Toggle Dropdown
Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.01.2022 жылғы № 2 Қаулысына сәйкес
Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізу» әдістемелік ұсынымдары (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес коронавирустық инфекцияның (СOVID-19) профилактикасы бойынша вакциналарды сақтау және тасымалдау регламенті (бұдан әрі – Регламент) бекітілсін.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.07.2021 жылғы № 30 Қаулысына сәйкес (11.06.2021 ж. редакцияны қараңыз) 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.09.2021 жылғы № 41 Қаулысына сәйкес (12.08.2021 ж. редакцияны қараңыз) 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 06.10.2021 жылғы № 45 Қаулысына сәйкес (03.09.2021 ж. редакцияны қараңыз) 3-тармақ күшін жойды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 26.10.2021 жылғы № 48 Қаулысымен (06.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)
4. Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері осы қаулының 3-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне рұқсат етсін.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшылары облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшыларымен бірлесіп:
1) Әдістемелік ұсынымдарды және Регламентті коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізуге жауапты денсаулық сақтау ұйымдарына жұмыста басшылық алу үшін жіберуді;
2) коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде медицина қызметкерлерін оқытуды жүргізуді қамтамасыз етсін.
6. Тиісті аумақтың, көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, төтенше жағдайлар органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы ведомствосының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
7. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
9. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігеріЕ. Қиясов
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізу» уақытша әдістемелік ұсынымдары
1. Жалпы ережелер
1. Осы«Қазақстан Республикасында халықтыкоронавирустық инфекцияға қарсывакцинациялауды жүргізу»әдістемелік ұсынымдары (бұдан әрі –Әдістемелікұсынымдар) коронавирустық инфекцияға(бұдан әрі – КВИ) қарсы вакцинациялаудыжүргізу тәртібін айқындайды.
2. КВИ-ғақарсы вакцинациялауға коронавирустықинфекцияны жұқтыру қаупі жоғары адамдар,сондай-ақ осы инфекцияға қарсыпрофилактикалық егуді алуға ниетбілдіргенадамдардың барлығыжатады.
КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жататын контингент және оларды вакцинациялаудың басымдылығы КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайға және КВИ-ға қарсы вакциналар көлемінің жеткізілуіне байланысты жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қалауы бойынша қайта қаралады.
3. «Профилактикалық егулерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-146/2020 бұйрығына (бұдан әрі - 21.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-146/2020 бұйрығы) сәйкес профилактикалық егулерге тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жатпайды.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14.07.2021 жылғы № 32 Қаулысына сәйкес (01.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
КВИ-ға қарсы вакцинациялауға тұрақты/уақытша медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы туралы анықтаманы жұмыс орнына көрсету үшін (қажет болған жағдайда) учаскелік дәрігер (ол болмаған жағдайда фельдшер) береді. Бұл ретте диагнозы пациенттің келісуі бойынша көрсетіледі.
Жітіинфекциялық және инфекциялық емесаурулар екпелерді жүргізу үшін уақытшақарсы көрсетілімдер болып табылады.Вакцинация сауыққаннан немесе ремиссияданкейін 2-4 аптадан кейін жүргізіледі.Жіті ішек ауруларында вакцинацияденсаулық жағдайы қалыпқа келгенненкейін жүргізіледі.
КВИ-ғақарсы белсенділігі жойылған вакциналармен(Hayat-Vax, QazVac, КоронаВак және басқалары)және векторлық вакцинамен (СпутникV)екпе алған адамдар қан мен оныңкомпоненттерінің донорлығынан 2 аптағашеттетіледі.Тірі вакциналарды пайдаланған кездеегілген адамдар қан мен оныңкомпоненттерінің донорлығынан 4 аптамерзімге шеттетіледі.
КВИ-діңжіті және сипмтомжоқтүрі бар адамдар КВИ-ға қарсывакцинациялауға жатпайды.
КВИ-дықоса алғанда, инфекциялық ауруменауыратын науқаспен байланыста болғанадамдар карантин мерзімі аяқталғаннанкейін егіледі. Бұл ретте, КВИ-мен ауыратыннауқаспен өзінің кәсіби қызметініңтүрі бойынша жеке қорғанышқұралдарында байланыста болатынмедицина қызметкерлері жатпайды.
Вакцинациялауалдында КВИ-ға қарсы антиденелердіңболуына скрининг (ИФТ және ПТР-зерттеу)жүргізілмейді.
КВИ-діңкез келген түрімен ауырып жазылғанадамдарды сауыққаннан кейін жәневакцинациялау алдындағы жай-күйінбағалауды ескере отырып, 6 айдан соңвакцинациялаудың толық курсымен егуұсынылады. Бұл ретте КВИ-мен ауырғандарғасауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцинацияжүргізуге жол беріледі.
Халықтывакцинациялау аумақтық медициналықұйымдардың егу пункттерінде, арнайыконтингентті вакцинациялау-тиістіведомствоның қызмет орны бойыншажүргізіледі. Халық үшін вакцинациялаудыңқолжетімділігін арттыру және егупроцесін жеңілдету мақсатында жылжымалыегу пункттерін немесе көшпелі егубригадаларын ұйымдастыруға жол беріледі.
Мүгедектерқатарындағы мүмкіндігі шектеуліадамдарды вакцинациялау үшін КВИ-ғақарсы вакцинациялауды үйге барыпжүргізу ұйымдастырылады.
Иммундауғажататын адамдардың санына сәйкес егубригадаларының, медицина қызметкерлерінің,оның ішінде иммунологтардың, жалпыпрактика дәрігерлерінің, терапевтердің,орта медицина персоналының, медициналықбілімі бар тіркеушілердің қажеттісаны, вакцинаның, басқа да шығысматериалдарының, тоңазыту жабдығының,автокөліктің саны есептеледі.
Егубригадасы әрбір егу пунктінде 1 бригадаға300 екпеденаспайтынкүнделікті жүктемені ескере отырыпқалыптастырылады.
Бұл ретте, 1 егу бригадасының құрамына: 1 дәрігер, 1 егу мейіргеріжәне қажет болған жағдайда 1 тіркеуші кіреді. Ауылдық жерлерде құрамында: 1 фельдшер (дәрігер болмаған жағдайда), 1 егу мейіргері, қажет болған жағдайда 1 тіркеушіден егу бригадасын ұйымдастыруға жол беріледі.
Иммундаудыдайындау және жүргізу жөніндегііс-шараларды жедел жоспарлау жәнеүйлестіру үшін облыстық, қалалық жәнеаудандық штабтар құрылады.
Денсаулықсақтау басқармасы мен өңірлердіңсанитариялық-эпидемиологиялық бақылаудепартаменті облыс орталығының жауаптымамандарының ішінен әрбір аудан, қалабойынша иммундауды дайындау жәнежүргізу жөніндегі іс-шараларды бағалайтынжәне үйлестіретін кураторлардытағайындайды.
Жүргізілгенвакцинацияны белгіленген есепке алунысандарында (КВИ-ға қарсы профилактикалықегулерді есепке алудың жеке журналы,КМАЖ,ҚРДСМ ХТТ «Вакцинация» модулі (бұдан әрі– Модуль))вакцинация жүргізілген күнді, екпелердіңтүрін (I немесе II компонент), препаратөндіретін кәсіпорынды, серия нөмірін,вакцинаға реакцияны көрсете отырыптіркейді.
Медициналықұйымдар модульге егілген адамның жекебасын куәландыратын құжатқа сәйкесегілген адам туралы Жеке деректерді,вакцинаны медициналық қолдану жөніндегінұсқаулыққа сәйкес пайдаланылғанвакцина туралы деректерді енгізеді.
КВИ-ғақарсы вакцинация жүргізуге тартылғанмедициналық ұйымдар ҚазақстанРеспубликасының азаматтарына жәнешетел азаматтарына КВИ-ға қарсыжүргізілген вакцинация туралы анықтаманыталап ету бойынша қағаз тасымалдағыштаосы әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшаның нысанына сәйкес береді.
Медицинақызметкері осы Әдістемелікұсынымдарға 1-қосымшаның нысанынасәйкес қағаз тасығыштағыКВИ-ға қарсы вакцинациялау туралыанықтамада КВИ-ға қарсы вакцинациялаудыңтолық курсының өткізілген рәсімінөзінің қолымен куәландырады жәнемедициналық ұйымның мөрімен куәландырады.
Вакцинацияжүргізу барысында медициналық ұйымдар,көшпелі/жылжымалы егу бригадаларыжүргізілген егулер, бас тартулар,медициналық қарсыкөрсетілімжәне вакцинаны пайдалану туралы Модульгекүн сайын енгізеді.
«Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Модуль деректерінің негізінде Комитетке өңірлер бөлінісінде жиынтық ақпаратты осы Әдістемелік ұсынымдарға 2-қосымшаға сәйкес күн сайын келесі күні сағат 7.00-ге дейін ұсынады.
2. Иммундау жүргізудің қауіпсіздігі
КВИ-ғақарсы профилактикалық егулерді жүргізугеарналған егу кабинеті ҚазақстанРеспубликасы Денсаулық сақтау министрініңміндетін атқарушының 2018 жылғы 13маусымдағы № 361 бұйрығымен бекітілген«Халыққа профилактикалық егуді жүргізубойынша санитариялық-эпидемиологиялықталаптар» санитариялық қағидаларына(бұдан әрі -13.06.2018 жылғы № 361 бұйрық)сәйкес жарақтандырылуы тиіс. Бұл реттешокқа қарсы терапия құралдарыныңтолықтығын және жарамдылық мерзімдерініңсақталуын қамтамасыз ету қажет.
КВИжәне респираторлық инфекциялар бойыншаэпидемиологиялық қолайсыз кезеңдеемханаға кіру кезінде:
1) байланыссыз термометрияны қамтамасыз ете отырып және КВИ ауруын жоққа шығармайтын симптомдардың болуына сұрау жүргізе отырып, сүзгі орнату;
2) келушілердің қолдарын өңдеуге арналған санитайзерлер орнату;
3) адамдар профилактикалық егулер алу мақсатында медициналық мекемеге барған кезде медициналық маскаларында болуы тиіс;
4) медициналық ұйымдарға келушілер арасында кемінде 1,5 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау;
5) ауру белгілері бар адамдар анықталған жағдайда олар үшін маскалар беруді және күту мен дәрігердің қарап-тексеруі үшін жеке үй-жай көздеу; аталған пациенттер қызмет көрсету кезінде басымдыққа ие болуы тиіс.