• Мое избранное
«Ashyq» жобасын енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 05.01.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 9

«Ashyq» жобасын енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 24 қыркүйектегі 2021 жылғы № 44 қаулысы

Осы Қаулы 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 31.12.2021 № 56 Қаулысына сәйкес
Редакция 20.10.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Объектілерде «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын:
йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
спа-орталықтары;
моншалар, сауналар, бассейндер;
 PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;  
боулинг клубтары;
кинотеатрлар;
театрлар мен филармониялар;
стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
бильярд клубтары;
концерт залдары;
ерікті қатысушылар;
караоке;
көрмелер;
океанариум;
марафондар;
көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
әуежайлар;
лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
 балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;  
цирктер;
отельдер, қонақ үйлер;
халыққа қызмет көрсету орталықтары;
темір жол вокзалдары және автовокзалдар;
 (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық түлік емес) сауда үйлері,  сауда желілері;
балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);
букмекерлік конторалар;
сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен балаларды 12 жастан бастап QR-кодты сканирлеу кезенде ерікті түрде тіркеле отырып));
спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);
діни объектілер;
ойын клубтары (казино);
 «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы  
37) түнгі клубтар.
1-тармақ 37-тармақшамен толықтырылды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20.10.2021 жылғы № 47 Қаулысына сәйкес
2. Қоса беріліп отырған:
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі;
осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі;
осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары;
осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес қауіпсіз «жасыл» мәртебе бар болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметінің өлшемшарттары;  
осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:
1) объектілерде енгізу кезінде «Ashyq» жобасын техникалық қолдауды;
2) күн сайын Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне «Ashyq» ақпараттық жүйесінен «қызыл/сары» мәртебесі бар келушінің жобаға қатысатын объектіге бару фактісінің тіркелгені туралы алдыңғы күнгі мәліметтерді (жүктеп алуды) ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын және:
1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес объектілерде «Ashyq» жобасын енгізуді;
2) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жобаны іске асыруға қатысатын объектілердің тізбесін айқындауды;
3) «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алу үшін жобаға қатысушылардың тізімін айқындауды;
4) халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді;
5) тестілік режимде қатысатындарды және ерікті қатысушыларды қоса алғанда, «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпаратты, «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушылардың тізімін әкімдіктердің сайтында орналастыруды;
6) зертханалардың COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижелері бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізуін және олардың Ұлттық сараптама орталығының Бірыңғай интеграцияланған порталына (ҰСО БИП) берілуін;
7) Cаll-орталықтарды ұйымдастыру арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдауды;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және осы қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізуді;  
9) 12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балалардың сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қала аралық туристік тасымалдарға «Ashyq» қосымшасында, оның ішінде басқа платформаларда (мысалы, eGov mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк, сайт www.ashyq.kz) ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен, QR-кодты сканирлеу кезенде ерікті түрде тіркеле отырып кіруін;
10) осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптарды бұзушылықтардың профилактикасы бойынша мониторингтік топтар жұмысының тиімділігін;
11) QR-кодты өшіру үшін жобаға жосықсыз қатысушылардың ресми тізімдерін InfoКazakhstan.kz электрондық платформасына уақтылы енгізуді қамтамасыз етсін;
12) (инфекциялық төсектердің толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және төсектердің толтырылу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары болғанда) тәуекел деңгейі қауіпті аймақта эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда өңір «қоңыр қызыл» аймаққа ауысады – осы тармақтың 16) тармақшасына сәйкес шектеу шаралары енгізіледі. Өңір «қоңыр қызыл» аймақта кемінде 3 күн болған кезде карантиндік шараларды қатаңдату қабылданады. Күшейтілген карантиндік шаралар «қоңыр қызыл» аймақтан «қызыл» аймаққа көшкеннен кейін кемінде 7 күн сақталады. Карантиндік шараларды жеңілдету «қоңыр қызыл» аймақтан «қызыл» аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді;
13) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері:
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20.10.2021 жылғы № 47 Қаулысына сәйкес (24.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
«қызыл» және «қоныр қызыл» аймақтарда орналасқан өнірлерде - сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін;
«сары» аймақта орналасқан өнірлерде - сағат 01.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 03.00-ге дейін;
«жасыл» аймақта орналасқан өнірлерде - сағат 03.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 05.00-ге дейін мынадай жұмыс режимін белгіленуді қамтамасыз етсін.
Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинациялау; сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тестің болуы; КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) жұмыс істеуіне жол беріледі.
Осы тармақта көзделген«жасыл мәртебе» болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль және сувокзалдарына, өзен және теңіз порттарына, автостанцияларға/автомобиль өту жолдарына, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;
14) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған кезде  
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметінің өлшемшарттарына сәйкес қызметке рұқсат етуді, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) жұимыс режимі бойынша шектеусіз қызметіне рұқсат етуді қамтамасыз етсін.
15) «қоңыр қызыл» аймақтың өңірлерінде:
- орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы тармақшада көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, «Ashyq»-қа қатыспайтын, меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұруды;
- ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;
- мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), офистердің, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің 80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу нысанын сақтауды (вакцинацияланғандарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандарды және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда);
- Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) шешімі негізінде демалыс күнгі шектеу шараларын енгізуді қамтамасыз етсін;  
- «қоңыр қызыл» аймақтың өңірлерінде «Ashyq» жобасынан тыс: құрылыс жұмыстарын жүргізуге; өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне; байланыссыз қызметтерді көрсетуге (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызмет көрсету және т. б.), гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне; туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері және т. б.) қызметіне; қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметіне; әкімдіктердің, құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының, БАҚ, азық-түлік дүкендерінің, дәріханалардың және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарының қызметіне жол беріледі;  
16) ВАК шешімінің негізінде осы тармақтың осы тармақтың 15)  тармақшасына сәйкес «қоңыр қызыл» аймақта орналасқан өңірлермен агломерациядағы  өңірлерде қатаңдату жөнінде ұқсас шаралар қабылдауды;
17) жобаға қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды;
18) check-in бойынша талаптарды сақтамайтын объектілерді (аутсайдерлерді) «Ashyq» жобасынан шығаруды қамтамасыз етсін.
5. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері:
1) осы қаулыға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының және «Жасыл мәртебе» болған кезде Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының сақталуын бақылауды;  
2) «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды;
3) «жасыл», «сары» және «қоңыр қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қатысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдау құқығынсыз және осы қаулының 1-тармағында көзделмеген жаңа қатысушыларды жобаға енгізу құқығынсыз осы қаулыны басшылыққа алуды қамтамасыз етсін.
6. «Ashyq» жобасына қатысушылар:
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін;
2) өңір «қоңыр қызыл» аймақтан «қызыл» аймаққа, «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа ауысқан кезде осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтауды жалғастырсын;
3) осы қаулының талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін.
7. «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 қаулысының күші жойылды деп саналсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
9. Осы қаулы 2021 жылғы 24 қыркүйекте сағат 00-ден бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е. Қиясов
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы «24» қыркүйектегі
№ 44 қаулысына
1-қосымша
«Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі
1. Барлық жаңа қатысушылар үшін «Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдер InfoKazakhstan.kz электрондық платформасы және InfoKazakhstan-мен біріктірілген басқа да платформалық шешімдер (Аitu, Halyk Bank және басқалары) арқылы беріледі.  
2. InfoKazakhstan.kz сайты арқылы өтінім беру үшін субъекті (объекті):
1) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен InfoKazakhstan.kz басты бетіне кіруі және ЭЦҚ арқылы пайдаланушының деректерін толтыруы қажет;
2) авторизациядан кейін «Менің өтінімдерім» қосымша беті автоматты түрде ашылады, онда «Жаңадан өтінім беру» батырмасын басу қажет;
3) «Жаңа өтінім» қосымша бетіне кіре отырып, кәсіпкер өтінім нысанын толтырады және QR-код алуға сұрау жібереді. QR-код алу алдында «Білім базасын» жүктеуі (кіру кезінде орналастыру үшін инфографика, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулылары, Ashyq жобасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар және т. б.) және материалдармен танысуы қажет;
4) субъект (объект) рұқсат беру құжаттарының бар екенін және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайды. QR-код субъектіде мынадай рұқсат беру құжаттарының бірі болған кезде ғана беріледі:
- ашуға рұқсат/хабарлама (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама);
- қызметті қайта бастау бойынша санитариялық нормаларға сәйкестік актісі. Сәйкестік актісін алу тәртібі пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді;
5) QR-кодты алумен бір мезгілде бизнес субъектісі оның Ashyq жобасының қатысушыларына жататыны-жатпайтыны (осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жеңілдіктермен жұмыс істейді)  немесе ерікті қатысушы туралы хабарлама алады.  
3. QR-кодты алғаннан кейін пайдаланушының жеке кабинетінде «Күзетші режимін» (ЖСН немесе куәландырушы құжат бойынша келушінің мәртебесін тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарлама) алуға нұсқаулық көрінеді.
4. QR-кодты алғаннан кейін Ashyq жобасының қатысушысы тестілік режимде 1 апта жұмыс істейді.
5. Тестілік режимде 7 күн жұмыс істегеннен кейін «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпарат әкімдіктерге беріледі және бір күн ішінде әкімдіктің сайтында орналастырылады.
6. Жобаның ерікті қатысушылары туралы ақпарат әкімдіктердің сайтында да орналастырылады.
7. «Ashyq» жобасының ерікті қатысушыларына қатысты осы қаулыға 4-қосымшада көзделген жеңілдіктер қолданылмайды. Ерікті қатысушыларға:
1) қызметкерлердің (персоналдың) және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, COVID-19 таралуын барынша азайту үшін (меншік нысанына қарамастан) қызметіне рұқсат етілген;
2) оларға қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган немесе Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі қызметке қойылатын талаптар бар кез келген субъектілер (объектілер) жатқызылуы мүмкін.
8. Кәсіпкер «Ashyq» жобасының шарттарын сақтау және пайдаланушылық келісімнің шарттарын қабылдай отырып, шынайы деректерді ұсыну үшін өзінің жауапкершілігін түсінетіндігін растайды.
9. Кәсіпкер ұсынылған деректердің дұрыстығы үшін дербес жауапты болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың бар-жоғын тексеруді мониторингтік топ жүзеге асыруы мүмкін.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы «24» қыркүйектегі
№ 44 қаулысына
2-қосымша
«Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі
1. «Ashyq» жобасына енгізілген объектілерде кәсіпкерлік субъектісі келушілердің мәртебесін QR-код немесе ЖСН бойынша тексереді.
2. Кәсіпкерлік субъектісі объектіде «сары/қызыл» мәртебесі бар оқшаулануға жататын келушіні анықтаған кезде растайтын материалдарды («сары/қызыл» мәртебесі бар скриншот) ұсына отырып, мобильді байланыс, электрондық пошта, сондай-ақ басқа да қолжетімді тәсілдер арқылы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі – СЭБК АД) факті туралы хабарлайды/хабарлама береді.  
3. Жобаға қатысатын объектілерге келушілерді және жұмыскерлерді (персоналды) жіберу олардың мәртебесін айқындау үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, объектіге кіреберісте көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады:
– «жасыл» мәртебе: «қауіпсіз» – деректер базасында алынған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен; COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған; соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан; COVID-19-ға қарсы вакцинацияға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері туралы анықтамасы бар  адам ретінде белгіленген. Жүріп-тұруға шектеу жоқ;
– «көк» мәртебе: «бейтарап»  – ПТР тестілеу нәтижесі жоқ, базада COVID-19 жұқтырған немесе COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адам ретінде деректер жоқ; вакцинацияланбаған. ПТР-тестілеу нәтижелерінің болуы міндетті болып табылатын жерлерден, сондай-ақ «жасыл» мәртебе міндетті болып табылатын жерлерден басқа жерлерде жүріп-тұруға шектеу жоқ;
– «сары» мәртебе: «байланыста болған»  – деректер базасында COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адам ретінде көрсетілген. Жүріп-тұруға шектеу, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулаудың қатаң режимін сақтау болжанады;
– «қызыл» мәртебе: «инфекция жұқтырған»  – базада COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесімен тіркелген, «инфекция жұқтырған» - U 07.1 коды мәртебесі бар пациенттер. Жүріп-тұруды шектеу, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулану режимін қатаң сақтау болжанады.  
4. COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың аяқталмаған курсы бар адамдар үшін «жасыл» мәртебесі вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін 21 күн бойы сақталады. Күнтізбелік 21 күн өткеннен кейін вакцинациялаудың екінші курсы болмаған жағдайда «жасыл» мәртебесі «көкке» ауыстырылады.
COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың аяқталған курсы бар адамдар үшін «жасыл» мәртебесі 1 жыл бойы сақталады.
5. COVID-19-бен ауырған адамдарда «жасыл» мәртебесі сауыққаннан кейін соңғы 3 ай бойы сақталады.
6. «Сары»  мәртебесі бар (немесе байланыста болған) адамдар COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап күнтізбелік 14 күн өткен соң «көкке» ауыстырылады.
7. COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар адамдарда «қызыл/сары» мәртебесі оң нәтиже алған сәттен бастап немесе COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланысқан күннен бастап 14 күн өткенге дейін сақталады.
8. COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар адамдарда «қызыл/сары»  мәртебесі оң нәтиже алған сәттен бастап немесе COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланысқан күннен бастап 14 күн өткенге дейін сақталады.
9. COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар базада тіркелген адамдарда, U07.1 коды - «инфекция жұқтырған»  мәртебесі бар пациенттерде «қызыл» мәртебесі COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі алынған сәттен бастап 14 күн өткенге дейін сақталады. 14 күн өткеннен кейін бұл адамдар осы уақыт кезеңінде COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алуға қарамастан, соңғы 3 ай бойы сақталатын «жасыл» мәртебеге ауыстырылады.  
10. Келушіде смартфон болмаған жағдайда, оның келісімімен кәсіпкерлік объектісінің жұмыскері (персоналы) келушінің мәртебесін ЖСН бойынша тексереді.
11. Резидент еместердің мәртебесін тексеруді объектінің жұмыскері (персоналы) келушінің келісімімен паспорттың нөмірі бойынша жүзеге асырады.
12. Жобаға қатысатын объектілерге «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілер жіберілмейді.
13. «Ashyq» жобасына қатысушылар «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы»  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген Алгоритмдер талаптарының және осы қаулының сақталуын қамтамасыз етеді.
14. СЭБК АД-ы «ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерінде деректерді уақтылы өзектендіруді қамтамасыз етеді.
15. «Ashyq» әкімшісінің құқығы бар адам «қызыл» және «сары» мәртебесі бар келушілер бойынша есепті күнделікті жүктеп алудықамтамасыз етеді және СЭБК АД-ге жібереді.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20.10.2021 жылғы № 47 Қаулысына сәйкес (24.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
16. СЭБК АД-ы амбулаториялық-емханалық көмек ұйымымен және ішкі істер органдарымен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектісінен және/немесе Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен ақпарат алғаннан кейін оқшаулауға жататын жеке тұлғаның тұратын (орналасқан) жерін белгілейді.
17. СЭБК АД-ы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін «қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес оқшаулау режимін бұзу бөлігінде әкімшілік сипаттағы шаралар қолданады.
18. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 102-бабының 3-тармағына және 104-бабы 7-тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес «сары» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты тапсыру фактісін тіркей отырып, оқшаулау қажеттілігі талаптарымен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығарылады.
19. «Ashyq» жобасына қатысушылардың шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді бұзу белгілері анықталған жағдайда, іс-шараларды Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде лауазымды адамдардың іс-қимыл алгоритміне сәйкес мониторингтік топтар жүзеге асырады.
20. Келушілердің мәртебесіне қатысты даулы жағдайлар туындаған кезде 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет.
21. СЭБК АД-ның бұйрығымен кәсіпкерлік объектілерімен және «Ashyq» жобасымен жедел өзара іс-қимылды үйлестіруге және қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғалар тағайындалады.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы «24» қыркүйектегі
№ 44 қаулысына
3-қосымша
Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі
1. «Ashyq» жобасына қатысушыларды жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) (бұдан әрі – ЖАО) мынадай негіздердің біреуі немесе бірнешеуі бойынша жобадан алып тастайды:
1) мониторингтік топ объектісінде жобаға қатысуға қойылатын талаптарды бұзудың расталған фактілерінің анықталуы;
2) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) шешімі негізінде объект 2 апта ішінде келушілерді QR-код (check-in) бойынша 0-ден 20-ға дейін тіркеуді жүргізген жағдайда;
3) 2 апталық жүктеп алу  нәтижелері бойынша объектінің ВАК белгілеген check-in ең аз санын жүргізбеу фактісінің анықталуы;
4) рұқсат беру құжаттарының болмауы (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе мониторингтік топты тексеру қорытындылары бойынша анықталған эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама).
2. «Ashyq» жобасына қатысушы мониторингтік топ анықтаған қолданыстағы жұмыс алгоритмін бұзған кезде, сондай-ақ осы қосымшаның 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша, ЖАО:
- қатысушыны жобадан 1 апта мерзімге алып тастайды;
- қайта бұзушылық қатысушыны жобадан 2 апта мерзімге алып тастайды;
- үшінші бұзушылық кезінде қатысушыны жобадан 1 ай мерзімге алып тастайды.
3. ЖАО-ы жосықсыз қатысушылардың QR-кодты өшіруге арналған ресми тізімін InfoКazakhstan.kz.электрондық платформаға жібереді.  
  • 3
Қазақстан Республикасының
 Бас мемлекеттік
 санитариялық дәрігерінің
 2021 жылғы 24 қыркүйектегі
 № 44 қаулысына
 4-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20.10.2021 жылғы № 47 Қаулысына сәйкес (24.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
 «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары

Объектілер /салалар

****

Жасыл аймақ

Сары аймақ

Қызыл аймақ

1

2

3

4

5

  1.  

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)*

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай

Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

+

тәулік бойы

+

тәулік бойы

+

тәулік бойы

Жазғы алаңдар

+

+

+

Фуд-корт тар

толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай

толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай

толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай

Банкет зал дары**

(ас беруді өткізу үшін)

бір адамға кемінде 4 ш. м., 50%-дан асырмай толтырылған кезде

бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 50 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде

бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде

Банкет залдары**

(мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету)

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай

  1.  

Сауналар, моншалар

+

+

+

  1.  

СПА-орталықтар

+

+

+

  1.  

Бассейндер

+

+

+

  1.  

Спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда

+

+

+

  1.  

Мәдениет о бъект ілері ( дайындық )

100 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

5 0 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

  1.  

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар *

5 0%-дан асырмай толтыру

4 0%-дан асырмай толтыру

3 0%-дан асырмай толтыру

  1.  

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

+

75%-дан асырмай, бірақ 2 5 адамнан артық емес толтыр ыл ған кезде

75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтыр ыл ған кезде

  1.  

Облысаралық және обылысішілік тұрақты тасымалдар

+

+

+

  1.  

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

+

75%-дан асырмай, бірақ 2 5 адамнан артық емес толтыр ыл ған кезде

75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтыр ыл ған кезде

  1.  

Бильярд

50% -дан асырмай толтыру

50% - дан артық емес толтырылған кезде

30%-дан артық емес толтырылған кезде

  1.  

Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда

60% -дан асырмай толтыру

5 0%-дан артық емес толтырылған кезде.

Тек 1 2 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

30%-дан артық емес толтырылған кезде.

Тек 1 2 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

  1.  

Боулинг

50% -дан асырмай толтыру

5 0%-дан артық емес толтырылған кезде

30%-дан артық емес толтырылған кезде

  1. с

Караоке

50%-дан асырмай, бірақ 60 адамнан асырмай толтырған кезде

50%-дан асырмай, бірақ 5 0 адамнан асырмай толтырған кезде

50%-дан асырмай, бірақ 30 адамнан асырмай толтырған кезде

  1.  

Океанариум

Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)

Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)

Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)

  1.  

Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, кеңселер және басқалар)

жеңілдіксіз

жеңілдіксіз

жеңілдіксіз

  1.  

Лоте ре я клубтар және лотерея сататын өзге де орындары

бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

  1.  

Алаңы 1000 ш.м-ді дейінгіні қоса алғанда болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 70 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде


 

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

Алаңы 1000 ш.м-ден астам болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 120 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде


 

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 100 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

  1.  

Цирктер

50%-дан артық емес толтырылған кезде

40%-дан артық емес толтырылған кезде

30%-дан артық емес толтырылған кезде

  1.  

Отельдер, қонақ үйлер

+

+

+

  1.  

Әуежайлар

+

+

+

  1.  

Теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар, автомобиль өткізу жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері

+

+

+

  1.  

ХҚО

+

+

+

  1.  

Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері

+

+

+

  1.  

Базарлар (жабық)

+

+

+

  1.  

Балаларды сауықтыру ұйымдары

+

+

50%-дан артық емес толтырылған кезде

  1.  

Букмекерлік конторалар

бір адамға кемінде 4ш.м.,бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 4ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 4ш.м.,бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

  1.  

Cұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (жазылу бойынша)

+

+

алдын ала жазылу бойынша

  1.  

Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал)

+

+

+

  «+» - қызметіне рұқсат етілген; 
   « « - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен); 
  «-» - қызметіне тыйым салынған; 
  * -  толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.   
  ** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді. 
  *** - «қоңыр-қызыл» аймақ - тәуекел деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсек-орындармен  толтырылу көрсеткіші 70% - дан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам төсек-орынмен толтырылу көрсеткіші кезінде); 
  **** – тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде-жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес); 
  ***** - облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда сағат 9-00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен ХҚКО-ның кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі.»; 
  • 1
Қазақстан Республикасының
 Бас мемлекеттік санитариялық
 дәрігерінің
 2021 жылғы 24 қыркүйектегі
 № 44 қаулысына
 5-қосымша
5-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20.10.2021 жылғы № 47 Қаулысына сәйкес (24.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
 «Жасыл мәртебесі» болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің өлшемшарттары  

р/н

Объект ілер / сала

****

Жасыл аймақ

Сары аймақ

Қызыл аймақ

1

2

3

4

5

1.

Салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізу

50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай толтырған кезде


 

50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай толтырған кезде

50%-ға дейін,

бірақ 50 орыннан асырмай толтырған кезде


 

2.

Конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар

50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай толтырған кезде

50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай толтырған кезде

50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай толтырған кезде

3.

Көрмелер

толтырылуын 70%-дан асырмай, бірақ бір мезетте 500 келушіден асырмай

толтырылуын 70%-дан асырмай, бірақ бір мезетте 300 келушіден асырмай

толтырылуын 70%-дан асырмаған жағдайда, бір мезетте 200 келушіден асырмай

4.

Марафондар (ашық ауада)

1000 адамнан асырмай

800 адамнан асырмай

500 адамнан асырмай

5.

Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар

толтырылуын 8 0%-дан асырмай

толтырылуын

7 0%-дан асырмай

толтырылуын 5 0%-дан асырмай

6.

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар)

толтырылуын 5 0%-дан асырмай

толтырылуын 3 0%-дан асырмай

толтырылуын 2 0%-дан асырмай

7.

Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық ету)

толтырылуын 5 0%-дан асырмай

толтырылуын 3 0%-дан асырмай

толтырылуын 2 0%-дан асырмай

8.

Ойын клубтары (казино)

+

+

50 адамнан асырмай

9.

Түнгі клубтар

50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай толтырған кезде

50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай толтырған кезде

50%-ға дейін,

бірақ 50 орыннан асырмай толтырған кезде

Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы «24» қыркүйектегі
№ 44 қаулысына
6-қосымша
«Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру алгоритмі
1. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесі осы қосымшаға схемаға сәйкес «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары бойынша жобаға қатысушыларға беріледі.
2. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру үшін жобаға қатысушылардың тізімін ЖАО-ы қалыптастырады.  
3. ЦДИАӨМ-і ЖАО-ға жобаға қатысатын объектілерде (2 апталық кезеңде) QR-код (check-in) бойынша келушілерді тіркеу саны бойынша мәліметтерді (жүктеп алуды) ұсынуды қамтамасыз етеді.
4. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін жобаға қатысушыларға беру ВАК-тың шешімімен тізім бойынша бекітіледі. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесінің қолданылу ұзақтығы – 2 апта.
5. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушылардың тізімі әкімдіктің сайтында орналастырылады.
6. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушыға мынадай жеңілдіктер беріледі:
1) «қызыл» аймақтағы жобаға қатысушылар «сары» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;
2) «сары» аймақтағы жобаға қатысушылар «жасыл» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;
3) «жасыл» және «қоңыр қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қосымша  жұмыс режимі 2 сағатқа қосымша ұзартылады, сондай-ақ объектіні толтыру 10%-ға артады;
4) тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда, жұмыскерлердің (персоналдың) кемінде 90%-ы бірінші компонентпен вакцинациялау кезінде, объектінің толтырылуы 20%-ға артады.
6-қосымшаға схема
«Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары  

Объект ілер/салалар

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары


 

Облыстық орталықтар, облыстық маңызы бар қалалар

Аудандық орталықтар және басқа да елдімекендер

1.

Театр лар , филармони ялар , концерт зал дар ы, кинотеатр лар

2 аптаның ішінде 2 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 1 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу

2.

Караоке, компьютер лік клуб тар ,

лотере я клуб тары , букмекерлік конторалар, спорт тық кешендер ( іс-шаралар), саун алар , моншалар, бассейн дер , көрмелер , турист ік тасымалдар , океанариум, балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары, цирктер

2 аптаның ішінде 600 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 400 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 200 астам тіркелу

3.

Залдың ауданы 100 ш. м. дейін қоса алғанда қоғамдық тамақтану объектілері

2 аптаның ішінде 300 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 200 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 100 астам тіркелу

Залдың ауданы 500 ш. м. дейін қоса алғанда қоғамдық тамақтану объектілері

2 аптаның ішінде 600 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 400 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 200 астам тіркелу

Залдың ауданы 500 ш. м. артық қоғамдық тамақтану объектілері

2 аптаның ішінде 1200 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 900 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 600 астам тіркелу

4.

Бильярд клубтары, боулинг клубтары, СПА-орталықтары, дайындықтар, отельдер, қонақ үйлер, фитнес-орталықтары,

2 аптаның ішінде 1 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 150 астам тіркелу

5.

Сауда алаңы 500-ден 2 000 ш. м. дейінгі сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, базарлар


 

2 аптаның ішінде 2 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 1800 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 1 500 астам тіркелу

Сауда алаңы 2000-нан 5 000 ш. м. дейінгі сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, базарлар

2 аптаның ішінде 10 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 8 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 5 000 астам тіркелу

Сауда алаңы 5000 ш.м. артық сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, базарлар

2 аптаның ішінде 40 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 20 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 10 000 астам тіркелу

6.

Сауда алаңы 100 ш.м. кем азық-түлік емес сауда желілері және азық-түлік емес дүкендер


 

2 аптаның ішінде 300 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 200 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 100 астам тіркелу

Сауда алаңы 100 ш.м.-ден 500 ш.м. дейін азық-түлік емес сауда желілері және азық-түлік емес дүкендер


 

2 аптаның ішінде 600 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 400 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 200 астам тіркелу

Сауда алаңы 500 ш.м.артық азық-түлік емес сауда желілері және азық-түлік емес дүкендер

2 аптаның ішінде 900 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 600 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 400 астам тіркелу

7.

Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары

2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 300 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 200 астам тіркелу

8.

Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматологиялар (жазылу бойынша)

2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 300 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 200 астам тіркелу

9.

Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру және түзету орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері

2 аптаның ішінде 1 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 150 астам тіркелу

10.

Облысаралық, облысішілік тұрақты емес ( туристік ) тасымалдар

2 аптаның ішінде 1 000 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 500 астам тіркелу

2 аптаның ішінде 200 астам тіркелу

Ескертпе. «Қоңыр қызыл» аймақта жұмыс істейтін объектілер үшін тіркелу саны «минус 20%» есебінен белгіленеді.