Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 қазанда № 24908 болып тіркелді
Редакция 17.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету әдістемесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16493 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Стратегиялық талдау және даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.№
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр национальной экономики Республики Казахстан А. Иргалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 25 қазандағы № 93
Бұйрықпен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және түзету әдістемесін бекіту туралы
1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 14-тармағына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – МЖЖ) және Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының, астананың даму жоспарларын (бұдан әрі – МЖЖ құжаттары) әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету жөніндегі тәсілдерді ашады.
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) декомпозиция – мақсаттарды, көрсеткіштерді, міндеттер мен іс-шараларды МЖЖ-нің жоғары тұрған құжаттарынан МЖЖ-нің төмен тұрған құжаттарына бөлу немесе дәйекті көшіру процесі;
2) мақсат қою құжаттары – «Қазақстан – 2050» пайымы және Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы;
3) жоғары тұрған құжат – Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы (бұдан әрі – Ұлттық жоспар, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы);
4) төмен тұрған құжат – мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары;
5) жоспарлы кезең – МЖЖ тиісті құжаты әзірленетін кезең;
6) көрсеткіштер – түйінді индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштері;
7) түйінді ұлттық индикатор – Ұлттық жоспардағы даму басымдықтарының мақсаттарына қол жеткізуді сипаттайтын көрсеткіш;
8) түйінді индикатор – мақсаттың оған жетудегі немесе оның болмауындағы прогресс деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін сандық мәні;
9) нәтиже көрсеткіші – міндетті шешу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін санмен өлшенетін көрсеткіш;
10) әзірлеуші мемлекеттік орган – МЖЖ құжатын әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган;
11) бірлесіп орындаушы – МЖЖ құжаттарын әзірлеу және іске асыру бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын, өз өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері шегінде мақсаттарға, түйінді индикаторларға, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу олардың қызметтеріне байланысты болатын орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдар.
2-тарау. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің деректерін басқару
3. МЖЖ деректерін басқаруда деректерді басқару жөніндегі заңнамаға сәйкес деректерді айқындау, құру, жинау, жинақтау, сақтау, тарату, жою, қолдау, сондай-ақ олардың талдануы, сапасы, қолжетімділігі, қорғалуы, салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету көзделеді.
4. МЖЖ деректерін басқару МЖЖ құжаттарының деректерін мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесіне енгізу, енгізілетін деректерді қайта тексеру, оларды архивтеу және қатысушылардың МЖЖ-нің дәйекті деректерін бір рет беру және бірнеше рет пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында оларға қол жеткізуді ұсыну жолымен қамтамасыз етіледі.
5. МЖЖ деректерінің сапасын қамтамасыз ету және айқындау Қазақстан Республикасының деректерді басқару жөніндегі және мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің процестерін басқару
6. МЖЖ процестерін басқару – мемлекеттік органдардың құжаттарын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету процестері кезіндегі қызмет кешені.
7. Мемлекеттік органдар өз қызметін Мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесінде жүзеге асырады, оның деректері МЖЖ процестерін басқару кезінде негіз болып табылады.
1-параграф. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу процесі
8. МЖЖ құжаттарын әзірлеу процесі құжатқа бастама жасау, ағымдағы жағдайды талдау, модельдеу, даму сценарийлерін жобалау, пайымдауды қалыптастыру, басымдықтарды, мақсаттарды, түйінді индикаторларды, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштерін, оларға қол жеткізу жолдарын айқындау, ресурстық қамтамасыз ету, сондай-ақ коммуникацияларды құру, оның ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен оны жария талқылау, келісу, бекіту және жариялау кезеңдерінен тұрады.
9. Бастама жасау кезеңінде әзірлеуші мемлекеттік органдар мақсат қою құжаттарында және МЖЖ жоғары тұрған құжаттарында белгіленген міндеттерді шешу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша МЖЖ құжатын әзірлеу жөнінде ұсыныстар қалыптастырады.
10. Ағымдағы жағдайды талдау кезеңінде:
1) ішкі және сыртқы ортадағы процестер мен үдерістер;
2) елдің (белгілі бір саланың/қызмет аясының, тиісті аумақтың) дамуына әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар;
3) елдің (белгілі бір саланың/қызмет аясының, тиісті аумақтың) даму мүмкіндіктері мен ықтимал қауіптері;
4) елдің (белгілі бір саланың/қызмет аясының, тиісті аумақтың) одан әрі дамуы үшін шешілуі тиіс проблемалар анықталады.
11. Талдау жүргізу үшін елдегі (белгілі бір саладағы/қызмет аясындағы, тиісті аумақтағы) жағдай және ықтимал сыртқы тәуекелдер туралы қолжетімді ақпаратты жинау және құрылымдау жүзеге асырылады.
12. Талдауға арналған ақпарат көздері:
1) ресми статистикалық ақпарат, мемлекеттік органдардың әкімшілік деректері, ведомстволық статистикалық байқаулар;
2) сыртқы көздерден ақпарат;
3) семинарлар, атқарушы және заң шығарушы билік өкілдерімен, кәсіпкерлік субъектілерімен, ғылыми жұртшылық өкілдерімен тәуелсіз сарапшылармен сұхбаттар;
4) халық арасында, оның ішінде халықтың қалауын анықтау үшін интернет-технологияларды пайдалану арқылы пікіртерім (сауалнама) жүргізу;