• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 15.03.2022 г

Отправить по почте

2

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 30 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 15 наурыздан бастап ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14.03.2022 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – КВИ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСД №28 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Мажарстан, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы және Молдова Республикасы азаматтарының вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын.»;
3. ҚР БМСД № 28 қаулысына 1-қосымшада мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«6) вакцинациядан кейінгі ауыр асқынулар (анафилактикалық шок, ауыр жайылған аллергиялық реакциялар, құрысу синдромы, 40°С-тан жоғары температура);»;
1) вакцинаның қандай да бір компонентіне (белсенді заттарға, қосымша заттарға) аллергия немесе осы вакцинаны алдыңғы енгізуге аллергиялық реакциялар;
2) ауыр созылмалы аурулар немесе анамнездегі аса жоғары сезімталдық;
3) жоғары температура немесе вакцинаны бұлшықет ішіне енгізген кезде пайда болуы мүмкін қан кету тәуекеліне байланысты аурудың жіті фазасы;
«КВИ-ға қарсы вакцинациялауды жүргізу нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарында және тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтарында осы Әдістемелік ұсынымдарға 5-қосымшадағы нысанға сәйкес«eGov mobile» мобильдік қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде электрондық «Вакцинация паспорты» қалыптастырылады.».
4. ҚР БМСД № 28 қаулысына 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігеріЕ. Қиясов
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы «01» шілдедегі
№ 30 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы «01» шілдедегі
№ 30 қаулысына
2-қосымша
 Мажарстанның КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
 Таиландтың КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
 Моңғолияның КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
 Грузияның КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
 Қырғыз Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
 Молдова Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі