«Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021 жылғы 25 қазандағы № 329 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қазанда № 24921 болып тіркелді
1. «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде:
1.5.-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1.5. Ұйымның қызметін құқықтық қамтамасыз ету және азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу»;
107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
мынадай мазмұндағы 243-1-тармақпен толықтырылсын:
616-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
898-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1006-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
министрдің міндетін атқарушы Е. Еркинбаев
«КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық Ауыл шаруашылығы даму министрлігі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президентінің Іс Басқармасы
«КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің Сауда және интеграция атқарылуын бақылау жөніндегі министрлігі есеп комитеті
«КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар Ішкі істер министрлігі және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Экология, геология және Энергетика министрлігі табиғи ресурстар министрлігі