• Мое избранное
«Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 22.09.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 767 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2023 жылғы 22 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 04.09.2023 жылғы № 765 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер;»;
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин