының әрбір сарапшымен жасасқан шарты негізінде ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізу үшін тартылатын қазақстандық және шетелдік сарапшылар жүргізеді.
27. Кешенді сараптама өтінім 3 немесе одан да көп экономика салалары бойынша ұсынылған жағдайда жүргізіледі. Жобаға кешенді сараптама жүргізу кезінде құрамында үштен тоғызға дейін сарапшысы бар (тақ санда) сараптамалық топ құрылады.
28. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдерге технологиялық және экономикалық (маркетингтік) сараптама жүргізуді Қаржыландыру қағидаларына сәйкес өтінімдердің конкурстық құжаттамаға сәйкестігін тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей ұйымдастырады.
29. Ұйымдастырушы:
1) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізу үшін қазақстандық және шетелдік сарапшылардың деректер базасын қалыптастырады;
2) қалыптастырылған қазақстандық және шетелдік сарапшылардың деректер базасын тұрақты негізде толықтырып отырады (жаңартады);
3) конкурсқа келіп түскен өтінімдердің электрондық нұсқаларының деректер банкін қалыптастырады;
4) әрбір өтінім үшін экономиканың басым секторы шеңберінде ұсынылған өтінімге байланысты деректер базасынан сарапшыларды таңдайды;
5) өтінімдердің электрондық нұсқаларын ТС жүргізу үшін кемінде екі (қазақстандық және (немесе) шетелдік) сарапшыларға немесе кешенді сараптама жүргізу үшін сараптамалық топқа жолдайды;
6) өтінімдердің электрондық нұсқаларын ЭМС жүргізу үшін кемінде екі қазақстандық сарапшыға немесе кешенді сараптама жүргізу үшін сараптамалық топқа жолдайды.
30. Жоба бойынша ТС сарапшысының қорытындысы (сарапшылардың кешенді қорытындысы) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
31. Жоба бойынша ЭМС сарапшысының қорытындысы (сарапшылардың кешенді қорытындысы) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
32. Сарапшының қорытындысында әрбір бағалау өлшемшарты бойынша қазақстандық және (немесе) шетелдік сарапшы ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасын сараптамалық бағалау жүйесі бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балл қояды.
33. Ұйымдастырушы ТС және ЭМС қорытындыларының негізінде әрбір жоба бойынша қорытынды балдары қойылған сараптаманың жиынтық қорытындылары осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады және оларды күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде уәкілетті органға жолдайды.
34. Ұйымдастырушы жобаларға жүргізілген сараптаманың жиынтық қорытындыларын алғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде сараптаманың жиынтық қорытындыларын ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасын қаржыландыру немесе қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін ҰҒК-ге ұсынады.
Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы ________________________________________ (МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)
Р/с № № |
Бағалау өлшемшарттарының атауы |
Орташа балл (0-ден 9-ға дейін) |
Барлық сарапшылардың жетекші сұрақтарға жауаптарымен қоса түсініктемелері |
||||
1-сарапшы |
2-сарапшы |
3-сарапшы |
|||||
1. |
|
|
|
|
|
||
2. |
|
|
|
|
|
||
3. |
|
|
|
|
|
||
4. |
|
|
|
|
|
||
5. |
|
|
|
|
|
||
МҒТС орташа балы: |
|||||||
|
|
Ұйымдастырушы _______________________ ҰҒК-ға беру күні _______________________ |
__________________________
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде сұрау салынған соманың негізділігін бағалау бойынша сарапшының қорытындысы, теңге ________________________________________ (МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)
РР/с № |
Шығыстар бабының атауы |
Сұралып отырған сома |
МҒТС сарапшыларының позициясы негізіндегі шығыстардың құны |
Соманың негізділігі бойынша сарапшының түсініктемелері (100-150 сөз) |
||
1-сарапшы* |
2-сарапшы* |
3-сарапшы* |
||||
|
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
11 |
«Еңбекке ақы төлеу (салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда)»** |
|
|
|
|
|
22 |
Қызметтік іссапарлар ** |
|
|
|
|
|
33 |
«Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу, басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар» ** |
|
|
|
|
|
44 |
Материалдар сатып алу (жеке және заңды тұлғалар үшін), жабдықтарды және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу ** |
|
|
|
|
|
55 |
Жалға алу шығыстары, зерттеулерді іске асыру үшін жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары |
|
|
|
|
|
66 |
Сұралып отырған соманың негізділігін бағалау жөніндегі сарапшы ұсынатын жобаны немесе бағдарламаны қаржыландыруға арналған сома жиынтығы |
|
|
|
|
|
Сұралып отырған соманың негізділігін бағалау бойынша сарапшының Т.А.Ә. (бар болса) ________________________ * - 3, 4-бағандар осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес МҒТС бойынша сарапшылардың қорытындыларында келтірілген МҒТС сарапшылары позициясының негізінде толтырылады. ** - баға негізіндегі шығыстар құны (бағалау жүргізу сәтінде)
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Гранттық қаржыландыру шеңберіндегі өтінімге сарапшының қорытындысы ____________________________________________________________ (МҒТС объектісінің ЖТН және атауы)
Р/с № |
Бағалау өлшемшартының атауы |
Сарапшының бағалауы |
Көрсеткіш |
Өлшемшарт бойынша балл |
1. |
Жобаның жаңашылдығы, өзектілігі мен перспективалылығы |
|
Жобаның ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейінің жаңашылдығы мен өзектілігі (200 сөзден аспау керек) Гипотезалар, идеялар және зерттеудің күтілетін нәтижелері қаншалықты жаңашыл болып табылады? Жоба шеңберінде зерттелетін ғылыми және (немесе) әдіснамалық проблемалық салалар қаншалықты жаңа болып табылады? Зерттеу жоспары шеңберінде өтінім беруші қолданатын тәсілдер мен әдістер қаншалықты жаңа болып табылады? Олар қаншалықты заманауи және өзекті болып табылады? Жоба авторлары сілтеме жасап отырған әдебиеттер қаншалықты өзекті болып табылады? |
(0-ден 3-ке дейін) |
|
|
|
Ғылымның дамуы үшін ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейдің және жобаның әзірлену дәрежесінің маңыздылығы, өзектілігі (300 сөзден аспау керек) Жоба маңызды ғылыми проблемаларды қаншалықты шешеді? Жоба әлемдік трендтерге қаншалықты сәйкес келеді? Гипотезалар, идеялар және зерттеудің күтілетін нәтижелері қаншалықты перспективалы? Жоба ғылымды дамытуға үлкен серпіліс болуға қабілетті ме? Зерттеу нәтижелерін жариялау үшін таңдалған журналдардың деңгейі қаншалықты жоғары? Жоба шеңберінде жоспарланып отырған жарияланымдардың сапасы мен саны конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келе ме? Өтінім беруші жариялауға жоспарлап отырған мақалалар саны қаншалықты негізделген? |
(0-ден 6-ға дейін) |
2. |
Зерттеу жоспарының сапасы және іске асырылуы |
|
Зерттеу жоспарының сапасы (150 сөзден аспау керек) Зерттеу проблемалары қаншалықты негізделген? Өтінім беруші зерттеу жоспарының мақсаттарын, мәселелерін, гипотезаларын мен болжамдарын қаншалықты айқын тұжырымдаған? Гипотезалар (болжамдар) ғылыми және шынайы болып табыла ма? |
(0-ден 3-ке дейін) |
|
|
|
Зерттеулер әдіснамасының сапасы (250 сөзден аспау керек) Зерттеуде қолданылатын әдістер қаншалықты негізделген? Қолданылатын әдістер мен тәсілдер қойылған мақсаттарға, міндеттерге, гипотезаларға және күтілетін нәтижелерге қаншалықты сәйкес келеді? Өтінім берушінің бастапқы деректерді жинау әдістері мен дереккөздері қаншалықты сенімді? Өтінім беруші зерттеу мәселелері мен деректерді жинау әдістері арасындағы дәйектілікті көрсетті ме? Алынған деректерді кейінгі статистикалық өңдеу үшін эксперименттер қаншалықты дұрыс жоспарланған? Өтінім беруші плагиаттың, деректерді бұрмалау мен қолдан жасаудың, жалған авторлықтың және нәтижелерді иемденудің алдын алу мәселелерін қаншалықты тиімді шешеді? Өтінім беруші жануарлар мен адамдарға қатысты эксперименттік зерттеулерге қатысты этикалық мәселелерді қаншалықты пысықтаған? Өтінім беруші тиісті нормаларды қаншалықты сапалы сақтаған? Сарапшының зерттеулерге ұсынылатын әдістер мен тәсілдердің сапасы және олардың мақсатқа, міндеттерге және күтілетін нәтижелерге сәйкестігі, жалпы зерттеу жоспарының сапасы туралы басқа да түсініктемелері. |
(0-ден 3-ке дейін) |
|
|
|
Нәтижелерге қол жеткізушілік (250 сөзден аспау керек) Жоба шеңберінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу ықтималдығы қаншалықты жоғары? Зерттеу нәтижелерінің өтінімде көрсетілген журналдарда жариялануға қабылдану ықтималдығы қанша? Зерттеуді сәтті аяқтау үшін қандай қауіптер бар? Олардың дәрежесі қандай және өтінім беруші тәуекелдерге ден қою мәселелерін қаншалықты пысықтады? Жобаны іске асырудың балама жолдары мен тәсілдері бар ма? Өтінім беруші ұсынған зерттеу жоспарының балама нұсқалармен салыстырғанда қаншалықты артықшылықтары бар? |
(0-ден 3-ке дейін) |
3. |
Күтілетін нәтижелер және олардың маңыздылығы |
|
Жобаның нәтижелілігі мен тиімділігі (250 сөзден аспау керек) Жобаның күтілетін нәтижелері сұрау салынған қаржыландыру көлемімен қаншалықты сәйкес келеді? Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін жобаның қаражаты қаншалықты тиімді жұмсалады? Зерттеулердің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін қандай шаралар қабылданатын болады? |
(0-ден 3-ке дейін) |
|
|
|
Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы мен қолданымдылығы (300 сөзден аспау керек) Зерттеудің күтілетін нәтижелерін қандай салада қолдануға болады? Олардың көмегімен шешілетін мәселенің сипаты мен ауқымы қандай? Күтілетін нәтижелер қолданыстағы аналогтармен (аналогтары болмаған кезде ұқсас проблеманың қолжетімді шешімдерімен салыстырғанда) бәсекеге қабілетті болып табыла ма? Жобаны іске асырудың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық немесе басқа әсері қандай болуы мүмкін? Күтілетін зерттеу нәтижелерін пайдалану жолдары қандай? Олар іс жүзінде қолдануға және коммерцияландыруға қаншалықты дайын болады? Оларды қолдану үшін қандай шектеулер болады? Жоба нәтижелері бойынша жарияланған мақалалар үнемі пайдаланылып, дәйексөз келтірілуі қаншалықты мүмкін? 40 жастан аспаған жас зерттеушілерді (студенттер, магистранттар, докторанттар, постдокторанттар) дайындауда жоба қандай рөл атқарады? Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы қаншалықты айқын және толық тұжырымдалған? Өтінім берушінің күтілетін нәтижелердің маңыздылығы туралы пікірі қаншалықты сенімді және негізделген? |
(0-ден 6-ға дейін) |
4. |
Зерттеу тобының құзыреттілігі мен ғылыми дайындамасы |
|
Жоба жетекшісінің ғылыми деңгейі мен дайындамасы (250 сөзден аспау керек) Жетекші жоба бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми журналдарда, оның ішінде негізгі автор (хат-хабарға арналған автор немесе бірінші автор) ретінде мақалаларды тұрақты түрде жариялай ма? Ғылыми жетекші өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялайтын журналдардың деңгейі қаншалықты жоғары? Ғылыми жетекшінің рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар жарияланған ғылыми жобаларды сәтті басқару тәжірибесі бар ма? Ғылыми жетекшінің жоба тақырыбы бойынша мақалалар түрінде ғылыми дайындамасы бар ма? |
(0-ден 3-ке дейін) |
|
|
|
Зерттеу тобының сапасы (250 сөзден аспау керек) Зерттеу тобының құрамы қаншалықты сапалы негізделген? Зерттеу тобының әр мүшесінің зерттеудегі рөлі қаншалықты айқын негізделген? Зерттеулерді белгіленген мақсаттарға, міндеттерге, күтілетін нәтижелерге және ұсынылған зерттеу жоспарына сәйкес аяқтау үшін олардың үлесі қаншалықты қажет? Зерттеу тобы мүшелерінің біліктілігі мен тәжірибесі олардың жобадағы рөлі мен орнына қаншалықты сәйкес келеді? Жобаға қатысушылардың сатып алынатын жабдықпен жұмыс істеу үшін жеткілікті біліктілігі бар ма? Жобаға шетелдік ғалымдар қатысқан жағдайда, олардың жобаның мақсатына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне қол жеткізудегі рөлі тұрғысынан қатысуы орынды ма? Шетелдік сарапшылардың біліктілік саласы мен деңгейі зерттеу жоспарының қажеттіліктеріне сәйкес келе ме? |
(0-ден 3-ке дейін) |
|
Ресурстардың болуы және инфрақұрылымға қолжетімділік (300 сөзден аспау керек) Өтінім берушінің иелігіндегі инфрақұрылым зерттеу жоспарының қажеттіліктеріне қаншалықты сәйкес келеді? Зерттеу жабдығы және өтініш берушінің иелігіндегі басқа құралдар ұсынылып отырған зерттеу тәсілдері мен әдістерін қолдануға қаншалықты мүмкіндік береді? Жобада үшінші тарап ұйымдарының инфрақұрылымын пайдалану қаншалықты орынды? Жобаның мақсаты, міндеттері және ауқымы тұрғысынан жоба шеңберінде жабдықты сатып алу қаншалықты негізделген? Жоба шеңберінде өтінім беруші сатып алатын материалдар зерттеу жоспарына сәйкес келе ме? Жобаға қатысушылардың сатып алынатын жабдықта жұмыс істеу үшін жеткілікті біліктілігі бар ма? Жобаға қатысушылар сатып алынған жабдықты, оның ішінде жоба аяқталғаннан кейін де тиімді пайдалана ала ма? Жобаны іске асыруға қоса орындаушыларды тарту қаншалықты негізделген? Зерттеу тобының мүшелері тиісті жұмыстарды өз бетінше орындай ала ма? |
(0-ден 3-ке дейін) |
||
5. |
Жобаның пәнаралылығы |
|
(100 сөзден аспау керек) 2 балл – егер жоба кең ғылыми бағыттар арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету тұрғысынан пәнаралық болса, пәнаралық тәсіл өтінімде толық негізделіп, жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қажет болса; 1 балл – егер жоба пәнаралық болса, бірақ өтінімде ұсынылған тәсіл жеткілікті негізделмесе немесе жобаның мақсатына толық жауап бермесе немесе пәнаралық тәсіл тар ғылыми бағыттар арасындағы өзара әрекеттестік бөлігінде көзделсе; 0 балл – егер жоба пәнаралық болмаса немесе өтінімде ұсынылған тәсіл негізделмесе және жобаның мақсатына жауап бермесе. Сарапшы пікірін қысқаша негіздеу керек. |
|
Қорытынды балл |
|
Жоғарыда көрсетілген барлық бағалау өлшемшарттары бойынша ортақ балдардың қосындысы |
||
Сұрау салынатын қаржыландырудың негізділігі |
(250 сөзден аспау керек) Өтінімнің негізгі сандық параметрлерін ескере отырып (мысалы, зерттеушілер санын, сатып алынатын материалдар мен жабдықтар көлемін, іссапарлар санын және т.б.), өтінім беруші сұрау салынатын қаржыландыру (ресурсты өлшеудің ақшалай және/немесе заттай бірліктері) сомасы жобаның маңыздылығына және оның мақсаттары мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуге қажетті нақты қаржы көлеміне қаншалықты сәйкес келетінін бағалау. Түзетулер қажет болған жағдайда, жобаның мақсаттарына қол жеткізу үшін залал келтірмей нақты қандай баптар бойынша және қандай мөлшерде (сандық) түзетулер қажет екенін көрсету. |
|||
Басым бағытқа сәйкестігі |
(100 сөзден аспау керек) Өтінімнің басым бағытқа және ол берілген мамандандырылған ғылыми бағытқа қаншалықты сәйкес келетінін бағалау, сарапшы пікірін қысқаша негіздеу. |
|||
Мықты тұстары |
(150 сөзден аспау керек) Зерттеудің негізгі артықшылықтары мен оның жобаның мәлімделген мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін сипаттамаларын қысқаша атап өту. |
|||
Әлсіз тұстары |
(150 сөзден аспау керек) Зерттеудің негізгі кемшіліктері мен олардың күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге әсер ету дәрежесін қысқаша атап өту. Жобаны іске асыру үшін сындарлы маңызы бар және оның мақсаттарына қол жеткізуге күмән келтіретін кемшіліктерді бөлек атап өту. |
Сарапшының Т.А.Ә. (бар болса) _____________________
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі өтінімге сарапшының қорытындысы ______________________________________________________________ (МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)
Р/с № |
Бағалау өлшемшартының атауы |
Сарапшының бағалауы |
Көрсеткіш |
Өлшемшарт бойынша балл |
1. |
Бағдарламаның жаңашылдығы, өзектілігі мен перспективалылығы |
|
Бағдарламаның ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейінің жаңашылдығы мен өзектілігі (200 сөзден аспау керек) Гипотезалар, идеялар және зерттеудің күтілетін нәтижелері қаншалықты жаңашыл болып табылады? Бағдарлама шеңберінде зерттелетін ғылыми және (немесе) әдіснамалық проблемалық салалар қаншалықты жаңа болып табылады? Зерттеу жоспары шеңберінде өтінім беруші қолданатын тәсілдер мен әдістер қаншалықты жаңа болып табылады? Олар қаншалықты заманауи және өзекті болып табылады? Жоба авторлары сілтеме жасап отырған әдебиеттер қаншалықты өзекті болып табылады? Ғылымның дамуы үшін ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейдің және бағдарламаның әзірлену дәрежесінің маңыздылығы, өзектілігі (300 сөзден аспау керек) Бағдарлама маңызды ғылыми проблемаларды қаншалықты шешеді? Бағдарлама әлемдік трендтерге қаншалықты сәйкес келеді? Гипотезалар, идеялар және зерттеудің күтілетін нәтижелері қаншалықты перспективалы? Бағдарлама ғылымды дамытуға үлкен серпіліс болуға қабілетті ме? Зерттеу нәтижелерін жариялау үшін таңдалған журналдардың деңгейі қаншалықты жоғары? Бағдарлама шеңберінде жоспарланып отырған жарияланымдардың сапасы мен саны конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келе ме? Өтінім беруші жариялауға жоспарлап отырған мақалалар саны қаншалықты негізделген? |
(0-ден 6-ға дейін) |
2. |
Жетекші мен зерттеу тобының құзыреттілігі мен дайындамасы Зерттеу жоспарының сапасы және іске асырылуы |
|
Жетекшінің құзыреттілігі мен дайындамасы (300 сөзден артық емес) Ғылыми жетекшінің рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар жарияланған ғылыми жобаларды (әсіресе – ірі) және бағдарламаларды табысты басқару тәжірибесі бар ма? Жетекшінің бағдарлама тақырыбы бойынша беделді рецензияланатын журналдарда мақалалар түрінде ғылыми дайындамасы бар ма? Жетекші рецензияланатын ғылыми журналдарда бағдарлама бағыты бойынша, оның ішінде негізгі автор (хат-хабар авторы немесе бірінші автор) ретінде мақалаларды тұрақты түрде жариялап отыра ма? Ғылыми жетекші өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялайтын журналдардың деңгейі қаншалықты жоғары? Зерттеу тобының құзыреттілігі мен дайындамасы (300 сөзден артық емес) Зерттеу тобының құрамы (қоса орындаушыларды қоса алғанда) қаншалықты сапалы негізделген? Зерттеудегі әр қоса орындаушының және зерттеу тобы мүшесінің рөлі қаншалықты нақты негізделген? Белгіленген мақсатқа, міндеттерге, күтілетін нәтижелерге және ұсынылатын зерттеу жоспарына сәйкес зерттеулерді аяқтау үшін олардың үлесі қаншалықты қажет? Зерттеу тобы мүшелерінің (қоса орындаушыларды қоса алғанда) біліктілігі мен тәжірибесі олардың бағдарламадағы рөлі мен ұстанымына қаншалықты сәйкес келеді? Бағдарламаға қатысушылардың сатып алынатын жабдықта жұмыс істеу үшін жеткілікті біліктілігі бар ма? Шетелдік ғалымдар бағдарламаға қатысқан жағдайда, олардың бағдарламаның мақсатына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне қол жеткізудегі рөлі тұрғысынан қатысуы негізделген бе? Шетелдік сарапшылардың саласы мен біліктілік деңгейі зерттеу жоспарының қажеттілігіне сәйкес келе ме? Зерттеу тобының сапасы және оның зерттеу қажеттіліктеріне сәйкестігі туралы сарапшының басқа түсініктемелері. |
(0-ден 6-ға дейін) |
|
|
|
Зерттеу жоспарының сапасы мен ғылыми деңгейі (350 сөзден артық емес) Өтінім беруші зерттеу жоспарының мақсаттарын, мәселелерін, гипотезалары мен болжамдары қаншалықты айқын тұжырымдаған? Гипотезалар (болжамдар) ғылыми және шынайы болып табыла ма? Зерттеу жоспары ғылым саласындағы соңғы жетістіктерді ескере ме? Зерттеу әдістері қаншалықты заманауи және ғылыми негізделген болып табылады? Қолданылатын әдістер мен тәсілдер қойылған мақсаттарға, міндеттерге, гипотезаларға және күтілетін нәтижелерге қаншалықты сәйкес келеді? Өтінім берушінің бастапқы деректерді жинау әдістері мен дереккөздері қаншалықты сенімді? Өтінім беруші зерттеу мәселелері мен деректерді жинау әдістері арасындағы дәйектілікті көрсетті ме? Алынған деректерді кейінгі статистикалық өңдеу үшін эксперименттер қаншалықты дұрыс жоспарланған? Бағдарламаның қаражаты техникалық тапсырмада көрсетілген нәтижелерге қол жеткізу үшін қаншалықты тиімді жұмсалады? Зерттеулердің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін қандай шаралар қабылданатын болады? Өтінім беруші плагиаттың, деректерді бұрмалау мен қолдан жасаудың, жалған авторлықтың және нәтижелерді иемденудің алдын алу мәселелерін қаншалықты тиімді шешеді? Өтінім беруші жануарлар мен адамдарға қатысты эксперименттік зерттеулерге қатысты этикалық мәселелерді қаншалықты пысықтаған? Өтінім беруші тиісті нормаларды қаншалықты сапалы сақтаған? Сарапшының зерттеулерге ұсынылатын әдістер мен тәсілдердің сапасы және олардың мақсатқа, міндеттерге және күтілетін нәтижелерге сәйкестігі, жалпы зерттеу жоспарының сапасы туралы басқа да түсініктемелері. |
(0-ден 6-ға дейін) |
|
Жоспарды іске асыруға арналған зерттеу инфрақұрылымының сапасы (300 сөзден артық емес) Өтінім беруші мен қоса орындаушылардың иелігіндегі инфрақұрылым зерттеу жоспарының қажеттіліктеріне қаншалықты сәйкес келеді? Өтінім беруші мен бірлесіп орындаушылардың иелігіндегі зерттеу жабдығы мен басқа да құралдар ұсынылатын зерттеу тәсілдері мен әдістерін қолдануға қаншалықты мүмкіндік береді? Бағдарлама аясында жабдықты оның мақсаты, міндеттері мен ауқымы тұрғысынан сатып алу қаншалықты негізделген? Бағдарлама аясында өтінім беруші сатып алатын материалдар зерттеу жоспарына сәйкес келе ме? Бағдарламаға қатысушылар сатып алынған жабдықты, оның ішінде ол аяқталғаннан кейін тиімді пайдалана ала ма? |
(0-ден 6-ға дейін) |
||
3. |
Күтілетін нәтижелердің қолжетімділігі мен сапасы |
|
Тікелей нәтижелердің қолжетімділігі және сапасы (300 сөзден артық емес) Өтінімде күтілетін нәтижелер техникалық тапсырмада көрсетілген тікелей нәтижелерге қаншалықты сәйкес келеді? Бағдарлама шеңберінде техникалық тапсырмада көрсетілген тікелей нәтижелерге қол жеткізу ықтималдығы қаншалықты жоғары? Тікелей нәтижелерге қол жеткізу жолдары қаншалықты ғылыми негізделген? Зерттеу нәтижелерінің өтінімде көрсетілген журналдарда жариялануға қабылдануы қаншалықты ықтимал? Зерттеуді сәтті аяқтау үшін қандай тәуекелдер бар? Олардың дәрежесі қандай және өтінім беруші тәуекелдерді басқару мәселелерін қаншалықты пысықтады? Бағдарламаны іске асырудың баламалы жолдары мен тәсілдері бар ма? Өтінім беруші ұсынатын зерттеу жоспары балама нұсқалармен салыстырғанда қаншалықты артықшылықтарға ие? |
(0-ден 6-ға дейін) |
|
Түпкілікті нәтижелердің қолжетімділігі (300 сөзден артық емес) Өтінімдегі күтілетін нәтижелер мен олардың әсері (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық немесе өзге) техникалық тапсырмада көрсетілген түпкілікті нәтижелерге қаншалықты сәйкес келеді? Техникалық тапсырмада көрсетілген түпкілікті нәтижелерге бағдарлама шеңберінде немесе ол аяқталғаннан кейін қол жеткізу ықтималдығы қаншалықты жоғары? Оларды практикалық қолдану және (немесе) коммерцияландыру үшін қолда бар аналогтармен салыстырғанда (аналогтары болмаған кезде – ұқсас міндеттің қолда бар шешімдерімен салыстырғанда) күтілетін нәтижелер бәсекеге қабілетті бола ма? |
(0-ден 6-ға дейін) |
||
4 |
Бағдарламаның пәнаралылығы |
|
(100 сөзден аспау керек) 2 балл – егер бағдарлама кең ғылыми бағыттар арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету тұрғысынан пәнаралық болса, пәнаралық тәсіл өтінімде толық негізделіп, жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қажет болса; 1 балл – егер бағдарлама пәнаралық болса, бірақ өтінімде ұсынылған тәсіл жеткілікті негізделмесе немесе бағдарламаның мақсатына толық жауап бермесе немесе пәнаралық тәсіл тар ғылыми бағыттар арасындағы өзара әрекеттестік бөлігінде көзделсе; 0 балл – егер бағдарлама пәнаралық болмаса немесе өтінімде ұсынылған тәсіл негізделмесе және бағдарламаның мақсатына жауап бермесе. Сарапшы пікірін қысқаша негіздеу керек. |
|
Қорытынды балл |
|
Жоғарыда көрсетілген барлық бағалау өлшемшарттары бойынша ортақ балдардың қосындысы |
||
Сұрау салынатын қаржыландырудың негізділігі |
(250 сөзден артық емес) Өтінімнің негізгі сандық параметрлерін ескере отырып (мысалы, зерттеушілер санын, сатып алынатын материалдар мен жабдықтар көлемін, іссапарлар санын және т.б.), өтінім беруші сұрау салынатын қаржыландыру (ресурсты өлшеудің ақшалай және/немесе заттай бірліктері) сомасы бағдарламаның маңыздылығына және оның мақсаттары мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуге қажетті нақты қаржы көлеміне қаншалықты сәйкес келетінін бағалау. Түзетулер қажет болған жағдайда, бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу үшін залал келтірмей, нақты қандай баптар бойынша және қандай мөлшерде (сандық) түзетулер қажет екенін көрсету. |
|||
Мықты тұстары |
(150 сөзден артық емес) Зерттеудің негізгі артықшылықтары мен оның бағдарламаның мәлімделген мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін сипаттамаларын қысқаша атап өту. |
|||
Әлсіз тұстары |
(150 сөзден артық емес) Зерттеудің негізгі кемшіліктерін және олардың күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге әсер ету дәрежесін қысқаша атап өту. Бағдарламаны іске асыру үшін сындарлы маңызы бар және оның мақсатына қол жеткізуге күмән келтіретін кемшіліктерді бөлек атап өту керек. |
Сарапшының Т.А.Ә. (бар болса) _____________________________________
______________________________
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және үргізу қағидаларына 5-қосымша
Нысан
Конкурстан тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі өтінімге сарапшының қорытындысы _________________________________________ (МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)
Р/с № |
Бағалау өлшемшартының атауы |
Сарапшының бағалауы |
Көрсеткіш |
Өлшемшарт бойынша балл |
1. |
Бағдарламаның жаңашылдығы, өзектілігі мен перспективалылығы |
|
Бағдарламаның ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейінің жаңашылдығы мен өзектілігі (200 сөзден аспау керек) Гипотезалар, идеялар және зерттеудің күтілетін нәтижелері қаншалықты жаңашыл болып табылады? Бағдарлама шеңберінде зерттелетін ғылыми және (немесе) әдіснамалық проблемалық салалар қаншалықты жаңа болып табылады? Зерттеу жоспары шеңберінде өтінім беруші қолданатын тәсілдер мен әдістер қаншалықты жаңа болып табылады? Олар қаншалықты заманауи және өзекті болып табылады? Жоба авторлары сілтеме жасап отырған әдебиеттер қаншалықты өзекті болып табылады? Ғылымның дамуы үшін ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейдің және бағдарламаның әзірлену дәрежесінің маңыздылығы, өзектілігі (300 сөзден аспау керек) Бағдарлама маңызды ғылыми проблемаларды қаншалықты шешеді? Бағдарлама әлемдік трендтерге қаншалықты сәйкес келеді? Гипотезалар, идеялар және зерттеудің күтілетін нәтижелері қаншалықты перспективалы? Бағдарлама ғылымды дамытуға үлкен серпіліс болуға қабілетті ме? Зерттеу нәтижелерін жариялау үшін таңдалған журналдардың деңгейі қаншалықты жоғары? Бағдарлама шеңберінде жоспарланып отырған жарияланымдардың сапасы мен саны конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келе ме? Өтінім беруші жариялауға жоспарлап отырған мақалалар саны қаншалықты негізделген? |
(от 0 ден 6-ға дейін) |
2. |
Зерттеу жоспарының инновациялылығы |
|
(150 сөзден аспау керек) Өтінім беруші ұсынған зерттеу жоспарының инновациялылығын негіздеуге арналған ақпарат осы өлшемшарт бойынша өтінімді бағалауға жеткілікті ме? Өтінім берушінің зерттеу жоспарының инновациялылығы туралы дәлелдері қаншалықты негізделген және сенімді болып табылады? Өтінім берушінің зерттеу жоспарының инновациялылығы негіздемесінің сапасы туралы сарапшының басқа да түсініктемелері. |
(0-ден 3-ке дейін) |
(300 сөзден аспау керек) Зерттеуден күтілетін нәтижелер қаншалықты жаңа болып табылады? Бағдарлама шеңберінде зерттелетін ғылыми және (немесе) әдіснамалық проблемалық салалар қаншалықты жаңа болып табылады? Зерттеу жоспары шеңберінде өтінім берушінің қолданатын тәсілдері мен әдістері қаншалықты жаңа болып табылады? Олар қаншалықты заманауи және өзекті болып табылады? Зерттеу нәтижелерін жариялауға таңдалған журналдардың деңгейі қаншалықты жоғары? Зерттеуден күтілетін нәтижелер жаһандық және салалық аспектілерде қаншалықты маңызды болып табылады? Сарапшының зерттеу жоспарының инновациялылығы туралы басқа да түсініктемелері. |
(0-ден 3-ға дейін) |
|||
3. |
Зерттеу жоспарының сапасы және іске асырылуы |
|
(300 сөзден аспау керек) Зерттеу проблемасы қаншалықты негізделген? Өтінім беруші зерттеу жоспарының мақсатын, мәселелерін, гипотезалары мен болжамдарын қаншалықты түсінікті жасаған? Гипотезалар (болжамдар) ғылыми болып табыла ма? Зерттеуде қолданылған әдістер қаншалықты негізделген? Қолданылатын әдістер мен тәсілдер алға қойылған мақсаттарға, міндеттерге, гипотезаларға және күтілетін нәтижелерге қаншалықты сәйкес келеді? Өтінім берушінің бастапқы деректерді жинау тәсілдері және олардың дереккөздері қаншалықты нақты? Өтінім беруші зерттеу мәселелері мен деректерді жинау әдістері арасындағы дәйектілікті көрсетті ме? Алынған деректерді кейіннен статистикалық өңдеуге арналған эксперименттер қаншалықты дұрыс жоспарланған? Өтінім беруші плагиатқа, деректердің ойдан шығарылуы мен бұрмалануына, жалған тең авторлыққа және нәтижелерді иемденіп алуға жол бермеуге қатысты мәселелерді қаншалықты тиімді шешетін болады? Өтінім беруші адамдар мен жануарлардың қатысуымен жүргізілетін эксперименттік зерттеулерге қатысты этикалық мәселелерді қаншалықты пысықтаған? Өтінім беруші тиісті нормаларды сапалы деңгейде қаншалықты сақтаған? Сарапшының зерттеулерге ұсынылған әдістер мен тәсілдердің сапасы және олардың мақсаттары, міндеттері мен күтілетін нәтижелеріне сәйкестігі, жалпы алғанда сапасы мен зерттеу жоспарына байланысты басқа да түсініктемелері. |
(0-ден 3-ке дейін) |
(250 сөзден аспау керек) Зерттеу жоспарының мақсаттары, гипотезалары мен күтілетін нәтижелері қаншалықты шынайы? Орындалатын жұмыстардың ресурстары, орындалу мерзімі және мазмұны зерттеудің мақсаттарына, міндеттеріне, әдістері мен күтілетін нәтижелеріне қаншалықты сәйкес келеді? Зерттеуді табысты аяқтау үшін қандай тәуекелдер бар? Олардың дәрежесі қандай және өтінім беруші тәуекелдерге ден қою мәселелерін қаншалықты пысықтаған? Бағдарламаны іске асырудың баламалы жолдары мен тәсілдері бар ма? Өтінім беруші ұсынған зерттеу жоспарының баламалы нұсқалармен салыстырғанда қаншалықты артықшылықтары бар? Өтінім берушінің жариялауға жоспарлап отырған мақалаларының саны қаншалықты негізделген болып табылады? Жарияланымдардың сапасы және саны конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келе ме? Зерттеу нәтижелерін өтінімде көрсетілген журналдарда жариялауға қабылдау қаншалықты ықтимал? Библиографиялық базалардың бірінші квартильдеріндегі жетекші ғылыми журналдарға зерттеулер нәтижелерін жариялау қаншалықты ықтимал? Сарапшының зерттеу жоспарының іске асырылуы туралы басқа түсініктемелері. |
(0-ден 3-ен дейін) |
|||
4. |
Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы мен қолданымдылығы |
|
(150 сөзден аспау керек) Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы қаншалықты айқын және толық тұжырымдалған? Өтінім берушінің күтілетін нәтижелер туралы пікірі қаншалықты нақты және негізделген болып табылады? |
(0-ден 3-ке дейін) |
(300 сөзден аспау керек) Зерттеудің күтілетін нәтижелерін қандай салада қолдануға болады? Олардың көмегімен шешілетін міндеттің сипаты мен ауқымы қандай? Күтілетін нәтижелер қолданыстағы аналогтармен (аналогтары болмаған кезде ұқсас проблеманың қолжетімді шешімдерімен салыстырғанда) бәсекеге қабілетті болып табыла ма? Бағдарламаны іске асырудың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық немесе өзге нәтижесі қаншалықты негізделген? Зерттеу нәтижелері Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетінің деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігіне қалай әсер етеді? Стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуден басқа, бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері өндіріс, ғылым, білім салаларындағы жағдайды едәуір өзгертуге табысты ықпал ете ала ма? Алынған нәтижелер стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндеттерді дамытуға қаншалықты ықпал етеді? Бағдарлама өнімді енгізуге, коммерцияландыруға, жасауға едәуір әлеуеті бар нәтижелер алуды болжай ма? Әлеуметтік сипаттағы бағдарлама үшін бағдарлама нәтижелерін енгізу (пайдалану) кезінде әлеуетті игіліктерді (тұрмыс, еңбек жағдайын т.б. жақсарту) алушыларды қамту маңызды ма? Бағдарламаның күтілетін нәтижелері экологиялы, энергия тиімді, бәсекеге қабілетті болып табыла ма? Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламаларды іске асыру салдарларын/нәтижелерін болжау қолжетімді болып табыла ма? Бағдарламаларды іске асырудың ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық (қажет болған жағдайда) салдарына/нәтижелеріне қол жеткізу қамтамасыз етіле ме? Зерттеулердің күтілетін нәтижелерін пайдаланудың жолдары қандай? Олар практикалық қолданысқа қаншалықты дайын болады? Оларды қолдануда қандай шектеулер болады? Жобаның нәтижелері бойынша жарияланған мақалалардан өзге ғалымдардың тұрақты түрде дәйексөздер келтіру қаншалықты ықтимал? Сарапшының күтілетін зерттеу нәтижелерінің маңыздылығы туралы басқа түсініктемелері. |
(0-ден 6-ға дейін) |
|||
5. |
Өтінім берушінің құзыреттілігі және зерттеу ортасының сапасы |
|
(150 сөзден аспау керек) Зерттеу тобы және зерттеу ортасы қаншалықты толық әрі сапалы сипатталған? Олардың сипаттамасы зерттеу жоспарына сәйкестігін бағалауға қаншалықты мүмкіндік береді? |
(0-ден 2-ге дейін) |
(300 сөзден аспау керек) Зерттеу тобының құрамы қаншалықты сапалы негізделген? Зерттеуде зерттеу тобы мүшелерінің әрқайсысының рөлі қаншалықты айқын негізделген? Олардың үлестері белгіленген мақсатқа, міндеттерге, күтілетін нәтижелерге және ұсынылатын зерттеу жоспарына сәйкес зерттеулерді аяқтау үшін қаншалықты қажет? Зерттеу тобының жетекшісі мен мүшелерінің біліктілігі мен тәжірибесі зерттеудің талаптары мен бейініне қаншалықты сәйкес келеді? Жетекші негізгі автор (хат-хабар авторы немесе бірінші автор) ретінде, оның ішінде бағдарламаның бағыты бойынша халықаралық рецензияланатын жетекші ғылыми журналдарға мақалаларды үнемі жеткілікті түрде жариялап тұра ма? 40 жасқа (қоса алғанда) дейінгі ғалымдардың, студенттердің, магистранттар мен PhD докторлардың зерттеудегі рөлдері олардың зерттеушілер ретіндегі дайындықтарына қаншалықты ықпал етеді? Олардың рөлі зерттеу жоспарына сәйкес қаншалықты негізделген? Сарапшының зерттеу тобы мен оның зерттеу талаптарына сәйкестігінің сапасы туралы басқа түсініктемелері. |
(0-ден 3-ке дейін) |
|||
|
|
|
(300 сөзден аспау керек) Өтінім берушінің құзырындағы инфрақұрылым зерттеу жоспарының қажеттіліктеріне қаншалықты сәйкес келеді? Өтінім берушінің құзырындағы зерттеу жабдығы мен басқа құрал-саймандары зерттеулердің ұсынылатын тәсілдері мен әдістерін қолдануға қаншалықты мүмкіндік береді? Бөгде ұйымдардың инфрақұрылымдарын жобада қолдану қаншалықты негізделген болып табылады? Бағдарлама шеңберінде бағдарламаның мақсаты, міндеттері мен ауқымы тұрғысынан алғанда жабдықты сатып алу қаншалықты негізделген болып табылады? Өтінім берушінің бағдарлама шеңберінде сатып алатын материалдары зерттеу жоспарына сәйкес келе ме? Сатып алатын жабдықта жұмыс істеу үшін жобаға қатысушылардың біліктілігі жеткілікті ме? Бағдарламаға қатысушылар сатып алынған жабдықты, оның ішінде бағдарлама аяқталғаннан кейін де тиімді пайдалана ала ма? Бағдарламаны іске асыруда бірлесе орындаушыларды тарту қаншалықты негізделген? Зерттеу тобының мүшелері тиісті жұмыстарды өз бетінше орындай ала ма? Зерттеу Қазақстанның әлемдік ғылыми қауымдастыққа интеграциялануына қаншалықты септігін тигізеді? Бағдарлама шеңберіндегі ғылыми іссапарлар қаншалықты негізделген? Олар зерттеудің мақсаты мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу үшін қаншалықты ықпал етеді? Сарапшының зерттеу ортасының сапасы және оның зерттеу жоспарына сәйкестігінің туралы басқа түсініктемелері. |
(0-ден 3-ке дейін) |
(50 сөзге дейін, кемінде 10 Хирш индексі бар шетелдік ғалымдар ғана ескеріледі) 1 балл – егер шетелдік ғалымдардың қатысуы мен олардың зерттеудегі рөлі толық негізделген болса, олардың құзыреттілік саласы мен деңгейі зерттеу жоспарының талаптарына толық сай келсе және олардың бағдарламаның іске асырылуына қосқан үлесі мақсатқа қол жеткізуге қажет болып табылса; 0,5 балл – егер шетелдік ғалымдардың қатысуы, олардың құзыреттілік саласы мен деңгейі бағдарламаның қажеттіліктеріне жалпы сай болса, олардың рөлі мен қосқан үлесі зерттеудің мақсатына қол жеткізуге оң әсерін тигізсе, бірақ зерттеудің табысты аяқталуы олардың қатысуынсыз да мүмкін болса; 0 балл – егер шетелдік ғалымдардың бағдарламаға қатысуы негізсіз болса және (немесе) олардың құзыреттілік саласы мен деңгейі бағдарламаның талаптарына сай келмесе және (немесе) олардың бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізудегі үлесі елеусіз болса немесе шетелдік ғалымдардың жобаға қатысуы көзделмесе. |
(0-ден 1-ге дейін) |
|||
6. |
Зерттеудің пәнаралылығы |
|
(100 сөзге дейін) 2 балл – егер бағдарлама ауқымды ғылыми бағыттар арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету жағынан пәнаралық болса, пәнаралық тәсіл өтінімде толық негізделіп, бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қажет болса. 1 балл – егер бағдарлама пәнаралық болса, бірақ өтінімде ұсынылған тәсіл жеткілікті негізделмесе немесе бағдарламаның мақсатына толығымен жауап бермесе немесе пәнаралық тәсіл тар ғылыми бағыттар арасындағы өзара іс-қимыл бөлігінде ғана көзделсе. 0 балл – егер бағдарлама пәнаралық болса немесе өтінімде ұсынылған тәсіл негізделмесе және бағдарламаның мақсатына жауап бермесе. Сарапшы пікірін қысқаша негіздеу керек. |
|
Қорытынды балл |
|
Жоғарыда көрсетілген барлық бағалау өлшемшарттары бойынша ортақ балдардың қосындысы |
||
Сұрау салынатын қаржыландырудың негізділігі |
(250 сөзден аспау керек) Өтінімнің негізгі сандық параметрлерін ескере отырып (мысалы, зерттеушілердің санын, сатып алынатын материалдар мен жабдықтардың көлемін, іссапарлар санын т.б.), өтінім беруші сұрау салатын қаржыландыру сомасы бағдарламаның маңыздылығына және оның мақсаттары мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуге қажетті нақты қаржы көлеміне сәйкестігін бағалау. Түзетулер қажет болған жағдайда, қандай баптар бойынша және қандай мөлшерде бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу үшін залал келтірмей, түзетулер қажет екенін көрсету. |
|||
Басым бағытқа сәйкестігі |
(100 сөзден аспау керек) Өтінімнің басым бағытқа және ол берілген мамандандырылған ғылыми бағытқа қаншалықты сәйкес келетінін бағалау, сарапшы пікірін қысқаша негіздеу. |
|||
Мықты тұстары |
(150 сөзден аспау керек) Зерттеудің негізгі артықшылықтары мен оның бағдарламаның мәлімделген мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін сипаттамаларын қысқаша атап өту. |
|||
Әлсіз тұстары |
(150 сөзден аспау керек) Зерттеудің негізгі кемшіліктері мен олардың күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге әсер ету дәрежесін қысқаша атап өту. Бағдарламаны іске асыру үшін сындарлы маңызы бар және оның мақсаттарына қол жеткізуге күмән келтіретін кемшіліктерді бөлек атап өту. |
|||
Сарапшының Т.А.Ә. (бар болса) ____________________________ |
_________________________
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 6-қосымша
Нысан
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі аралық (жылдық) есеп бойынша сарапшының қорытындысы _______________________________________________________ (МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)
Бағалау өлшемшарттарының атауы |
Балл (0-ден 9-ға дейін) |
Сарапшының/сараптамалық топтың түсініктемелері |
|
1. |
Бағдарламаны басқарудың сапасы |
|
Бағдарламаның міндеттерін шешу үшін зерттеу тобының құрамы саны және құзыреттілігі бойынша негізделген болып табыла ма? Сатып алынған жабдық зерттеулерді жүргізу үшін пайдаланыла ма? Өтінімде жоспарланғандай, бағдарламаны орындауға жас зерттеушілер тартыла ма? Зерттеулердің нәтижелері бойынша негізгі қорытындылар қаншалықты ғылыми негізделген және дәлелденген? Олар жетекші халықаралық ғылыми журналдарда мақалалар түрінде кейіннен жариялау немесе басқа нысанда қолдану үшін жаңа әрі маңызды болып табыла ма? |
2. |
Ғылыми зерттеулерге қолданылатын әдіснаманың сапасын бағалау |
|
Қолданылатын әдіснаманың ғылыми негізділігін және зерттеулердің ерекшелігіне сәйкестігін бағалаңыз. Қолданылатын әдістер ұсынылған гипотезаларды тексеруге және бағдарламаның мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік бере ме? Олар неғұрлым тиімді ме, анық деректерді алуға мүмкіндік бере ме? Эксперименттер стандарттық ауытқушылықтар, нөлдік гипотеза дәлдігінің ықтималдығы және т.б. есептерін қамтитын деректерді кейіннен статистикалық өңдеп отырып, бірнеше параллельде жүргізіле ме? Эксперименттік түрде алынған кестелердегі қателер планкасы кейінге қалдырылған ба? Қолданылатын әдістер ғылыми этиканың нормалары мен қағидаттарына сәйкес келе ме? |
3. |
Бағдарламада қойылған міндеттерге қол жеткізуді бағалау |
|
Жобаның/бағдарламаның міндеттерін іске асыру бұған дейін бекітілген зерттеу жоспарына сәйкес жүргізіле ме? (озыңқы, негізделген өзгерістермен, жоспардан негізсіз ауытқуда). Бағдарлама қойылған мақсатқа қол жеткізе алмайды деген күдік бар ма? Осыған байланысты аталған бағдарламаны қаржыландыруды тоқтату қажет пе? |
Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балдардың қосындысы) |
|
|
|
Мықты тұстары |
|
|
|
Әлсіз тұстары |
|
|
Сарапшының Т.А.Ә. (бар болса) ________________________________
Кешенді/комиссиялық сараптама үшін
Сараптамалық топтың төрағасы _____________________
Сараптамалық топтың хатшысы_____________________
Сараптамалық топтың мүшелері_____________________
_______________________________
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 7-қосымша
Нысан
Ғылыми зерттеулерді гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі қорытынды есеп бойынша сарапшының қорытындысы ________________________________________ (МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы)
Бағалау өлшемшарттарының атауы |
Балл (0-ден 9-ға дейін) |
Сарапшының/сараптамалық топтың түсініктемелері |
|
1. |
Алынған нәтижелердің жаңашылдығы |
|
(7-9 балл) Түбегейлі жаңа нәтижелер, жаңа теория алынды, жаңа заңдылық ашылды; феномен жаңаша немесе алғаш рет зерделенді: мазмұн құрылымы, оның мәні ашылды. Нәтижелердің жаңашылдығы библиографиялық базалардың бірінші квартиліндегі халықаралық ғылыми журналда (жобаның жеке тіркеу нөмірін көрсете отырып) кемінде бір мақаламен расталды. Түбегейлі жаңа өнім шығаруға мүмкіндік беретін түбегейлі жаңа құрылғы, тәсіл ойлап шығарылды. Өнертабыс патенттелген немесе патентке қабілетті. |
(4-6 балл) Кейбір жалпы заңдылықтар, әдістер алынды, белгілі фактілер арасында жаңа байланыс табылды, қолда бар білімнің айқынсыздығын айтарлықтай азайтқан жаңа ақпарат алынды, жаңа объектілерге белгілі ережелерді тарату нәтижесінде тиімді шешім табылды. Процесті, әдісті және (немесе) әзірлемені айтарлықтай түбегейлі жетілдіру жүргізілді, ішінара ұтымды түрлендіру (жаңашылдық белгілерімен) жүргізілді. Нәтижелердің жаңашылдығын библиографиялық базалардың алғашқы үш квартиліндегі халықаралық ғылыми журналда (жобаның жеке тіркеу нөмірін көрсете отырып) кемінде бір мақаламен расталды. |
|||
(0-3 балл) Нәтиже қарапайым жалпылау, факторлардың байланысын талдау, жаңа объектілерге белгілі қағидаттарды тарату негізінде алынды. Жекелеген факторларға, бұрын алынған нәтижелердің таралуына сипаттама, реферативтік шолулар берілді. |
|||
2. |
Ғылыми пысықталу деңгейі |
|
(7-9 балл) Күрделі теориялық есептеулерді орындау, кейіннен статистикалық өңдей отырып, бірнеше параллельдерде эксперименттік деректердің үлкен көлемінде тексеру. |
(4-6 балл) Есептеулердің жоғары емес күрделілігі, эксперименттік деректердің аз көлемде тексеру. |
|||
(0-3 балл) Теориялық есептеулер қарапайым, эксперимент жүргізілген жоқ. |
|||
3. |
Нәтижелерді пайдаланудың перспективалылығы |
|
(7-9 балл) Жоба нәтижелері көптеген ғылыми бағыттарда қолданыс таба алады, әлемдік ғылым үшін өте маңызды, ол библиографиялық базалардың бірінші квартиліндегі халықаралық ғылыми журналда (жобаның жеке тіркеу нөмірін көрсете отырып), кемінде бір мақаламен расталған. Коммерциялық әлеуеті бар: нәтижелерді коммерцияландырған жағдайда бәсекеге қабілетті тауар өнімін, процестерді немесе көрсетілетін қызметтерді шығаруға болады. |
(4-6 балл) Алынған нәтижелердің Қазақстанның басым ғылыми бағыттары үшін маңызы бар, библиографиялық базалардың алғашқы үш квартиліндегі халықаралық ғылыми журналда (жобаның жеке тіркеу нөмірін көрсете отырып) кемінде бір мақаламен расталған. Нәтижелер жаңа техникалық шешімдерді әзірлеу кезінде пайдаланылуы мүмкін, Қазақстанда практикаға, өндіріске енгізу үшін әлеуетке ие. |
|||
(0-3 балл) Нәтижелер кейінгі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін. |
|||
4. |
Нәтижелердің аяқталғандығы |
|
(7-9 балл) Зерттеу нәтижелері халықаралық жетекші дәйексөз алу жүйелерінде (библиографиялық базаларда) индекстелетін халықаралық рецензияланатын ғылыми басылымдарда жобаның жеке тіркеу нөмірін көрсете отырып жарияланды. Мақалалардың саны мен журналдардың деңгейі жобаға өтінімде жоспарланғанға сәйкес келеді. Нәтижелер зияткерлік меншік құқығымен қорғалған. |
(4-6 балл) Ұсынымдар, егжей-тегжейлі талдау, ұсыныстар берілді. Шетелдік рецензияланатын ғылыми басылымдарда жарияланған, жетекші библиографиялық базалардың бірінде индекстелетін, жобаның жеке тіркеу нөмірі, сондай-ақ олар жарияланған журналдардың деңгейі көрсетілген мақалалар саны жобаға өтінімде жоспарланғаннан аз. Тәжірибелік-конструкторлық жұмысқа арналған техникалық тапсырма бар. |
|||
(0-3 балл) Ақпаратқа шолу, жинақтау жүргізілген, жетекші библиографиялық базалардың бірінде индекстелетін шетелдік рецензияланатын ғылыми басылымдарда мақалалар жарияланбаған. |
|||
Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балдардың қосындысы) |
|
||
Мықты тұстары |
|
||
Әлсіз тұстары |
|
Сарапшының Т.А.Ә. (бар болса) ________________________________
Кешенді/комиссиялық сараптама үшін
Сараптамалық топтың төрағасы _____________________
Сараптамалық топтың хатшысы_____________________
Сараптамалық топтың мүшелері_____________________
Толтырылған күні _________________________________
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 8-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған жұмыс бойынша сарапшының қорытындысы ________________________________________ (МҒТС объектісінің атауы)
Бағалау өлшемшарттарының атауы |
Балл (1-ден 9-ға дейін) |
Сарапшы/сараптамалық топ түсініктемелері |
|
1. |
Алынған әлемдік деңгейдегі нәтижелердің ғылыми жаңашылдық дәрежесі, жүргізілген зерттеулердің өзектілігі |
|
|
2. |
Ғылыми зерттеулер үшін қолданылатын әдіснаманы бағалау |
|
|
3. |
Зерттеудің негізгі нәтижелерінің ғылыми және практикалық маңыздылығын бағалау |
|
|
4. |
Жұмыстың ғылым мен техниканың дамуына қосар үлесін бағалау |
|
|
5. |
Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балдардың қосындысы) |
|
|
Мықты тұстары |
|
|
|
Әлсіз тұстары |
|
|
Сарапшының Т.А.Ә. (бар болса) _____________________________
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 9-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылатын жұмыстарға, аралық есептерге және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасына арналған сараптамалық бағалау жүйесі
Шекті бағалау |
Балл |
Бағалау |
Мықты және әлсіз тұстарын көрсетіп, бағалауды сипаттау |
Жоғары |
9 |
Ерекше |
Әлсіз тұстары жоқ |
|
8 |
Біртуар |
Елеусіз әлсіз тұстары бар |
|
7 |
Үздік |
Кейбір елеусіз әлсіз тұстары бар |
Орташа |
6 |
Өте жақсы |
Елеусіз әлсіз тұстары көп |
|
5 |
Жақсы |
Кейбір мықты тұстары және орынды әлсіз тұстары бар |
|
4 |
Қанағаттанарлық |
Кейбір мықты тұстары, бірақ маңызды бір әлсіз тұсы бар |
Төмен |
3 |
Әлсіз |
Мықты тұстары аз және әлсіз тұстары көп |
|
2 |
Қанағаттанғысыз |
Мықты тұстары жоқ және маңызды әлсіз тұстары бар |
|
1 |
Мүлдем қанағаттанғысыз |
Мықты тұстары жоқ |
|
0 |
|
Жоқ |
________________________________________________
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 10-қосымша
Нысан
«______________________________» жобасы бойынша технологиялық сараптаманың сараптамалық (кешенді) қорытындысы
Р/с № |
Бағалау өлшемшарттарының атауы |
Балдар (1-ден 9-ға дейін) |
Сарапшының түсіндірмесі (барлық өлшемшарттар бойынша кемінде 500 сөз) |
1. Өзектілігі |
|||
1.1 |
Әлемдік экономика үшін жобаны іске асыру маңыздылығының дәрежесін бағалау |
|
|
1.2 |
Ұлттық экономика үшін жобаны іске асыру маңыздылығының дәрежесін бағалау |
|
|
1.3 |
ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының ғылыми-техникалық прогресстің үрдістері мен басымдықтарына сәйкестігін бағалау |
|
|
1-өлшемшарт бойынша орташа балл |
|
||
2. Жобаның ғылыми-техникалық әлеуеті |
|||
2.1 |
Жобаның ғылыми-техникалық жаңашылдығының, перспективалылығының, әзірлену дәрежесі |
|
|
2.2 |
Өнімді (көрсетілген қызметті) нарықтағы аналогтарымен салыстырмалы бағалау |
|
|
2.3 |
Жобада қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін іс-шаралардың технологиялық (техникалық) іске асырылуы |
|
|
2-өлшемшарт бойынша орташа балл |
|
||
3. Жобаның коммерцияландыруға даярлығы |
|||
3.1 |
ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасының мақсатына жоспарланатын іс-шаралар арқылы қол жеткізу мүмкіндіктерін бағалау |
|
|
3.2 |
Жобаны іске асыру үшін команданың құзыреттілігінің жеткіліктілігі |
|
|
3.3 |
Жобаны іске асыру жоспарланатын материалдық-техникалық базаны бағалау |
|
|
3-өлшемшарт бойынша орташа балл |
|
||
4. Техникалық және өндірістік тәуекелділіктің бағасы |
|||
4.1 |
Техникалық іске асырудың мүмкін еместігін қоса алғанда, техникалық/технологиялық шешімді енгізумен байланысты техникалық тәуекелдер |
|
|
4.2 |
Қажетті шикізат базасының болмауын, экологиялық проблемаларды анықтауды қоса алғанда, өндірісті ұйымдастырумен байланысты өндірістік тәуекелдер |
|
|
4-өлшемшарт бойынша орташа балл |
|
||
Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша орташа балдардың қосындысы) |
|
||
Мықты тұстары |
|
||
Әлсіз тұстары |
|
Сарапшының Т.А.Ә. (бар болса) ___________________
Сараптаманың мерзімі ___________________________
______________________________
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 11-қосымша
Нысан
«____________________________________» жобасы бойынша экономикалық (маркетингтік) сараптаманың сараптамалық (кешенді) қорытындысы
№ |
Бағалау өлшемшарттарының атауы |
Балдар (1-ден 9-ға дейін) |
Сарапшының түсіндірмесі (барлық өлшемшарттар бойынша кемінде 500 сөз) |
1. Маркетингтік зерттеулер |
|||
1.1 |
Коммерцияландыруға ұсынылатын ҒҒТҚН-ды бизнестің қажет етуі |
|
|
1.2 |
Өнімді/көрсетілетін қызметті мүдделі әлеуетті тұтынушылардың бар болуы |
|
|
1.3 |
Географиялық, секторалдық және басқа да белгілер бойынша сәйкестендірілген өнімді/көрсетілетін қызметті сату үшін мақсатты нарықтың пысықталу сапасы |
|
|
1.4 |
Нарық көлемі бойынша расталған деректердің бар болуы (Қазақстан мен әлемдік нарық шегінде) |
|
|
1.5 |
Өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің қолданыстағы аналогтармен салыстырғандағы бәсекелестік артықшылықтары |
|
|
1-өлшемшарт бойынша орташа балл |
|
||
2. Жобаның экономикалық көрсеткіштері |
|||
2.1 |
Жобаның бизнес-үлгісін бағалау |
|
|
2.2 |
Ұсынылған экономикалық көрсеткіштердің негізделуі, оның ішінде ұсынылатын өнімнің/ көрсетілетін қызметтің өзіндік құны мен өткізу бағасының негізделуі |
|
|
2.3 |
Ұсынылатын команда мүшелерінің санын тарту негізділігі |
|
|
2.4 |
Шикізаттың, материалдардың және басқалардың қолжетімділігі |
|
|
2-өлшемшарт бойынша орташа балл |
|
||
3. Жобаны іске асырудың қаржылық жоспары |
|||
3.1 |
Жобаға сұрау салынатын қаржыландыру көлемінің негізділігі |
|
|
3.2 |
Жобаны іске асыру бойынша шығыстар сметасын бағалау |
|
|
3-өлшемшарт бойынша орташа балл |
|
||
4. Қоса қаржыландырудың бар болуы |
|||
4.1 |
Қоса қаржыландырудың бар болуы (әрбір 3 % қоса қаржыландыруға 1 балл қойылады, оның ішінде ең жоғары балл – 9 |
|
|
4-өлшемшарт бойынша орташа балл |
|
||
Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша орташа балдардың қосындысы) |
|
||
Мықты тұстары |
|
||
Әлсіз тұстары |
|
||
Жобаны қаржыландыруға ұсынылатын сома |
|
Сарапшының Т.А.Ә. (бар болса) ___________________
Сараптаманың күні___________________________
__________________________
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 12-қосымша
Нысан
_________________________________ жобасы бойынша сараптаманың жиынтық қорытындысы
№ |
Бағалау өлшемшарттарының атауы |
Орташа балдар (1-ден 9-ға дейін) |
Сарапшылардың түсініктемелері |
|
1-сарапшы |
2-сарапшы |
|||
1. |
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
3. |
|
|
|
|
4. |
|
|
|
|
5. |
|
|
|
|
6. |
|
|
|
|
7. |
|
|
|
|
8. |
|
|
|
|
Мықты тұстары |
|
|
||
Әлсіз тұстары |
|
|
||
Жобаны қаржыландыруға ұсынылатын сома |
|
|
||
Қорытынды балл (бағалау өлшемшарттары бойынша балдардың қосындысы) |
|
|
Ұйымдастырушы _____________________________
Сараптаманың күні __________________
____________________________