• Мое избранное

Отправить по почте

2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысы

Редакция 19.02.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 1-тармағына сәйкес барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу және Қазақстан Республикасының Үкіметі отырысының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 25 хаттамасының 3.2-тармағын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілсін.
2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшылары:
1) 2021-2022 оқу жылында штаттық форматта барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында мынадай:
- осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшалардың талаптарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау;
- педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда);
- ұйымға кіру кезінде «Ashyq» қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу);
- маска режимін сақтау;
- рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету;
- үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;
- үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;
- педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия);
- бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);
- мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;
- зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау;
- бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) жағдайларында оқытуды;
2) асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларын қамтамасыз ете отырып, тамақтануды ұйымдастыруды бақылауды күшейтуді;
3) бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинация алған (18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып сауыққан студенттерді жатақханаға орналастыруға жол беріледі) студенттерді жатақханаға орналастыруды;
4) оқу орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде (жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын қоса алғанда) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (екінші компонентпен) аяқтамаған студенттерге вакцинация жүргізуді ұйымдастыруды;
5) шетелдік студенттерді:
- тұрғылықты елдің уәкілетті органымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей ПТР әдісімен алынған COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтиже бар болған жағдайда күндізгі оқу форматына жіберуді;
6) (қол қойылған хабардар етілген келісімі болған кезде рұқсат етілетін, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19-мен ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда) медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының білім алушыларына клиникалық базаларға, резидентура базаларына, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларына, университет ауруханасына, интеграцияланған академиялық медициналық орталыққа вакцинациялау паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы бар болған кезде  кіруіне рұқсат етуді;
7) педагогтарға, персоналға, ата-аналарға (заңды өкілдерге), келушілерге, студенттерге мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, интернаттар мен жатақханаларды, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда жоғары оқу орындарына QR-код (check-in) бойынша «Ashyq» қосымшасы арқылы, оның ішінде басқа платформалар (мысалы, EGOV mobile, Аitu,Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, сайт www.ashyq.kz платформасындағы аналог) арқылы тіркелу кезінде кіруге рұқсат етуді қамтамасыз етсін;  
8) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда, жоғары оқу орындарына:
- респираторлық инфекция белгілері бар адамдарға (жөтел, мұрынның бітелуі, дене температурасы 37 градустан жоғары);
- QR-код бойынша тіркеу кезінде «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдарға («Птр-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерінде тіркелген, COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар, «инфекция жұқтырған» мәртебесі бар пациент ретінде немесе COVID-19-бен ауыратын пациентпен байланыс ретінде;
- COVID-19-ға қарсы вакцинациясы жоқ педагогтар мен персоналға (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда) кіруге рұқсат етілмейді.
3. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері:
1) Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына 35-қосымшаның талапатарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында, колледждерде және жоғары оқу орындарында карантинді енгізудің сараланған тәсілін;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 18.02.2022 жылғы № 11 Қаулысына сәйкес (02.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен келісу бойынша барлық білім алушыларды қашықтықтан оқыту форматына ауыстыра отырып, орта орта білім беру ұйымдарына, колледжге, жоғары оқу орнына карантин енгізу мәселесін шешуді;
3) оқу процесі басталар алдында барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге және жоғары оқу орындарына осы қаулыда көзделген санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге қаулылар шығаруды;
4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарын білім беру ұйымдарының білім алушылары, педагогтары мен персоналы арасында COVID-19 ауруы жағдайы туралы уақтылы хабардар етуге (шұғыл хабарлама/ақпарат алған кезден бастап 24 сағат ішінде), сондай-ақ олардың арасында COVID-19 ауруымен ауыратындарға жақын қарым-қатынас жасайтын адамдарды анықтауға:
- осы білім беру ұйымына қызмет көрсететін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымына;
- білім беру басқармасына;
- білім беру ұйымдарына жауапты етіп айқындауды қамтамасыз етсін.
4. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттері:
1) орта білім беру ұйымдарында, колледждерде және жоғары оқу орындарында карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. Бұзушылықтар анықталған кезде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдануды;
2) білім беру ұйымдарында COVID-19 ауруымен ауыратын білім алушылардың, педагогтардың және білім беру ұйымдарының персоналының, сондай-ақ COVID-19 ауруымен ауыратындарға жақын қарым-қатынас қатарындағы адамдардың білім беру ұйымдарына кіруіне жол бермеу жөніндегі шараларды дереу (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінен ақпарат алғаннан кейін) қабылдауды қамтмасыз етсін;
3) тәрбиеленушілер, білім алушылар, педагогтар және білім беру ұйымдарының персоналы арасында COVID-19 ауруы жағдайлары және байланыста болғандар туралы ақпарат алмасу үшін білім  беру басқармалары мен білім беру ұйымдарында жауапты адамдарды айқындасын.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері, Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері шетелдік студенттерге:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 02.09.2021 жылғы № 38 Қаулысына сәйкес (25.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
- «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысына 3-қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілері бойынша Мажарстан, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы және Молдова Республикасының уәкілетті органы берген вакцинация паспортымен/сертификатымен/анықтамасымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялау;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде алған кезден бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағына келуге рұқсат етсін.
6. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы»
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына 14, 19, 46 және 47-қосымшалардың күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
8. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е. Қиясов
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 25 тамыздағы
№ 36 қаулысына
1-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде орта білім беру ұйымдарының, колледждердің және жоғары оқу орындарының, интернаттардың және жатақханалардың жұмысына қойылатын талаптар
Жалпы ережелер
1. Білім беру ұйымдарында:  
1) жауапты жұмыскерлер барлық педагогтарға, персонал мен білім алушыларға (байланыссыз термометрмен термометрия, қолды антисептикпен өңдеу) жүргізеді;
2) жүріп-тұру, оның ішінде баспалдақпен көтерілу «бір жақты қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбаланады;
3) кезекте қашықтықты қамтамасыз ету үшін кірер алдында асфальтқа таңба қойылады;
4) жалпы, білім беру объектісінің үй-жайларында да, ғимаратында да қашықтықты сақтау үшін сигналдық белгілер қойылады.  
2. Сабақ режимі және жұмыс орнын ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес жүргізіледі:
1) сабақтар арасындағы үзіліс уақыты бастауыш, орта және жоғары сыныптарда білім алушыларының барынша ажырауын қамтамасыз етуді ескере отырып белгіленеді;
2) зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда кабинеттік жүйе алып тасталады;
3) «бір сынып – бір кабинет» қағидаты сақталады;
4) үй-жайларды толтырудың жобалық қуаты сақталады;
5) спорттық іс-шаралар таза ауада, жылдың салқын мезгілінде желдету және ылғалды жинау режимі сақтала отырып, спорт залдарында өткізіледі.
3. Білім беру ұйымдарында эпидемияға қарсы мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) педагогтардың, персонал мен білім алушылардың маска кию режимі сақталады;
2) әр қабатта қолжетімді жерлерде  және санитариялық тораптарда білім алушылар, педагогтар, қызметкерлер қолдарын өңдеуі үшін тері антисептигі бар санитайзерлер, лас маскаларды жинауға арналған таңбаланған сыйымдылықтар (урналар) орнатылады;
3) санитариялық тораптарда білім алушылар, педагогтар және қызметкерлер үшін дозаторлардағы сабынның, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қамтамасыз етіледі;
4) жинау жиілігі артады (тұтқаларды, таяныштарды, басқа жанасатын беттердің тұтқаларын қосымша өңдеу);
5) білім алушылардың объект аумағында, дәліздерде, үй-жайда жүріп-тұруы кезінде кемінде қашықтық сақталады;
6) білім алушылар, педагогтар және  персонал арасында айына кемінде 1 рет жеке (өндірістік) гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқама және олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау (педагогтар мен қызметкерлер арасында нұсқама өткізу күнін журналда белгілей отырып) жүргізіледі;
7) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамдар тағайындалады (температураны байланыссыз термометрмен өлшеу, білім алушыларға, педагогтареға, өндірістік оқыту шеберлеріне және қызметкерлерге санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқама беру, нұсқама өткізу журналын жүргізу);
8) техникалық персоналға жеке қорғаныш құралдарын (маскаларды, қолғаптарды) кию және уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау және дозаторларды уақтылы толтыру, үй-жайларды, жабдықтар мен мүкәммалды жинау және өңдеу бойынша нұсқама жүргізіледі;
9) жыл мезгілін ескере отырып, оқу, жаттығу, өзге де ұйымдастыру процестері мен жұмыс режимі кестесіне сәйкес ауаны залалсыздандыру жөніндегі жабдықтарды (рецеркуляторлар) пайдалана отырып, ауаны тұрақты зарарсыздандыру және (немесе) үй-жайларды желдету;
10) профилактикалық қарап-тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі;
11) қажетті жабдық және медициналық дәрі-дәрмектер бар (термометрлер, шпатель, маскалар) медициналық кабинеттер мен изоляторлар (ауырған адамдар анықталған жағдайларға оқшаулау, қағаз немесе электрондық тасығышта тіркей отырып, температураны күн сайын өлшеу, дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция (жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар адамдарды анықтау үшін) жұмыс істейді;
12) ауысымдар мен кіші ауысымдарды арттыру, білім беру ұйымдарында аралас форматта оқытуды ұйымдастыру кезінде дененің жанасуын азайту жүргізіледі.
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 18.02.2022 жылғы № 11 Қаулысымен (02.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы оқу процесінің форматы (штаттық, аралас, қашықтықтан) ведомствоаралық комиссияның шешімімен және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалады.
6. Білім беру ұйымдарында оқытуды штаттық және аралас форматта ұйымдастыру кезінде физикалық байланыстардың қысқаруымен ауысымдар мен кіші ауысымдардың саны артады.
7. Сырқаттанушылықтың тұрақты өсуі кезінде Кодекстің 38 және 104-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22833 болып тіркелген) бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының ережелеріне сәйкес  шығарылған Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен мынадай:
1 ) білім беру объектілері үй-жайларының толымдылығына (адамдардың кабинеттерде, корпустарда, аудиторияларда, спорт, акт залдарында, сыныптарда, топтарда, асханаларда бір мезгілде болуы);
2) білім алушылар контингентіне, педагогтерге және персоналға;
3) көпшілік пайдаланатын орындарды пайдалануды шектеуге (оқу залдары, спорт және акт залдары);
4) интернаттар мен жатақханалардың толымдылығына қойылатын шектеу шаралары айқындалады.
8. Инфекциялық аурулар белгілері бар білім алушылар, педагогтар мен персонал көрсетілген белгілер анықталған сәттен бастап жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін не ата-аналары (заңды өкілдері) келгенге дейін дереу оқшауланады немесе үй жағдайында өздігінен оқшаулауды жүзеге асырады.
9. Білім алушыларды білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне жеткізуді ұйымдастыру кезінде жүргізушілер қолдарын өңдеуге арналған антисептикпен және оларды қажетті жиілікпен міндетті түрде ауыстыра отырып, қорғау құралдарымен (маскамен) жабдықталады, сондай-ақ әрбір рейс алдында кейіннен желдете отырып, автокөлік салонын дезинфекциялауды жүргізу қамтамасыз етіледі.
10. Көлік құралының салонында білім алушылар, педагогтар, персонал және көлік құралының жүргізушісі маска кию режимін сақтайды.
11. Білім беру ұйымдарында ауыз су режимін сақтау қамтамасыз етіледі.
Ауыз су, оның ішінде ыдыстарға (графиндерге, шәйнектерге, шағын бактарға) құйылған немесе бөтелкеге құйылған су қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.
Жеке ыдысты пайдалануға рұқсат етіледі. Ішу үшін таза ыдыс қолданылады. Қайнатылған ауыз суды үш сағаттан аспайтын уақыт сақталған жағдайда пайдалануға жол беріледі.
Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объект басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектіде болған барлық уақыты ішінде ауыз суға еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
2. Дезинфекциялау режиміне және үй-жайларды жинауға қойылатын талаптар
12. Білім беру ұйымының әкімшілігі үй-жайларды жинауға, білім алушылардың, педагогтер мен персоналдың қолын өңдеуге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бір айлық) қорын қамтамасыз етеді.
13. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарға рұқсат етіледі. Дезинфекциялау құралдары оларға қоса берілген вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимдері көрсетілген нұсқаулықты қатаң сақтаған кезде қолданылады.
14. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстағы заттаңба дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңі бойы сақталады, бөгде адамдарға берілмейді және қараусыз қалдырылмайды.
15. Үй-жайларды үнемі желдету оқу, жаттығу, басқа ұйымдастырушылық процестер мен жұмыс режимінің кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Сыныптардың, фойелердің және дәліздердің үй-жайларының ауасын залалсыздандыру ауаны зарарсыздандыруға арналған жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтай отырып жүргізіледі.
16. Жанасатын масканы (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, баспалдақ марштарын, кабинеттерді, аудиторияларды, ортақ пайдаланылатын орындарды (спорт, акт залдары, кітапханалар, киім ілетін орындар, асхана, санитариялық тораптар, себезгі және тұрмыстық бөлмелер және т.б.) вирулицидті әсер ететін дезинфекциялау құралдарымен міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау күніне кемінде 2 рет жүргізіледі.
17. Үй-жайларды күрделі жинау аптасына кемінде 1 рет жүргізіледі.
18. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда өңделуі және сақталуы тиіс.
 3. Білім алушылардың тұру жағдайларына қойылатын талаптар
19. Білім беру ұйымдарының интернаттары мен жатақханаларында тұру санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жобалық қуатқа сәйкес жүзеге асырылады.
20. Білім беру ұйымдарының интернаттары мен жатақханаларында бос уақытты және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізу тоқтатылады, үй-жайлардың санитариялық өңделуіне және белгіленген өткізу режимінің қамтамасыз етілуіне бақылау күшейтіледі.
21. Интернаттар мен жатақханаларда бөгде адамдардың болуына жол берілмейді.
22. Интернаттың, жатақхананың әрбір қабаты жанаспайтын шашыратқыш диспенсерлермен немесе оларды қосымша құю үшін дезинфекциялау ерітіндісі бар санитайзерлермен жабдықталады.
23. Интернаттар мен жатақханаларда тұратын студенттер 14 күндік карантинде оқшаулауда болған уақытта тұрақты тұратын орындарға немесе өзге де орындарға шығуға жол берілмейді.
23-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 02.09.2021 жылғы № 38 Қаулысына сәйкес (25.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
24. Білім беру ұйымы жатақханадан шыққаннан кейін оралған білім алушының денсаулық жағдайына оралған күнінен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде мониторинг жүргізеді.
25. Интернаттарда, жатақханаларда мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:
1) білім алушылардың дене температурасының жоғарылауы немесе жіті респираторлық вирустық инфекцияның өзге де белгілері (жөтел, мұрынның бітелуі, дене температурасы Цельсий бойынша 37 градустан жоғары) жағдайлары журналда тіркеледі;
2) тәуекел топтарын ескере отырып, созылмалы аурулары бар білім берушілерге ерекше бақылау қамтамасыз етіледі.
4. Жекелеген оқу орындарында болу режиміне және сабақтарға қойылатын талаптар білім беру ұйымдарында
26. Ерекше білім беру қажет етілетін балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарда (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жетім балаларға арналған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарында, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда, жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда және басқаларында мынадай:
1) білім алушылардың мектеп-интернатта тұруы үшін бір мезгілде келуі;
2) білім беру ұйымдары үшін белгіленген тәртіппен ауысымға түсетін педагог қызметкерлердің денсаулық жағдайын бақылау;
3) ауысымдарды және кіші ауысымдарды арттыру, дененің жанасуын азайту талаптары сақталады.
27. Арнайы білім беру ұйымдарында (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (бұдан әрі – ПМПК), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі – ППТК), оңалту орталықтарында сабақтар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жеке кесте бойынша штаттық режимде өткізіледі.
28. ППТК-да ерекше білім беру қажет етілетін балалармен психологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастыру белгіленген оқу жүктемесіне, жеке және кіші бағдарламаларға, жеке кестеге және бірнеше ауысымдағы сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
29. Ерекше білім беру қажет етілетін балалармен оқу-дамыту және психологиялық-педагогикалық процесс белгіленген оқу жүктемесіне, жеке, кіші топтық және топтық бағдарламаларға, жеке кесте мен сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
30. Емдік дене шынықтыру ата-аналар (заңды өкілдер) мен педагог (1-1,5 м) арасындағы қашықтықты сақтай отырып, маска кию режимін сақтай отырып, сабаққа ата-аналардың (заңды өкілдердің) рұқсатымен залда өткізіледі.
31. Физио-ем-шараларды, массажды жүргізу кезінде бөлмеде 2-ден аспайтын баланың болуы кушеткалар арасындағы қашықтықты сақтай отырып шектеледі. Физио-ем-шаралар және массаж кушеткалар арасындағы қашықтықты сақтай отырып, үй-жайларды 1 балаға 4 ш.м. толтырған кезде жүргізілуі мүмкін. Балаға медициналық ем-шаралар маска кию режимін сақтай отырып жүргізіледі.
32. ПМПК балаларды консультацияға алдын ала жазу бойынша қызметті жүзеге асырады.
33. Қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесі штаттық режимде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.
Контингент, кесте, жұмыс кестесі ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.
34. Топтар бір адамға 4 ш.м. есебінен білім алушылар арасындағы қашықтықты сақтау шартымен құрылады.
35. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған жекелеген білім беру ұйымдарына да осы қаулының жалпы талаптары қолданылады.
5. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарында сабақ режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
36. Ұйымдарда мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:
1) ағынды аудиторияларды, кітапханаларды өңдеу дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинау және кейіннен желдету арқылы күніне кемінде 2 рет жүргізіледі;
2) корпус (корпустар) ішінде қосымша өткізу режимін болжайтын аймақтарға бөлу жүйесі енгізіледі;
3) зертханалық, практикалық сабақтар 1 білім алушыға кемінде 4 м2 қамтамасыз ете отырып жүргізіледі;
4) қажет болған жағдайда оқу процесінде пайдаланылатын жұмыс орындарында, зертханаларда, аудиторияларда мөлдір қалқаларды орнату көзделеді;
5) кітапханалардағы оқу залдары үстелдер арасындағы қашықтықты қамтамасыз ете отырып жұмыс істейді.
37. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары және жоғары білім беру орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарына осы қаулының жалпы талаптары қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 25 тамыздағы
№ 36 қаулысына
2-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Білім алушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану объектілерінде мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:
1) білім беру объектісінің ғимаратынан оқшауланған кірнетін орын болған жағдайда асханаға кіретін жерде «Ashyq» қосымшасын енгізу қамтамасыз етіледі (асхана персоналының, өнім берушілердің және асхана қызметімен байланысты басқа да адамдардың (білім алушыларды, педагогтерді және білім беру ұйымының персоналын қоспағанда) QR-код (check-in) бойынша тіркелуі);
2) асхана персоналының QR-код (check-in) бойынша «Ashyq» қосымшасы арқылы, оның ішінде басқа да платформалар арқылы кіруі (мысалы, еGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты);
3) байланыссыз термометрия жүргізе отырып және дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция белгілері (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) бар адамдарды міндетті түрде оқшаулай отырып, персоналдың күн сайынғы «кіру сүзгісі» (білім беру объектісінің ғимаратынан оқшауланған кіретін орын болған жағдайда);
4) персоналды 100% вакцинациялау (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сауыққаннан кейін 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда);
5) өндірістік процестермен байланысты жұмыстарды (технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету, шикізат пен өнімді жеткізу) орындайтын адамдарды қоспағанда, асхана қызметіне байланысты емес адамдардың кіруін шектеу;
6) көпшілік пайдаланатын орындарда (өндірістік үй-жайлар, санитариялық тораптар) қолды сабынмен жууға арналған қолжуғыштар (оның ішінде қабырғалық дозаторлармен жабдықталған), қолды тері антисептигімен өңдеуге арналған дозаторлар, жеке қағаз сүлгілер немесе электр сүлгілер, аяқ педалі бар қоқыс контейнерлері;  
7) персоналды келушілермен жұмыс істеу кезінде пайдалануға арналған маскалар қорымен, қолды өңдейтін дезинфекциялық сулықтармен немесе тері антисептиктерімен, қолғаптармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету (жұмыс ауысымының ұзақтығына және 3 сағатта кемінде 1 рет маскаларды ауыстыруға қарай). Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануға, сондай-ақ ылғалданған маскаларды пайдалануға жол берілмейді.
2. Асханаға кіре берісте және тамақтану залында қол жууға арналған жағдайлар, келушілердің қолын өңдеуге арналған тері антисептиктері көзделеді, олар көрінетін және қолжетімді жерлерде орнатылады.
3. Арасында кемінде 1,5 метр қашықтық сақтала отырып, 5 адамнан артық кезек құрылмайды.
4. Асхана тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатына сәйкес толтырылады.
5. Отырғызу төменгі сынып оқушыларының басқа білім алушылармен байланысын азайту мақсатында, сондай-ақ әр түрлі сыныптар (топтар, курстар) арасында кемінде 2 м қашықтықты сақтай отырып қамтамасыз етіледі.
6. Асхана персоналы (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да персонал) келушілерге қолды жиі өңдей отырып, бір рет қолданылатын маскалармен (маскаларды 3 сағатта кемінде 1 рет ауыстыру) қызмет көрсетеді.
7. Асханаларда өзіне-өзі қызмет көрсету түрі бойынша тарату жүргізілмейді.
8. Келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгі қою, қоршаулар мен тосқауыл таспаларын салу жолымен қашықтықты сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу, кіретін және шығатын адамдардың қозғалыс ағынын бөлу мүмкіндігін көздеу қамтамасыз етіледі.
9. Асханаларда карантиндік шараларды сақтау мүмкін болмаған кезде, қол гигиенасын сақтау үшін жағдайлар болған кезде тамақты сыныптарға бір рет қолданылатын ыдыста не көп рет қолданылатын ланч-бокстарда жеткізу ұйымдастырылады.
Тиісті алаң бар болған кеде білім беру ұйымдарының ғимарат карантиндік шараларды сақтай отырып, тамақ ішуге арналған қосымша отырғызу орындарымен жабдықталады.
10. Буфет өнімдерін сату жеке қаптамада жүзеге асырылады.
11. Асхананың жұмыс режимі тамақтану залын жинау және дезинфекциялау үшін тамақтану аяқталғаннан кейін (ағындар арасында) кемінде 20 минут үзіліспен мектеп әкімшілігінің келісімі бойынша белгіленеді.
12. Білім беру ұйымының ғимаратында тиісті алаңдар болған кезде тамақ ішуге арналған қосымша отырғызу орындары жабдықталады.
13. Бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу мақсатында асхана тек оқушыларға, педагогтар құрамына және білім беру объектісінің қызметкерлеріне қызмет көрсетеді.
14. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ететін жауапты қызметкер бекітіледі.
2. Дезинфекциялау режиміне және үй-жайларды жинауға қойылатын талаптар
15. Объектінің әкімшілігі ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және баптау жүйелеріне (тазарту, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және т.б.) тексеру жүргізеді. Барлық үй-жайларды желдету күніне кемінде 3 рет жүргізіледі.
16. Желдету және ауаны баптау жүйесін тазарту және дезинфекциялау жоспарлы профилактикалық жұмыстар кестесіне сәйкес жүргізіледі.
17. Тамақтану залында ауа рециркуляторларын орнату қамтамасыз етіледі.
18. Білім беру ұйымының әкімшілігі үй-жайларды жинауға, білім алушылардың, педагогтар мен персоналдың қолын өңдеуге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бір айлық) қорын қамтамасыз етеді.
19. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі. Дезинфекциялау құралдары оларға қоса берілген вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимдері көрсетілген нұсқаулықты қатаң сақталып қолданылады.
20. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстағы заттаңба дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады, бөгде адамдарға берілмейді және қараусыз қалдырылмайды.
21. Дезинфекция үшін Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.
22. Дезинфекция жүргізу кезінде экспозиция уақытын (өңделетін объектінің бетінде дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің болу уақыты) және препараттың нұсқаулығына сәйкес дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің шоғырлануын қатаң сақтаған дұрыс.
23. Объектілерді дезинфекциялау мынадай жиілікпен жүргізіледі:
- тамақтану залының едендері, сауда сөрелері – күніне кемінде 2 рет таңертең және кешке, сондай-ақ қажеттілігіне қарай;
- подностар, тамақ тарату лентасы, есік тұтқалары, кассалық аппараттар, банк терминалы – күніне кемінде 2 рет;
- қоғамдық санитариялық тораптар (еден, санитариялық-техникалық жабдық, оның ішінде крандардың вентильдері, унитаз бөшкелерінің су ағызатын тетігі) – күніне кемінде 3 рет.
24. Жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, таяныштарды және т.б.) вирулицидті әсер ететін дезинфекциялау құралдарымен міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау күніне кемінде 2 рет жүргізіледі.
Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (жұмыс ауысымы 6 сағаттан артық болған кезде - әрбір 6 сағат сайын) есік тұтқаларын, таяныштарды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақ сүйеніштерін), тамақтану залына (асханаға) кіре берістегі қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету витриналарын, санитариялық тораптарды, себезгі және тұрмыстық бөлмелерді дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, үй-жайларды ылғалды жинау жүргізіледі.
25. Үй-жайларды күрделі жинау аптасына 1 реттен сиретпей  жүргізіледі.
26. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда өңделуге және сақталуға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 25 тамыздағы
№ 36 қаулысына
3-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында:
1) жауапты қызметкерлер барлық персонал мен тәрбиеленушілерге күнделікті «кіру» сүзгісін жүргізеді (байланыссыз термометрмен термометрия, ғимаратқа кіре берісте қолды антисептикпен өңдеу);  
2) объектіде жүріп-тұрудың «бір жақты қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы нұсқағыштармен, оның ішінде сатылар бойынша көтерілетін жер таңбаланады;
3) кезекте қашықтықты қамтамасыз ету үшін кіре беріс алдында асфальтқа таңба салынады;
4) үй-жайларда, сондай-ақ объектінің ғимаратында да қашықтықты сақтау үшін сигналдық белгілер салынады.
  Объектіні ашу алдында дезинфекциялау құралдарын  қолдана отырып, күрделі жинау (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың беттерін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу) жүргізіледі.
3. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:
персоналға арналған санитариялық тораптарда педагогтердің, персоналдың қолын өңдеуге арналған тері антисептигі бар санитайзерлер, лас маскаларды жинауға арналған таңбаланған сыйымдылықтар (урналар) орнатылады;
топтық санитариялық тораптарда тәрбиеленушілер үшін дозаторларда сабынның болуы, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қамтамасыз етіледі;
жинау жиілігі артады (тұтқаларды, таяныштарды, басқа жанасатын беттердің тұтқаларын қосымша өңдеу);
топтарда тәрбиеленушілердің қолдарын уақтылы жууды бақылау жүзеге асырылады;
күн сайын температураны өлшеу, дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция белгілері (жөтел, мұрынның бітелуі, Цельсий бойынша 37 градустан жоғары температура) бар адамдарды анықтау үшін, қажетті медициналық жабдықтар және дәрі-дәрмектер бар (термометрлер, қалақшалар, маскалар) медициналық кабинеттер мен изоляторлар жұмыс істейді;
айына 1 реттен сиретпей педагогтер мен персонал арасында жеке (өндірістік) гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқама және олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау (нұсқама өткізу күнін журналда белгілей отырып) жүргізіледі;
санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамдар тағайындалады (температураны байланыссыз термометрмен өлшеу, педагогтер мен персоналға санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқама беру, нұсқама өткізу журналын жүргізу);
жеке қорғаныш құралдарын кию және уақтылы ауыстыру (маска, қолғап), дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын бақылау, дозаторларды уақтылы толтыру, үй-жайларды, жабдықтар мен мүкәмаллды жинау және өңдеу бойынша персоналған нұсқама жүргізіледі;  
ауаны зарарсыздандыратын жабдықты (рециркуляторлар) пайдалана отырып, ауаны тұрақты зарарсыздандыру және (немесе) оқу, өзге де ұйымдастырушылық процестер кестесіне және жыл уақытын ескере отырып, жұмыс режиміне сәйкес үй-жайларды желдету;
профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялай отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі;
педагогтер мен персоналдың маска режимін сақтауы.
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 18.02.2022 жылғы № 11 Қаулысымен (02.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Балалардың объектіге баруы ата-ананың (заңды өкілдің) өтініш-келісімі негізінде ата-ананың (заңды өкілдің) жеке жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Сабақтар мен демалыс режимі мынадай талаптарға сәйкес жүргізіледі:
1) серуендеу мен ойын сабақтарының уақыты барынша бөлуді және топтық оқшаулауды қамтамасыз ету ескеріле отырып белгіленеді;
2) үй-жайларды толтырудың жобалық қуаты сақталады;
3) залдарды тұрақты желдету қамтамасыз етіледі (жыл уақытын ескере отырып).
Балалардың санын ескере отырып, штатта (немесе шарт бойынша) дәрігердің және (немесе) орта медицина қызметкерінің болуы қамтамасыз етіледі.
Дене шынықтыру сабақтарын және басқа да топтық сабақтарды ойнауға арналған оқшауланған алаң болмаған жағдайда көшеде өткізуге (тұрғын үй кешендерінің құрамында орналастыруға) жол берілмейді.
 Білім алушылардың білім беру ұйымына және одан кері апаруды жүзеге асырған жағдайда жүргізушілер қолды өңдеуге арналған антисептикпен және міндетті түрде талап етілетін жиілікпен ауыстырылатын  қорғаныш құралдарымен (маска) жабдықталады, сондай-ақ әр рейс алдында автокөлік салонын кейіннен желдете отырып дезинфекция жүргізу қамтамасыз етіледі.   
10.Көлік құралының салонында педагогтар, персонал және көлік құралының жүргізушісі маска режимін сақтайды.  
11.Мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдарында ауыз су режимін сақтау қамтамасыз етіледі. Ауыз су, оның ішінде ыдыстарға (графиндерге, шәйнектерге, шағын бактарға) құйылған немесе бөтелкедегі су қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.  
12.Ішу үшін таза ыдыс пайдаланылады. Қайнатылған ауыз су үш сағаттан аспайтын уақыт сақталған жағдайда, оны пайдалануға жол беріледі.
Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объекті басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектіде болған барлық уақыты ішінде ауыз суға еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
13. Есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, баспалдақ марштарын, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдаланатын орындарды (спорт, акт залдары, киім ілетін орындар, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, топтарды вирулицидті әсер ететін дезинфекциялық құралдармен күніне кемінде 2 рет ылғалды жинау.  
14. Үй-жайларды күрделі жинау аптасына 1 реттен сиретпей жүргізіледі.
15. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда өңделуге және сақталуға тиіс.
16. Дезинфекциялау құралдары дайындаушының қамтамаларында, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғы, балалардың қолы жетпейтін жерде тығыз жабылып сақталады. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу кезіндегі сақтық шаралары және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек әрбір нақты дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі нұсқаулықта жазылған.
Согласовано
25.08.2021 20:11 Рахимжанова Марал Тлеулесовна
25.08.2021 20:13 Есмагамбетова Айжан Серикбаевна
25.08.2021 20:14 Тилесова Айгуль Шарапатовна
Подписано
25.08.2021 20:23 Киясов Ерлан Ансаганович