Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысы
Редакция 19.02.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 104-бабының 1-тармағына және 7-тармағының 8) тармақшасына, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Cұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар:
1) мынадай ұйымдардың/объектілердің:
қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер);
халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің, оның ішінде базарлардың, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің;
мәдениет және демалыс объектілерінің (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);
халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар);
жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, өзен және теңіз порттарының, автостанциялар/автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің;
білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың;
санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);
қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит-фудтардың;
барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);
денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың;
тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары);
экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың;
демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);
байланыс және телекоммуникация объектілерінің COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмыскерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеуді;
2) осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда және COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 ай ішінде қоспағанда) (7 күнде 1 рет) ПТР әдісімен COVID-19-ға міндетті түрде тестілеуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасына енгізілмеген ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеу туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі өңірлік жедел штабтар қабылдайды.
2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, ұйымдардың басшылары, Қазақстан Республикасының аумағында осы қаулының 5-тармағында белгіленген салалардағы қызметті жүзеге асыратын, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар:
1) профилактикалық егулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциясының профилактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтсін;
2) COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектесін.
3. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар:
1) COVID-19-бен ауыратын пациенттерді диагностикалауға және медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, шығыс материалдарының, тест-жүйелердің, диагностикумдардың азаймайтын қорын;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін.
Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты немесе соңғы 3 айдың ішінде COVID-19-бен ауырып жазылғаны туралы құжатты ұсынған кезде әлеуетті ата-аналардың жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруына рұқсат етіледі.
Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы теріс нәтижесі бар құжатты немесе ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты немесе соңғы 3 айдың ішінде COVID-19-бен ауырып жазылғаны туралы құжатты ұсынған кезде келушілердің, ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар) баруына рұқсат етіледі;
4) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, бизнес-орталықтарына және басқа да кеңселерге қойылатын талаптарды сақтауды;
5) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлуді және жұмыс режимін сақтауды;
6) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмін сақтауды;
7) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату алгоритмін сақтауды;
8) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес өнімді көтерме және бөлшектеп сату (сақтау) объектілеріне қойылатын талаптарды сақтауды;
9) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес автосалондардың, автомобильдің қосалқы бөлшектері дүкендерінің және техникалық қызмет көрсету (вулканизация, автожуу) станцияларының қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;
10) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау, кір жуу орындары, ұйымдастыру техникасын жөндеу) қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;
11) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес халық үшін фитнес қызметін көрсету бойынша объектілердің, спорт кешендерінің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;
12) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес мәдениет объектілеріне қойылатын талаптарды сақтауды;
13) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету (типографиялық қызмет көрсететін объектілер, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі) бойынша объектілердің және өзге де объектілердің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;
14) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілерге (қонақүйлер, отельдер) қойылатын талаптарды сақтауды;
15) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің жұмыс алгоритмін сақтауды;
16) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес су көлігі (катерлер, кемелер, теплоходтар, паромдар және басқалары) мен теңіз порттарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;
17) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес тұрақты жолаушылар тасымалын (жолаушылар мен багаж тасымалының автомобиль, теміржол электр жылжымалы құрамдары (метрополитен)) жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысына қойылатын талаптарды сақтауды;
18) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы дала жұмыстарына, табиғат қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларына тартылған ұйымдар мен жұмыскерлердің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;
19) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес СПА және массаж салондарының,моншалардың, сауналардың, бассейндердің, жағажайлардың қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;
20) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес санаториялық-курорттық мақсаттағы объектілерге, демалыс үйлеріне қойылатын талаптарды сақтауды;
21) осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес балаларды сауықтыру лагерьлерінің (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) қызмет алгоритмін сақтауды;
22) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес діни объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды;